Мәжіліс депутаты студенттерге жоғары жалақы туралы армандамауға кеңес берді

    Мәжіліс депутаты Владимир Божко өзінің мансабын слесарь-сантехник боп бастағанын айтты. Сондай-ақ, ол студенттерге пайдалы кеңестерін ұсынды

    11 қаңтар күні Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Парламент депутаттары ақтөбелік студенттермен кездесті. Жас-тар мәжіліс депутаттарына сұрақтарды оқша жаудырды. Олар полицейлердің таяқшасы мен Президенттің амнистиясы туралы мәселені қозғады. Сонысымен олар қоғамда болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар екендерін көрсетті.

    Қазақ тілінде оқулықтар аз
    Техникалық факультеттің 2-ші курсында оқитын Ерхан Мырзагулов барша қазақтілді студенттерді мазалайтын мәселені көтерді. Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында, колледждерде қазақша кітаптар жетіспейді. Әсіресе, бұл мұқтаждық техникалық факультеттерде қатты сезіледі.

    Мұны Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры қызметінің міндетін атқарушы Бибігүл Әбенова да растады.
    - Бұл проблема барша қазақстандық жоғары оқу орындарына қатысты. Жалпы кітап саны университетте жетеді. Бірақ қазақтілді кітаптардың аздығын мойындаймыз, - дейді ол.
    Ал депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов 90-жылдары бұл мәселе, тіпті қиын болғанын айтты.
    - Бұл мәселе үкіметте қаралып жатыр. Ұсыныңыз өте орынды. Қазақ тілінде оқулық жетіспейтіндігі – шындық. Мұны біз білеміз, Елбасы да, үкімет те біледі. 90-жылдары бұл жағдай қазірден гөрі әлде-қайда қиын болды, - дейді мәжіліс депутаты.
    Депутат Абай Тасболатовтың айтуынша, бұл мәселеге оқу орындардың өздері жайбарақат қарамауы керек. Ол 90-жылдары әскери академияда әскери кітаптардың қалай аударғандығын есіне түсірді. Ол өзін алғашқы әскери дайындық кітабының авторы екенін де айтты.

    Қазіргі депутат – бұрынғы слесарь-сантехник
    Студенттер жұмыс мәселесін де қозғады. Өйткені жұмыс – бұл студенттердің болашағы. Олар белгілі бір жұмысқа орналасу үшін білім алып жатыр. Міне, сондықтан жұмыс мәселесі студенттер үшін өте өзекті.
    Депутат Владимир Божко жоғары мансапқа бірден келмегендігін мәлімдеді. Оның пікірінше, студенттер оқуды бітірген соң бірден жоғары лауазымды көздеп отырады.

    - Мен әскерден келген соң 4-ші разрядтағы слесарь-сантехник боп жұмыс істей бастадым. Біздің жас-тар диплом алғаннан кейін “маған бәрі мұқтаж болу керек және бірден жоғары жалақысы бар орын беру керек” деп ойлайды. Құрметті жастар, бұл мүмкін емес, - деп Владимир Божко студенттерді “көктен жерге” түсірді.

    Оның айтуынша, жұмысқа сәтті орналасу үшін, алдымен оқуды қызыл дипломмен бітіру керек. Үздік үлгідегі дипломды растайтын олимпиада жетістіктері де артықтық етпейді. Сосын мамандық таңдамас бұрын, еңбек нарығына қарау керек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Елімізде биыл 31702 білім беру гранты бөлінді
  • Мәжіліс депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды сұрады
  • ҰОС ардагері өз мәселесінің Парламентте қаралғанын қалайды
  • Божко: Тағы 20 елді мекенді су басуы мүмкін
  • Тәжірибесіз дәрігерлерге жұмыс бар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге