Жұмыссыз азаматтар сауалнама арқылы қызметке орналастырылады

    Ақтөбе қаласында әлеуметтік статусы анықталмаған 147 мың адам тұрады. Егер бұл азаматтардың қандай санатқа жататындығы дер кезінде анықталмаса, олар дәрігерлік көмектен қағылуы мүмкін. Сондықтан, медициналық сақтандыруды енгізу үшін халықтың тізімін жаңартуға тура келеді.

    Мемлекет кімдерге төлейді?
    Биыл медицина саласына жаңа жаңалық енгізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Сондықтан, биыл 1 шілдеден бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес, әр азамат емделу үшін ақша төлеуі тиіс. Алайда әлеуметтік қорғалмаған 14 санаттағы адамдар үшін тиісті жарнаны сақтандыру қорына мемлекет аударып отырады.

    Олар:
    - балалар;
    -жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
    - жұмыс істемейтін жүкті әйелдер , сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
    - бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
    -18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
    -зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
    - жұмыс істемейтін оралмандар;
    -көп балалы аналар;
    -Алтын алқа”, “Күміс алқа”, “Батыр ана » және І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар;
    - қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
    -уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар;
    -орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар.

    Жалдамалы жұмысшыларға жарнаны жұмыс берушілер төлейді. Ал салық органдарына тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны өздері төлеуі тиіс.

    Оларға:
    -жұмыс берушілер;
    -жеке кәсіпкерлер;
    - нотариустар;
    - жеке сот орындаушылары;
    - адвокаттар.

    Халықтың үштен бірі тіркелмеген
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген соңғы мәліметке сәйкес, Ақтөбе қаласында 147 мың адамның әлеуметтік мәртебесі жоқ. Яғни, олар жалдамалы жұмысшылардың да, жеке кәсіпкерлердің де, зейнеткерлердің де арасында жоқ. Сондықтан базаны жаңарту керек. Керісінше жағдайда халық медициналық көмектен қағылуы мүмкін. Сол себепті қалада медицина саласына енгізілетін жаңа жүйені халыққа түсіндіріп, жүзеге асыру үшін 28 мобильді топ құрылды. Олардың қатарында жұмыспен қамту бөлімінің, денсаулық сақтау саласының, білім бөлімінің және жергілікті полиция қызметінің өкілдері бар. Мобильді топ бұл жұмыстарды 28 басқарушы компаниямен бірлесіп жүргізеді. Штаб қызметкерлері әр үйді аралап, тұрғындармен кездеседі, анкета толтырады. Өйткені тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі статустарын анықтауы қажет. Әсіресе, бұл өз-өзін жұмыспен қамтамасыз ететін, еш жерде ресми тіркелмеген жұмыс істемейтін ақтөбеліктерге қатысты. Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, халыққа өзінің әлеуметтік мәртебесін анықтап, өздеріне кімнің жарна төлейтіндіктерін білуі тиіс.

    -Елде уақытша тіркелуді енгізгенде, халық арасында дүрбелең туғызған. Із мұның мәжбүрлі шара болғанын барлығымыз түсінеміз. Өйткені кімнің қайда тұратындығын табу өте қиын. Мәселен, үнемі қоныс аударатын адамдармен қалай жұмыс істеуге болады. Бірақ, 1 шілдеге дейін біз қандай ұйымның кімдерге сақтандыру жарнасын төлейтіндігін білуіміз керек,-деді ол.

    Қазірден бастап халық арасында түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Халықтың басым бөлігін табуға мектептер көмектеседі
    Мобильді топ мектептер мен балалар бақшасын, басқа да оқу орындарын қамтиды. Өйткені балалар арқылы олардың әлеуметтік мәртебесі анықталмаған ата-аналары мен бірге тұратын басқа да туыстарын анықтауға болады. Қала мектептерінде 70 мыңға жуық бала оқиды, ал олардың отбасыларында 264 мың адам, яғни ата-анасы мен басқа да туыстары тұрады. Алдағы уақытта мектептер мен балабақшаларда компьютер орнатылып, «Е-Халық» ақпараттық жүйесі іске қосылады. Сол арқылы база жаңартылып, азаматтардың емханаларға тіркелуіне жағдай жасалмақ.
    -Қаланың жартысына жуығының мектепке тікелей қатысы бар. Балабақшаға бармайтын сәбилер де бар. Оны да ескеру керек. Алдымен тіркелген адамдарды анықтауымыз керек.Кейіннен көшіп кеткендерді және тіркелмегендерді іздейміз. Көпшілігі көші-қон полициясына ескертпестен, қоныс аударады. Біз ауруханаға тіркелген адамдардың шындығында басқа жерде, басқа қалада тұрып келгендігін көрдік. Облыстың тең жартысы ауруханаға тіркелмеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері азаматтар ұсынуы тиіс құжаттардың тізімін дайындауы керек,-дейді қала әкімі.
    Санақ кезінде жұмыссыздар жұмысқа орналастырылады. Олардың кейбірін қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына тартпақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Төлемесең - емделмейсің!
  • Облыста 20 мың адам “жұмыссыз” жүр
  • Кім тегін емделеді?
  • Денсаулығың үшін жарна төлейсің
  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары өседі
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге