Ауылдық өнімдер зауытқа тапсырылады

    Ауылдық өнімдер зауытқа  тапсырылады

    Ақтөбе облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын талқылаған кеңес өткізді. Ауыл шаруашылығы министрі сүт зауыттарын қалай және қашан 100 пайызға жұмыс жасатуға болатынын айтты.

    Асқар Мырзахметов жұмыс сапары аясында “АЙС-плюс” сүт зауытына барды. Қала түгілі, облыс тұрғындарын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған зауыт қазір 50 пайыз ғана жұмыс жасап тұр. Өткен жылы Германиядан жаңа техника сатып алған сүт зауытының өнімдері енді тұтынушылар үшін тез жететін болды.
    - “АЙС-плюс” сүт компаниясы 2000 жылы Ақтөбе қалалық сүт зауыты базасында құрылды. Тек былтыр ғана толықтай модернизация жасақтадық, дайын өніміміз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, және Атырау облыстарына тарайды. Биыл қазан айынан бастап Ресейге экспорттауды бастадық. Зауытқа негізінен өзіміздің сүт фермамыз шикізат жеткізеді, сондай-ақ облыс аумағынан шаруа қожалықтары әкеледі. Әсіресе, Мәртөк, Қарғалы және Алға аудандарынан сүт келеді,- дейді “АЙС-плюс” сүт компаниясының директоры Қуаныш Ищанов.
    Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың өнімін алу туралы жаңа бағдарлама шығарған. Ауылдық шаруалардан ет, сүт өнімдерін алып, зауытқа тапсыратын кооперативтер құрылмақ.
    - Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын шаруа қожалықтарына баса мән береміз. Олардан алынған шикізат, яғни ет, сүт өнімдері зауыттардың толыққанды жұмыс жасауына жұмсалмақ. Ет, сүт өнімдері ірі зауыттарға жету үшін шағын шаруалар ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігу керек,- деді Асқар Мырзахметов.

    Ал “АЙС-плюс” сүт компаниясының директоры Қуаныш Ищановтың айтуынша, мұндай кооперативтер сүт зауыттарының маңыздылығын арттырады.
    - Сүт қабылдайтын нүктелер ашылса ол барлығына пайдалы. Халық та тексерілген, сапалы, қауіпсіз өнімді пайдаланар еді. Жан-жақтан шашырамай, бір жерге жиналған өнімнің сапасы да, пайдасы да мол болады. Сүт зауыттарын 100 пайыз жұмыс жасату үшін шикізат керек-ақ. Қазір біздің зауыттың шикізатының 50 пайызы шаруа қожалықтарынан келеді, қалған елу пайызы өзіміздің фермадан алынады. Шаруалардың сапасыз сүт әкелген кездері болды. Сүттерінің сапасын тексеретін арнайы техникалары болған жоқ. Ауыл шаруашылық кооперативтері бағдарламасы аясында біз за-уытымызды 80 пайызға жұмыс жасатқымыз келеді. Сүт таситын арнайы транспортымыз болады. Бұл жеке шаруаларға да, бізге де көп көмек болар еді,- дейді ол.
    Қуаныш Ищановтың айтуынша, “ҚазАгро” фонды арқылы несие алынады екен. Сүт қабылдайтын нүктелер үшін ауыл шаруашылық министрлігі субсидиялар бөледі. Осындай кооперативтермен келісімшартқа отырып, тапсырылған сүттің әр литріне 20 теңгеден министрлік төлейтін болады.
    Биыл қазан айынан бастап «Айс-плюс» сүт компаниясы Ресейдің Саратов қаласына өнім экспорттай бастады.
    - Айына 30 тоннадай өнім жібереміз. Біздің өнімдер үлкен сұранысқа ие. Ресейліктерге әсіресе, біздің йогурттар мен био-йогурттарымыз қатты ұнап жатыр. Тапсырыстар көптеп түсуде,- дейді сүт компаниясының директоры.
    Жыл соңына дейін сүт өнімдерінің бағасы өзгермейді деп атап айтты Қуаныш Ищанов.

    ҚЫРЫҚТАН АСА ӨНІМ ҰСЫНАДЫ
    “АЙС-плюс” сүт компаниясы сүт өнімдерінің 40-тан аса түрін ұсынады.
    - Жақында био-йогурт шығардық. Балалар тағамына арналған мәскеулік институт ғалымдарымен бірігіп отырып, йод қосылған өнім жасадық. Өздеріңізге белгілі, біздің өңірде йод тапшылығы бар. Балалар арасында да, ересектер арасында да йод тапшылығы жоғары. Біз шығарған өнімімізге йод қосамыз. Био-йогуртты ішкен адам йод жетіспеушілігінің тәуліктік нормасын толтырады. Ағзасын йод элементімен байытады. Алдағы жылдан бастап балалар тағамдарын жасамақ ойымыз бар. Балалар ішетін сүттер, түрлі жеміс-жидектер қосылған сүт тағамдары мен айрандар шығарамыз. Зауытқа келетін шикізат көбейсе, 80-ге жуық сүт тағамдарын шығарғымыз келеді,- деді Қуаныш Ищанов.

    Облыстың ауыл шаруашылық өнімі артқан
    Ақтөбе облысына сапары кезінде ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов Алға ауданына барып, “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” аясында құрылған шағын мал бордақылау алаңдарын аралады. Атап айтқанда, “АкТеп” ЖШС мал бордақылау алаңы мен “Ақтөбе ет кластері” ЖШС ет комбинатында болды.
    Соңғы тоғыз айда Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өткен жылмен салыстырғанда 132,4 млрд теңге болып, 106,2 пайызды құрады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін көбейту бойынша тиімді шаралар қолданылуда. Жыл басында ауыл шаруашылығы министрі мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдері және “Inalca Eurasia”-сында мал шаруашылығы бойынша инвестициялық құны 100 млн еуроны құрайтын өңір аралық кооперацияны құру жөнінде меморандумға қол қойылды.

    Шағын ферма ашу қиын шаруа емес
    Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту және ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында “Ауылды жұмыспен қамту” пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үшін мал сатып алуға берілетін несие құны 3-6 млн теңге. Тұрақты жұмыс орындарын құруға, жеке қосалқы шаруашылық базасында отбасылық бизнесті дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асады. Соңғы мәліметтер бойынша, пилоттық жобаның мүмкіндігін 550 ауыл тұрғыны пайдаланып үлгерген. Оларға шағын ферма ашу үшін 1,3 млрд теңгеден астам қаржы берілді. Ал жобаның жалпы қоры – 2,5 млрд теңге.
    Ақтөбеде ауыл шаруашылықтың жаңа түрлері пайда бола бастады
    Қазір Ақтөбе облысында мал шаруашылығы мен егіннен бөлек, бал өндіретін, қоян, ешкі, бөдене өсіретін шағын фермалар пайда бола бастады.
    Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:
    - Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасында шағын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне баса мән беріп отырмыз. Олардың өндірген шикізаттары сол маңдағы кәсіпорындардың қуатын толық жүктеуге мүмкіндік береді. Яғни, қазіргі таңда кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс жасай алмай тұр. Ал қолда бар өнімдер қандай да бір кедергісіз ірі кәсіпорындарға толымды түрде жеткізілуі үшін жеке қосалқы шаруашылықтар бас құрап, ауыл шаруашылығы кооперацияларына бірігуі керек,- деді ауыл шаруашылық министрі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қазақстан-Нидерланд: ынтымақ береке бастауы
  • Ауылда тұратын отыз шақты адам кәсіпкер атанбақ
  • Алғада бордақыланған мал еті танымал брендке айналуы тиіс
  • Ауыл кәсіпкерлеріне 6 млн теңге несие берілетін болды
  • Өткен сенбі “Табыста” 11 тонна ет сатылды
  • Пікір

    ^ Үстіге