Үйлерін су басқан ақтөбеліктер жаңадан баспана сала бастады

    Ақтөбеде су тасқынынан кейін үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындар өздеріне жаңадан баспана тұрғыза бастады. Бұл үшін оларға жергілікті билік Қурайлы ауданынанан 8 соттық жер мен 1 млн теңге көлемінде қаржы берген.

    Ақтөбенің шетіндегі Қурайлы ауылында құрылыс жұмыстары қазір қызу жүріп жатыр. Өйткені бұл аумақтан қала билігі үйлері суға кетіп, қирап қалған 55 ақтөбелік отбасының әрқайсысына 8 соттықтан жер бөлген. Сондай-ақ 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті. Оның 800 мың теңгедейі құрылыс матер-иалдарына арналса, қалған бөлігі жұмысшылардың қызметіне жұмсалуы тиіс. №27 басқарушы компания директоры Сәкен Кәрімбаевтың айтуынша, бұл қаржы аумағы 40 шаршы метр болатын баспананының негізгі қаңқасын салуға жеткілікті. Үйдің ішкі әрлеу жұмыстарын халық өз есебінен жүргізеді.

    Үйі қираған тұрғын: “Қаражат жетпесе, несие аламын”
    Дегенмен халықтың барлығы бірдей шағын үйде тұрғысы келмейді. Сондықтан баспаналарының аумағын өз қалауларынша үлкейтіп жатыр. Сәйкесінше, артық шығынды да өз қалталарынан шығарады. Махамбет ауылының бұрынғы тұрғыны Талғат Қайболдин де қазір ағайын-туыстың көмегімен асарлатып, жаңа қонысын салып жатыр. Үйінің қабырғасын тұрғызып қойған. Шатырына қаражат жетпегендіктен, құрылыс жұмыстары кешеуілдеп жатқан көрінеді.
    -Үйімнің аумағын 9/11 қылып салып жатырмын. Құрылыс жұмыстарына ағайын-тума мен жора-жолдастар көмектесіп жатыр. Байғаниннен, Қандығаштан келді. Тіпті інімнің Жаңажол мен Қандығаштағы жұмыстастары келіп, қол көмектерін көрсетті. Құрылыс материалдарын да, ақшаларын да беріп жатыр. Қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Күзге дейін ең болмаса, үйдің бір бөлмесіне кіріп алғымыз келеді,- дейді ол.

    Ал 3 топ мүгедегі Айтжан Темірбаевқа шағын баспанасының іргетасын құюға басқарушы компанияның қызметкерлері көмектесіп жүр. Айтуынша, отбасының айлық кірісі бар болғаны - 55 мың теңге. Сондықтан үйін бітіру үшін несие алмақ.
    - Махамбеттегі үйім саманнан салынған еді, судан тұруға жарамсыз болып қалды. Қазір әйелім екеуміз саяжайдағы үйдің бір бөлмесін уақытша паналап отырмыз. Қыстайтын үйім жоқ. Сондықтан салқын түспей, құрылыс жұмыстарын бітіріп алғым келеді. Үйдің аумағын 9/5 қылып салып жатырмын. Одан арғысына шамам жетпейді. Өзім 3-топ мүгедегімін, жұмыс істемеймін. Ал әйелім әскери комиссариатта шақырту қағазын тасиды. Айлық табысымыз -55 мың теңге. Сондықтан үйдің ішкі жұмыстарын бітіру үшін несие алғым келеді. Көмек көрсетіліп жатыр. Құрылыс материалдары жеткілікті,-дейді тұрғын.

    Сапарбаев көмекке мардымсыз қаражат берген кәсіпкерлерді ұялтты
    Ақтөбеде көктемгі тасқын кезінде 900-ден астам нысанды су басқан. Оның ішінде 95 үй адам тұруға жарамсыз. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңадан үй салынып жатқан Қурайлы мен Өрлеу ауылдарын аралап, құрылыс барысымен танысты. Үйлерін су басқан ақтөбеліктерге мардымсыз қаржы аударып жатқан компания басшыларын ұялтып, ескерту жасады.
    -Жергілікті кәсіпорындар өте нашар көмектеседі. Мәселен, “Маңғыстаумұнайгаз” кәсіпорыны 56 млн теңге аударды. Ал Тараз университеті 4 млн теңге берді. Олардың Ақтөбеге қандай қатысы бар?! Ал біздегі “СНПС –Ақтөбемұнайгаз” компаниясы небәрі 5-6 млн теңге ғана аударды. Қайғыда бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Мұндай жағдай әркімнің басында болуы мүмкін. Ертең халық алдында ұят болады. Бүкіл ел болып қол ұшын созып жатқанда, сіздердің қарап отырғандарыңыз жарамайды. Сіздерге бір апта уақыт беремін.Қаржыларыңыз болмаса, құрылыс материалдарын беріңіздер. Ақтөбеліктер өздеріңіз бір-бірлеріңізге көмектеспесеңіздер, басқаларынан не күтуге болады?! –деді әкім.

    Облыс әкімінің сөзінше, су тасқынына кеткендер көмексіз қалмайды. Бүгінде “Қолғанат Ақтөбе” қорының есепшотына 144 млн теңге қаражат түскен. Жаңа үйлерге газ, жарық пен су да тегін тартылады. Алдағы уақытта үй құрылысына “Жасыл ел” жасақтары мен студенттік құрылыс отрядтары, сондай-ақ еріктілер тартылмақ.

    Әкім: Болашақта саяжайдағы тұрғындар көшіріледі
    Алдағы уақытта өзен арнасының бойында орналасқан саяжайдағы тұрғын үйлер көшірілуі тиіс. Қурайлы ауылында халықпен кездескен әкім осылай деді. Айтуынша, алдымен су басқан, құлаған үйлер қалпына келтіріледі. Соңыра өзен арнасының бойындағы саяжай үйлері сүрілуі керек.
    -Өзен бойында орналасқан үйлерді көшіруіміз керек.Қазір 27 мыңдай саяжай бар. Саяжай болғанмен, халық ол жерге тұрғын үй салып алған. Ол жерде тұруға болмайды. Өйткені оларды бүгін болмаса, ертең су басуы мүмкін. Махамбеттегі үйлер де көшіріледі. Өйткені ол жердің ауасы лас, балалар ауырып қалуы мүмкін. Бұл мәселелер бойынша Үкіметпен, тиісті Министрліктермен жұмыс жүріп жатыр. Қарғалы, Елек өзендерінің арнасын қоқыстардан аршу керек. Өйткені ол жерлер соңғы 20-30 жыл бойы тазартылмаған,-деді Бердібек Сапарбаев.
    Өңір басшысы бұл мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетіндігін атап өтті. Бүгінгі күні Қурайлы ауылында бір үйдің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұрын Махамбет ауданында тұрған Өмірзақовтар отбасы алдағы аптада жаңа қоныстарына көшуді жоспарлап отыр.
    - Бір үйде он адам тұрамыз. Қазір отбасы мүшелері ағамыздың үйінде тұрып жатыр. Бір аптадан соң жаңа қонысымызға көшіп келеміз. Барлығына алғыс айтамын. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш,-дейді теміржол саласының маманы Ғалымжан Өмірзақов.
    Облыс әкімімен кездесу үшін алыстағы Қурайлы ауылдық округіне шағым айта келгендер де табылды. Ақтөбелік Ақтөле Өтешова үш айдан бері отбасымен бірге пәтер жағалап жүр. Өйткені бағалау комиссиясы Қисық көл ауданындағы суға кеткен үйін тұруға жарамсыз деп тауыпты. “ Көмектен қағылдым” деген ол өңір басшысына өз арызын табыс етті. Әкімдіктегілер жағдаймен таныс екендігін және оның шағымы келесі аптада комиссияда қаралатындығын айтты.

    Газ, су мен жарық мәселесі шешіледі.
    Ақтөбеде қазір су тасқынынан зардап шеккен 80-ге жуық отбасы үй салып жатыр. Олар Қурайлыдан бөлек Сазды , Өрлеу , Қызылжар мен Жаңақоныс ауылдарында орналасқан.
    -Бүгінгі күні 77 жер учаскесі бөлінді. Оның басым бөлігі Қурайлы ауылында орналасқан. Сондай-ақ Өрлеу, Сазды , Қызылжар мен Жаңақоныста да жер телімі бөлінді. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бөлінген қаражат үйдің іргетасы мен еденін құюға, есік-терезесі мен шатырына жетеді.Әзірге құрылыс материалдарының сапасы туралы ешкім шағымданған жоқ. Қосымша тағы 10 жер учаскесі бөлінеді. Халықтың шағымы әлі де қабылданып жатыр. Сарапшылар үйді тұруға жарамсыз деп тапса, оларға жер бөлу мәселесін қарастырамыз,-дейді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.
    Оның айтуынша, жаңадан тұрғызылған баспаналар инженерлік- коммуникация желілерімен толықтай қамтылады. Қазірдің өзінде Қурайлыдағы 30-ға жуық үйге электр желісі тартылды. Құрылыс жұмыстарына қажетті суды арнайы көліктер жеткізіп жатыр. Қурайлы ауылдық округіне қарасты Өрлеу ауылында қазір 4 үй бой көтеруде. Тұрғындар құрылысқа қажетті суды қазір көршілерінен ақшаға сатып алып отыр. Айтуларынша, 8-10 метр тереңдіктен ауыз су да шығады. Сондықтан Нағымжан Алдияров оларға су ұңғымасын салу мәселесін демеушілер есебінен шешуге уәде етті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үйі суға кеткен жалғызбасты ана көмек сұрайды
  • Үйлері құлап қалған отбасыларға баспана берілді
  • Үйі суға кеткендерге жер беріледі
  • Зәулім үйдің иесі Сапарбаевтан көрпе-көпшік сұрады
  • Ойылда 37 үй тұруға жарамсыз болып қалған
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге