2017 жылы барлық әлеуметтік төлемдер өседі

    2017 жылдың 1 шілдесінен бастап баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға артады. Қазақстандағы базалық зейнетақы мөлшері 12 802 теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі отырыс барысында мәлімдеді.

    Вице-министрдің айтуынша, барлық әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 7%-ға артады. Бұдан өзге, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күнкөріс минимумының мөлшерін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа шарттарына келтіру мақсатында әлеуметтік даму тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспарланған.
    - Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішін есептеу әдісін қайта қарау қарастырылып жатыр, ол бірінші кезеңде көрсеткішті азық-түліктік және азық-түліктік емес тұрғыдағы ара салмақты өзгерту арқылы күнкөріс минимумының құрылымын өзгертуді көздейді. Аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Бұл базалық зейнетақы, қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлемдері және басқалары ол 2018 жылға — 63 млрд теңге, 2019 жылы — 88 млрд теңге, — деп түсіндірді Біржан Нұрымбаетов.

    САУАЛНАМА
    Келер жылдан қандай жақсы жаңалық күтесіз?

    Мади, қызметкер:
    - Барша ақтөбеліктерді жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын! Өтіп бара жатқан жыл ақтөбеліктер үшін оңай болған жоқ. Жүрегімізге қайғы салып кеткен жыл болды. Алдағы 2017 жылы мұндай жағдай болмасын, басымыз аман, бауырымыз бүтін, тату-тәтті болайық!

    Нұрлан, Қандығаш қаласының тұрғыны:
    - Ескі Жылдың қайғы-мұңын,өкпе – наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген Жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады. Жерлестер, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа Жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

    Қуандық, зейнеткер:
    - Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, мен ақтөбеліктерге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілеймін. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа Жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік! Өткен жылды өзіне тән жақсылығы да болды. Бірақ қайғылы оқиғалар басымырақ болды. Сол себептен, алдағы жылы басымызға амандық тілеймін. Балалар жетім, аналар жесір болмасын!

    Таисия Николаевна, зейнеткер:
    - Жаңа 2017 жылы ақтөбеліктерге тек қана амандық тілеймін! Зейнеткерлердің зейнетақысы өсіп, төрт құбыламыз түгел болсын! Жаңа Жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл Жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

    Гүлжан, қала тұрғыны:
    - Ақтөбеліктердің әлеуметтік жағдайы жақсарсын! Бәріміздің баспанамыз, жұмысымыз бен денсаулығымыз жақсы болсын! Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа Жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер Жылда ақтөбеліктердің отбасына құт-береке, қызметтеріне өрлеу тілеймін. Жерлестеріміздің денсаулықтары күйлі-қуатты, бақыттары баянды, көңіл-күйлері тамаша болсын. Алдағы Жыл тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

    Исмайыл, студент:
    - Биыл Ақтөбе үшін қайғылы жыл болды. Алдағы 2017 жылы мұндай жағдай болмасын, барлығымыз тек қана бақытты да бейбіт өмір сүрейік деген тілегімді білдіргім келеді. Ақтөбеліктер табысты болсын! Шаңырақтары шаттыққа толсын! Барлық жақсылық атаулы Ақтөбеміздің табалдырығына тұрақтасын!

    Бақытжан Әлиев, зейнеткер:
    - Үлкен адамдармыз ғой, тілегіміз бен батамыз оңынан келіп, Құдай тілеулеріңді берсін! Ақтөбеліктерге ақжарма тілегім: төрт құбылаларың түгел, жандарың тыныш болсын! Жақтарың түспей жамандық көрмеңдер, айналайындар!

    Мерейлім Мақсатова, 11 жастағы оқушы:
    - 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойладық. Туған жеріміз үшін өте елеулі жыл болды. Ақтөбеліктерге жаңа жыл құтты болсын! Шаңырақтарыңыз сәбидің күлкісіне, бақытқа толсын! Жаңа жыл мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін! Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін дегім келеді.

    Гүлнұр, студент:
    - Құрметті ақтөбеліктер! Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2017 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

    Орынбасар, қала тұрғыны:
    - Жаңа тауық жылы барлығымызға құтты жыл болсын! Негізі қазақ тауық жылына секеммен қарайды ғой. Бірақ біз қашанда болашаққа үмітпен, ақ тілекпен жетеміз. Барлық ақтөбеліктерге баянды бақыт, отбасылық жылулық, денсаулық тілеймін. Бастысы тұрақтылық орнасын! Дәулетіміз асып-тасымаса да, өзімізге жетіп, балаларымыз аман болсын деген тілегімді жеткізгім келеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ақтөбе City” – қаланың жаңа келбеті
  • Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі
  • Жаңа жылдан бастап жалақы, әлеуметтік жәрдемақы мен шәкіртақы 30 пайызға өседі - Назарбаев
  • Жаңа әкім – жаңа міндет
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге