Жаңа әкімдерге – жаңа тапсырмалар

    Жаңа әкімдерге – жаңа тапсырмалар

    Жуырда Әйтеке би, Хромтау аудандарының әкімдері тағайындалды. Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкімдеріне тапсырмалар берді, деп хабарлайды “Ақтөбе ақпарат” орталығы.

    Ауылда стадион салынады
    Әйтеке би ауданы экономикалық, әлеуметтік жағынан көрсетікштері жақсы, алдыңғы қатарлы аудандарының бірі екендігін атап өтті облыс басшысы. Аймақта халықтың негізгі мәселелері өз шешімін табуда. Атап айтсақ, әлеуметтік нысандар салынып, жөндеуден өткізілуде. Келер жылы аудан орталығында дене шынықтыру кешені салынады. Ал Қарабұтақ ауылында “Ақтөбе” футбол клубының филиалы ашылды. Мұндай футбол клубының филиалы барлық аудандарында жұмыс жасауда. Сондай-ақ, бюджеттен бөлінетін 100 млн теңгеге ауылдан жаңа стадион салынатын болады. Биыл өңірге тұрақтандырылған су жүйесі, көгілдір отын жеткізілді.
    Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкімі Мәлімбет Ибрашовқа бірқатар тапсырмалар берді.
    - Ең алдымен егістік алқаптарын көбейтіп, мал шаруашылығын дамыту қажет. Пайдаланылмай тұрған жерлер қайтарылуы тиіс. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетіліп отырған қолдауларды тиімді пайдалану маңызды. Дәстүрлі емес шаруашылықтар ешкі, қоян, бөдене, ара шаруашылықтарын дамытуды да қолға алу керек. Әйтеке би өңірінің тағы бір экономикасына өркендеуіне ықпалын тигізетін ол – жол бойындағы сервистің дамуы. Аудан бойынан темір жол, бірнеше бағыттағы тасжолда кемпингттер салыну тиіс. Сол салынған стансаларды жергілікті ауыл шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз ету қажет,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Аймақ басшысы халықтың тұрмыстық жағдайына да тоқталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру керектігін айтты. Осы күнге жеткізген ардагерлер мен зейнеткерлердің еңбектері де ескерілу қажет. Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер мен зейнеткерлер де барлығы шара аясында толық қамтылуы керектігін де айтып өтті.

    Үлкен орталыққа айналатын жоба
    Ауданның өндірістік саласы мен инвестиция тарту бойынша көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда төмен. Осы бағыт аясында жұмыс істеу қажеттігін ескертті.
    Сонымен қатар, аймақ басшысы “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” халықаралық жол дәлізінің бойындағы Қарабұтақ селосында орналасқан “Маяк” кемпингінде болды. Кемпинг құрылысы 2016 жылдың мамыр айында басталған. Жоба 2 кезең бойынша іске асатын болады. Жалпы жоба құны – 400 млн теңге. 50 орындық асхана, 20 орындық қонақ үй қызметі, ТҚС, ірі және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, азық-түлік дүкені бо-йынша қызмет көрсететін орталық 20 адамды жұмыспен қамтымақ.
    - Облыста жол бойындағы сервисті дамыту бойынша бірқатар нысандар салынуда. Әйтеке би ауданының аумағынан бірнеше бағыттағы жолдар орналасқан. Бұл жақсы жоба. Келер жылы бұл жер үлкен орталыққа айналады. Басқа да қызметтер көрсету жағын ойлас-тыру қажет. Біз қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді Бердібек Сапарбаев.

    Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек
    Хромтау ауданына барған облыс басшысы тұрғындарға жаңа әкімді таныстырды. Аманғали Бердалин 2013 жылдан бері – Әйтеке би ауданының әкімі. Ал осы күнге дейін Хромтау ауданын басқарып келген Аязбай Османғалиев облыстық жол қатынастары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
    Облыс әкімі өз сөзін жиналған актив құрамына Тәуелсіздіктің 25 жылдығын үлкен жетістіктермен қарсы алуымыз қажет деп бастады. Облыстың жалпы көрсеткіштерін де ортаға салып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Соның ішінде Хромтау ауданының эконимикалық , әлеуметтік жағдайын айтып өтті.
    - Өндіріс саласында қарқынды жұмыс атқарылуда. Дегенмен ауыл шаруашылығының нәтижесі төмен. Егістік және суармалы алқаптарды дамыту, мал шаруашылығы – облыс үшін маңызды. Мал басын көбейтумен қатар, бордақылау алаңдарын да салу қажет. Өзімізді толық ет, сүт өнімдерімізбен қамтуымыз керек. Импортты төмендету де аудан үшін өте маңызды. “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” сынды мемлекеттік бағдарламалар дұрыс орындалмайды. Осының орындалуы үшін жұмыс жасауымыз қажет. Сонда ғана жақсы көрсеткіштерге жетеді, - деді облыс басшысы.

    Сонымен қатар жер беру мәселесі де қозғалды. Хромтау ауданында жерге кезекте тұрғандар саны – 4336. Барлық инфроқұрылымды өткізу мәселелерін шешіп, тұрғындарға жер беруді тездету керектігі айтылды.
    Аймақ басшысы жиынға қатысқан актив құрамына, жергілікті зиялы қауым өкілдеріне тағайындалған жаңа әкімдерді қолдап, бірге тығыз жұмыс жасау керектігін айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • АУДАНДАРҒА ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
  • Бердібек Сапарбаев: Құрттан да пайда табуға болады
  • Облыста 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған
  • Пікір

    ^ Үстіге