Кім тегін емделеді?

    Кім тегін емделеді?

    Биылдан бастап, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілмек. Жоспар бойынша, адамдарға медициналық пакеттің екі түрі ұсынылады. Біріншісі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын базалық пакет. Екіншісі – сақтандыру пакеті. Алғашқысы бойынша жедел жәрдем қызметі, санавиация, профилактикалық екпе, төтенше жағдайлардағы медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Ал сақтандыру пакеті бойынша қандай қызмет түрлері көрсетілетіндігін Ақтөбе облыстық денсаулық басқармасының басшысы Әсет Қалиев тарқатады.

    Медициналық сақтандыру дегеніміз не және ол не үшін керек? Кім тегін емделеді? Емделу үшін қанша ақша төлейміз?
    Медициналық сақтандыру — денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтаға, мүмкіндігі шектелген азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүмкіндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Көбірек пайда табуға тырысқан медицина қызметкерлерінің емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер қай дәрігерге баратынын өзі шешеді.

    Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма?
    Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) МӘМС баламасы емес, оны толықтыру болып табылады. Жұмыс берушіні таңдау және қызметкердің келісімі бойынша ЕМС шартында МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызмет көрсетулер тізімдемесі келісілуі мүмкін. МӘМС пакетіне кірмейтін медициналық қызмет көрсетулердің бөлек түрлеріне ЕМС арқылы төлем жасалуы мүмкін, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде еңбек ететін қызметкерлер үшін міндетті кезеңдік тексерістер, санаториялық-курорттық емдеу. ЕМС полисі жеке тұлғаларға немесе ірі компаниялардың қызметкерлеріне сақтандыру компаниясы есебінен олар таңдаған клиникаларда және жағдайларда (сервистік қызмет, күту парағының болмауы) зерттеуден өтуге мүмкіндік береді.

    Жасыратыны жоқ, еліміздің денсаулық сақтау саласы реформалардан көз ашпай келеді. Бірақ, бұл реформалардың нәтижесінде медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарып кете қойған жоқ. Енді міне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілмек екен. МӘМС дегеніміз не? Бұл өзі қай елдің тәжірибесіне негізделіп отыр?
    МӘМС енгізудің өзіндік тәжірибесі мен денсаулық сақтау жүйесі ұқсас елдерде (Германияны, Ресейді Шығыс Еуропа елдерін қоса алғанда 30 ел) медициналық сақтандыру мәселелерімен тікелей айналысатын тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен Бүкіләлемдік банк мамандарын тарту арқылы қолданыстағы халықаралық тәжірибе зерттелді. Егжей-тегжейлі талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке алатын қазақстандық болмысқа сай келетін МӘМС өздік нұсқасы құрастырылды. Біздер жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетулер ұсынылатын әлемнің дамыған елдері қатарына енуге тырысамыз.

    Біз ауылдық жерде тұрамыз. Қазір ауылымызда жекелеген шаруа қожалықтары ғана жұмыс істейді. Соңғы жылдары зайыбым да, өзім де ешқандай жерде жұмыс істемейміз. Үш баламыз бар. Жұмыссыз ретінде тіркеліп көрген емеспіз. Қолдағы азын-аулақ малымызды өсіріп, күнімізді көріп келеміз. Біз МӘМС жүйесі бойынша медициналық қызмет түрлерін қалай пайдаланамыз? Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса қайда барамыз?
    Біріншіден, Сіздің балаларыңыз 18 жасқа толғанда мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (МӘМС) төлем жасайтын болады.
    Екіншіден, егер Сіз жұмыс жасамай, 3 жасқа дейін бала күтімінде отырсаңыз, мемлекет осы кезең аралығында Сіз үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуді жүзеге асырады.
    Үшіншіден, егер Сіздің балаларыңыздың жасы 18-ден жоғары болса, онда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:
    а) тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек, онда Сізге біліктілігіңізге және еңбек тәжірибеңізге сай жұмысқа орналасу түрлерін ұсынады. Егер ұсынылған түрлер Сізге жарамаса, онда жұмыссыз мәртебесін аласыз, бұл кезде мемлекет Сіз үшін ӘМСҚ жарналар төлеуді өз міндетіне алады.
    ә) жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелу және өзіңіз көрсеткен табыстан немесе табыс болмағанда – ең төменгі жалақыдан 2 пайыз мөлшерінде өз бетінше жарналар төлеу.
    б) Егер алдыңғы екі ұсыныс көңіліңізден шықпаса, онда Сіз екінші деңгейлі банк арқылы ең төменгі жалақыдан 2 пайыз мөлшерінде өзіңіз төлем жасайсыз.

    МӘМС жүйесі жұмыс істей бастағанда денсаулық саласы қызметкерлерінің жалақысы көбейеді деген сөз бар. Ол қалай жүзеге асырылады? Сонымен бірге, көпшілік көкейінде жүрген тағы бір сұрақ, МӘМС қорына кім және қанша көлемде жарна төлейтін болады?
    Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңмен көтерілетін болады. Жұмыс беруші екінші деңгейлі банктер арқылы МӘМС туралы заңмен белгіленген мөлшерлемелер бойынша медицина қызметкерлерінің табыстарынан ай сайын есептеп, төлемдерді аударып отырады.

    МӘМС жүйесі енгізілген кезде медициналық қызметке қол жетімділік қандай дәрежеде болады? Бүгінде “жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай” қаптап кеткен жеке меншік медициналық орталықтар көрсететін медициналық қызмет түрлері қолжетімді бола ма? Өркениетті елдерде азаматтарға медициналық сақтандыру полисі беріледі. МӘМС жүйесі енгізілген кезде біздің азаматтарға полистер беріле ме?
    МӘМС енгізілуімен медициналық қызмет көрсетулер сапасы сөзсіз артады. Бұл үшін кешенді шаралар іске асырылатын болады – сапа бойынша бірлескен комиссия құру, үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыруды кеңейтуді қоса алғанда, сапаны басқару саласындағы функцияларды қайта бөлу, Қор тарапынан жүзеге асырылған қызмет көрсетулерді сараптау функцияларын күшейту, медициналық қызмет көрсетулерді жеткізушілер арасында бәсекелестікті одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау – жеке клиникалар мемлекеттік ауруханаларға бәсекелес болады және сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді, бұл тұрғындар үшін тиімді, өйткені бүгін оларға жүгінгенде оның құнын 100 пайыз өз қалтамыздан төлеуге мәжбүрміз.

    Иесінің ЖСН бар жеке куәлік сақтандыру полисі болып табылады, оның негізінде адамның сақтандырылғаны не сақтандырылмағаны анықталады. Бүкіл медициналық ұйымдар үшін ҚР сақтандырылған азаматтарының Бірыңғай Тізілімі қолжетімді болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Барлық елді мекенде медициналық пункттер ашылады
  • Денсаулығың үшін жарна төлейсің
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі
  • Шекарадағы әуре - сарсаң
  • Сот сақтандырушыдан 6 млн теңге өндіріп берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге