Ауласын таза ұстамағандар жазаланады

    Ауласын таза ұстамағандар жазаланады

    Ақтөбедегі Тұңғыш президент атындағы саябақ толығымен өзгереді. Алдағы екі жылда бұл жерге 4,5 мың декоративті және бағалы көшеттер отырғызылмақ. Бұл жөнінде қала әкімі Ілияс Испанов айтты.

    Ақтөбеде санитарлық тазалықтың үш айлығы басталды. Алдымен қыстан қалған қар шығарылып, арықтар аршылады.Содан кейін қала көшелеріндегі күл-қоқыстар тазартылады. Қазір бұл жұмыстармен 14 мердігер және 28 басқарушы компания белсенді айналысып жатыр. Өйткені қазір көп қабатты үйлердің аулаларында, кәсіпорындар мен ұйымдардың аумағында, шағын және орта бизнес объектілерінде, көгалдарда қар мен мұз қалып тұр. Ауа райы жылысымен еріген қар суы жиналып, көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысын қиындатады, ал қардың тез еруі аула аумақтары мен жертөлелерді су басуына әкелуі мүмкін. Биыл тазалық жұмыстары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес жылдағыдан сәл ертерек басталып отыр. Кейін күн жылығаннан кейін қоршаулар боялып, аумақты абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталады. Өткен жұмада қала әкімі Ілияс Испанов басқарушы компаниялар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларын, ауыл әкімдері мен полиция қызметін жинап, тазалық жұмыстарының барысын түсіндірді.
    - Қала көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бірақ, облыс әкімі қазіргі жұмыс қарқынына көңілі толмайтындығын айтты. Биыл қала көшелерін көгалдандыруға 486 миллион теңге қарастырылған. 200 мың шаршы метр жерге гүл егіледі. 1 мың гектар жерге 1 миллион түп ағаш отырғызылады. Көшеттердің басым бөлігі жергілікті жердікі, Мәртөктегі тәлімбақтан әкелінеді. Жасыл желектерді отырғызуға 90 млн теңге бөлініп отыр. Богословка тас жолының бойына жасыл желектер егіледі. Талдарды кесу мәселесі де қолға алынып жатыр,-деді әкім.

    Қалалық әкімдік биыл саябақтар мен гүлзарларға да ерекше көңіл бөлмек. Тұңғыш Президент атындағы саябақтың аумағы екі есе ұлғайып, қайта жанданады. Мұнда алдағы уақытта әдеттегідей қарағаш емес, 4,5 мың декоративті және бағалы көшеттер отырғызылады. Саябақ аумағын одан әрі ұлғайтып, ойын алаңдарын орнату арқылы жергілікті билік бұл жерге келетін тұрғындардың санын арттырмақ. Сондай-ақ биыл қала аумағында бұдан бөлек тағы 28 саябақ пен гүлзарлар ашылады деп жоспарланып отыр. Қала әкімдігі ағаш жапырақтарын жейтін зиянкестермен күресуді де ерте бастамақ. Биыл бұл мақсатқа 10 есе көп қаражат бөлінген. Яғни, улау жұмыстарына 60 млн теңге жұмсалмақ. Өйткені былтыр қаладағы жасыл желектердің басым бөлігі бір мезетте құрып кеткен. Ақтөбеде 2005 жылдан бері кеміргіштерден жаппай улау болмаған. Инфекциялық аурулардың таралуынан қауіптенген жергілікті билік биыл кенелерден, масалардан зарарсыздандыру жұмыстарын да күшейтпек. Былтыр ақтөбелік жол жөндеушілер қар үстіне асфальт төсеп, ұятқа қалған болатын. Осыны еске алған қала әкімі жауапты мекемеге жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында жүргізуді тапсырды.
    - Сәңкібай батыр көшесіндегі 122 мөлтек ауданның айналма жолынан Пожарскийге дейінгі аумаққа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл көшені Молдағұлова көшесіне дейін кеңейтіп, сол жерден Пожарский көшесіне шейін екі жақтан су ағарлар жасау керек. Көлік ағыны көп жерде су ағарлар жасау керек. Біз судан құтыламыз, әрі жол да ұзаққа жарайды” деген әкім Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғалиді орнынан тұрғызды.
    - Жол жөндеу жұмыстарын биыл өткен жылғыдай қар үстіне асфальт төсемеу үшін ертерек бастау керек” деді әкім.

    Руслан Төреғалидің айтуынша, автокөлік жолдарын салуға 6, ал кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуге 14 конкурс жүргізілген. Сондай-ақ шұңқырларды ағымдағы жамау жұмыстарына да 6 тендер өткізіліпті.
    - Шұңқырларды жамау жұмыстарын сапалы жүргізу керек. Өткен жылы тұрғындар тарапынан сын-ескертпелер көп болды. Адамдар өз үйлерінен шығып, мектеп пен балабақшаға жету үшін жаяу жүргіншілер жолы қажет. Біздің жоспарымыз бойынша 80 шақырым жаяу жүргінші жолы төселуі тиіс. 11-12 мөлтек ауданға суағар салу жайы да ескерілуі керек”деді әкім.
    Қала әкімі мемлекеттік, жеке компания жетекшілері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әрқайсысы өз аумағын таза ұстауы керек. Заңсыздыққа жол берілсе, жергілікті полиция қызметі айыппұл салады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Тазалық өзіңнен басталады
  • Ақтөбенің тас жолдары бойында су ағарлар салынады
  • Білім мекемелерін күрделі жөндеуге 675 млн теңге бөлінген
  • Ақтөбеде сапасыз салынған 9 жол қайтадан жөнделіп жатыр
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге