Ақтөбеде “Нұрлы жер” бойынша арзан үйлер сатылып жатыр

    Ақтөбеде “Нұрлы жер” бағдарламасының алты бағыты бойынша тұрғын үйлер салынып жатыр. Олардың арасында көпқабатты үй, таунхаус пен коттедж құрылысы да бар. Тұрғын үй салуға 80 пайыз жергілікті құрылыс материалдары қолданылуда.

    Ақтөбеде биыл 650 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Құрылыс жұмыстары қазір Ақтөбедегі “Нұр Ақтөбе”, “Батыс”, “Батыс-2” аудандарында қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек Әйтеке би, Ырғыз, Қарғалы, Темір мен Шалқар аудандарында да үй салынуда. Ақтөбе билігі құрылыс компанияларын ынталандыру мақсатында олардың банктен алған несиесін субсидиялауды бастады. Яғни, үй құрылысын жүргізген компания банктен 14 пайызбен несие алса, оның жартысын мемлекет төлейді.

    - Қазір “Соллерс” ЖШС “Батыс-2” ауданынан 9 қабатты тұрғын үй салып жатыр. Пәтердің тең жартысы “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” салымшыларына сатылады. Құрылысқа жұмсалатын қаражаттың тең жартысын мемлекет субсидиялайды. Бұл пәтер құнын арзандатады. Басқа құрылыс компанияларын да осы бағыт бойынша жұмыс істеуге шақырамыз,-деді “Даму” қоры Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев. Тұрғын үй биыл тамыз айында пайдалануға берілмек. Бүгінгі күні пәтер сатып алуға 214 адамнан өтініш қабылданған.

    Сондай-ақ биыл несиелік тұрғын үй бағыты бойынша 1278 пәтер сатылмақ. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Жуаспаевтың сөзінше, тұрғын үй қазан айында пайдалануға беріледі. Пәтердің әр шаршы метрі 100 - 110 мың теңгенің шамасында. Бұл - Қазақстан бойынша ең төменгі баға. Қазірдің өзінде баспаналы болуға 2 мыңнан астам адам ниет білдірген. Ақтөбеде салынып жатқан үйлерге жергілікті құрылыс материалдары қолданылуда. Басым бөлігі-кірпіштер мен “Үй құрылысы комбинаты” шығаратын панелдер. Сондай-ақ үйлер газдыбетон мен газоблок секілді материалдардан да салынуда.

    Қазір “Нұр Ақтөбе” ауданында бағдарлама бойынша үш қабатты таунхаустар мен 194 коттедж де салынып жатыр. Бұл үйлер “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің”салымшыларына және 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрғандарға беріледі. “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерге сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде коттедждерді сатып алуға 500 адамнан өтініш түсіпті.
    Естеріңізге сала кетейік, көктемде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында тез салынатын аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жобаны аралаған болатын. Нысанды аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа “Нұр Ақтөбе” тұрғын үй алабындағы тұрғын үйлерді салу барысы, жобалық шешім ерекшеліктері және берілетін пәтерлер сапасы туралы баяндалды. Нысандардың құрылысында пайдаланылатын материалдардың 65% жергілікті кәсіпорындарда өндірілетінін айта кеткен жөн.

    Барлығы “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 2017 жылы 500-ден кем емес аз қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй кезегінде тұрған 700-ден астам отбасыны қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл осы өңір үшін ерекше өзектілікке ие, себебі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, мұнда ауқымды агломерация дамып, Ақтөбе қаласы заманауи урбанистік орталыққа айналуы тиіс.

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында “Нұрлы жер” тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды Үкіметтің таяу келешектегі басымдықты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсеткен, себебі бағдарлама алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жер алуға өтініш қабылдау басталды
  • Биыл 1200 ақтөбелік қоныс тойын тойлайды
  • "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша ақтөбеліктер баспаналы болады
  • Ақтөбеде “Өз үйім” бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй салынып жатыр
  • Биыл Ақтөбеде 580 мың шаршы метр үй пайдалануға беріледі
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге