Байғанин ауданында үш жылқышыны атып кетті

    Ақтөбе облысының Байғанин ауданында атыс болып, үш жылқышы қайтыс болды. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды.

    Қанды оқиға 14 ақпан күні Байғанин ауданына қарасты Қызылбұлақ селолық округінің аумағындағы Лақтыбай және Түгіскен қыстақтарында болған. Сол күні шаруа қожалығының иесі көлік жөндеу үшін Ақтөбеден жұмысшылар әкеліпті. Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазовтың айтуынша, олар бірлесе ішімдік ішіп, мұның соңы жанжалға ұласқан. Ақыры қарудан оқ атқан. Қайтыс болғандардың арасында ақтөбелік Райымбек Әйтекеновтің өгей әкесі мен туған інісі де бар.
    -Біз әкем, мен, інім үшеуіміз мал ауылда он бес күн вахталық әдіспен жұмыс жасадық. Еңбегімізге 60 мың теңге еңбекақы аламыз деп келіскен едік. Әкемнің онда жұмыс істегеніне бір жылға жуық уақыт болған. “Жер аяғы кеңігесін, ауылға қайтам” деп жүр еді. Қазір Ақтөбеде пәтерден-пәтерге көшіп жүрміз. Шаруа қожалығының иесі бізге “еңбектерің үшін үй алып береміз, тек жылқы басын көтеріп беріңдер” деген еді. Мақсатымызға жете алмадық. Енді оның орнына әкем мен інімнің мәйітін алып қайттым. Сенбі күні жерлеп, садақасын бердік, -дейді ол.
    Екі бірдей жақынынан айрылған жігіт істі жылы жауып тастай ма деп алаңдайды. Өйткені осы оқиғадан кейін полицейлер оның әкесі мен інісіне қылмыскер ретінде іздеу жариялапты.
    -Атыс болған жерге барған адамдардың айтуынша, оқиға орнында 20 шақты бөтелке шашылып жатқан көрінеді. Арасында ішілгені де, ішілмегені де бар. 23 жастағы інімді ұйықтап отырған жерінде атып тастаған. Көрші ауылдың жігітіне отырған жерінде мылтық кезеніпті. Ал, әкемді қашып шыққан жерінен снегоходпен қуалап жүріп атқан. Оқиға болғаннан кейін әлеуметтік желілерде Байғанин аудандық ІІД –нің нұсқамасы тарады. Онда әкем Болат пен інім Қожахметке қылмыскер ретінде іздеу жариялапты. Істің анық-қанығына жетпей, бұлай жасауға бола ма?! Шаруа қожалығының иесі бізге қайыр да айтпады. Садақаға көмектеспеді де. Қайта інісі келіп, “мылтықты әкеңдікі” деп айт деп кетті. Жауапкершілікті өздеріне алғысы келмейді. Енді істі жауып тастай ма деп қорқамын, -дейді Райымбек.
    Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Үш жылқышыны атқан күдікті ұсталған. 42 жастағы ер адамның аты жөні Қашқынбай Ермағамбетов екені де белгілі. Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазовтың айтуынша, күдікті «Абдулғазиз» шаруа қожалығында жұмыс істеген.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Байғанин ауданындағы жолдардың жөнделмеу себебі анықталды
  • Полицейлермен атысқан ақтөбелік оққа ұшты
  • Төрт шаруа қожалығының басшысы алаяқтықпен ұсталды
  • Өз әйелін өлтіріп, мәйітін дәретханаға тастаған
  • Байғанин ауданында кісі өлімі көп
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге