Кәсіпкерлерге арналған заң жобасы жеңілдетіледі

    Бизнесті дамыту мен кәсіпкерлерге арналған заң жобасы енді жеңілдетіледі. ҚР заң жобасына енгізілген өзгерістер туралы Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Жиынға жиылғандар меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді реттеу бойынша сұрақтарына жауап алды

    30 қаңтарда ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің әзірленген заң жобалары мен заңдарын ашық талқылауын жүргізу үшін Ақтөбе қаласында көшпелі семинар өткізілді.
    Талқылауға Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова, Әділет министрлігі Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы мен қорғаныс саласындағы заңнамалар басқармасының бас сарапшысы Әмір Омаров, Заңнама институтының бас ғылыми қызметкері Индира Елеусізова және «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, Әділет департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары қатысты.
    Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтар мен бизнес өкілдеріне қызығушылық тудыратын заң жобалары мен заңдарын түсіндіру болып табылады.
    Айталық, меншік құқығын қорғау, даулы мәселелерді реттеу мен әкімшілік реттеуді дауласуға қатысты көкейтесті мәселелер талқыланды.
    Атап айтқанда, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заң жобасының талқылануы жоспарлануда, себебі ол азаматтар мен ұйымдарға әкімшілік шешімдерді қабылдау процесінде үлкен өкілеттіктер беріп, олардың ой-пікірлерін міндетті түрде ескеріп, оларға қажетті рәсімдер үшін материал-дармен танысу мүмкіндігі беріліп, тыңдалады.
    Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қолданатын жаза жеңілдетілді. Мәселен, бұрын олардың рұқсат қағаздарын қайта алу үшін 6 ай уақыт керек болса, қазір 10 күнде алуға болады.

    -Шараның мақсаты - жиналғандарға заң жобаларының ондағы өзгерістер туралы түсінік беру. Көптеген сұрақтар бо-
    йынша кәсіпкерлер хабарласып жатыр, толықтай жауап беруге әзірміз, - дейді ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова.
    -Кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамалар бар. Кейбір елдерде кәсіпкерлерге салық салынбайды. Әрине, біздің елімізде де кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Өз ұсыныстарыңыз, пікірлеріңіз болса біз қарастыруға дайынбыз, - деді Заңнама институтының бас ғылыми қызметкері Индира Елеусізова.
    Сондай-ақ, әкімшілік шешімдерді сотқа дейін жоғары тұрған органға немесе өзге уәкілетті органға шағым берудің заң жобасы бо-йынша берілетін мүмкіндіктері мен артықшылықтары, сонымен қоса, «әкімшілік юстиция» деп аталатын сотқа шағымдану мүмкіндігі талқыланды.
    Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының ережелері, әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы да талқыланды. Сонымен қатар, қолданыстағы «Медиация туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Төрелік туралы» Заңдар талқыға салынады.
    Көрсетілген заң жобалары және Заң медиация, партисипативтік рәсімдер, төрелік және өзге де соттан тыс нысандарын қорғаудың артықшылықтарын ашады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауыл жастары бизнестің қыр-сырын үйренеді
  • Жеке кәсіпкерлік прокуратураның қорғауында болады
  • Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!
  • Алимент төлемегендер көлік жүргізе алмайды
  • Әділет департаментіне жаңа басшы келді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге