Бердібек Сапарбаев: "Жұмақтың бар екенін ешкім дәлелдеген жоқ"

    Темір ауданында биыл бірқатар мәселелер шешілмек. Бірақ аудандағы діни ахуал әлі ойдағыдай емес. Осы жайттарға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданының жағдайымен танысып қайтты.

    Жол азабы жойыла ма?
    Қаладан шыға бере Ақтөбе мен Темір арасындағы ең негізгі мәселені байқауға болады. Екі арадағы тас жолы көптен бері жөндеу көрмеген. Сарықобда ауылының маңындағы көпірдің жартысы құлап қалған. Өңір басшысы бұл көпірді қыс түскенше жөндеуді тапсырды.
    Темірліктер үшін қалаға қатынау басты мәселелердің бірі. Себебі тіке жол шұңқырға толы. Енді аудан тұрғындары үшін бұл мәселе шешілмек.

    Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жолды жөндеу жұмыстары басталды. Оған 1,5 миллиард теңгеге жуық қаражат кетеді. Биыл оның 500 миллион теңгесі бөлінеді деп жоспарланған. Келер жылы да сонша ақша берілмек. Жөндеу жұмысына “АССАНА-ДорСтрой” ЖШС жа-уапты.
    - Жақында Парламенттің көшпелі отырысында 230 млрд теңге қаржы берілу ісі қаралып, келісім алынды. Енді ел басшысы қол қоюы керек. Кейін үкімет сол ақшаны Ақтөбе мен Атырау арасына жоғары дәрежелі жол салуға жұмсайды. Бұл жол Темір ауданының қасынан өтеді, - деді облыс әкімі.
    Бердібек Сапарбаев аудан орталығы Шұбарқұдыққа бармас бұрын, маңындағы ауылдарға соқты. Мұнда жергілікті мектеп пен клубтардың жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті.
    Шығырлы мен Ақсай ауылдарында тұратын халық саны көп емес. Бірақ бұл ауылдардың табиғаты шаруа жасауға толық мүмкіндік береді.
    - Тұрған жерлеріңіз құнарлы, жер жап-жасыл, бұлақ ағып жатыр. Мал санын көбейтіп, егін егетін жер екен. Бірақ жолда келе жатқанда мал көрмедім. Мал ұстап, оның санын көбейту керек. Мүмкіндік болса, егін егу қажет. Ал жергілікті басшылықтың міндеті – малды, оның етін тиімді бағамен сатуға көмектесу, - дейді Бердібек Сапарбаев.

    "Жат ағыммен қоғам болып күресуіміз керек"
    Бердібек Сапарбаев өзі кездес-кен ауыл тұрғындарының бәріне дін мәселесін көтерді. Темірде бұл мәселе әлі жойылған жоқ. Ол халықты жат ағыммен қоғам болып күресуге шақырды.
    - Былтыр лаңкестік шабуыл жасаған адамдардың қазір қалай өкініп жатқанын теледидардан көрген шығарсыздар. Солардың бәрі 25-35 жастағы жігіттер. Өз бастарымен ойламай, біреудің айтқанына еріп кетті. Арты не болды? Адам өмірге не үшін келеді? Өлу үшін емес, өмір сүру үшін. Ана жақта да өмір бар екенін әлі ешкім дәлелдеген жоқ. Оның бәрі қиял. "Біз Сирияға барып, сол жақта өлсек, пейішке барамыз" деп ойлайды. Пейішке барғандар хабарласып, "жұмақта отырмын" деп айтқан жоқ қой, - деді әкім.
    Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мектепке қара жамылып баратын кішкентай қыз балаларға тоқталды.
    - Балаларды, кішкентай қызды мектепке қара киіммен жіберу деген не сұмдық? Ол дұрыс емес, мұндайды тоқтату керек. Балаларымызды рухани жаңғыруға тәрбиелеуіміз қажет. Ешқандай қара жамылу болмасын. Егер ислам қағидасына, біздің заңымызға қарсы келетіндер болса, оларға тиісті шара қолданамыз. Олармен билік қана емес, қоғам болып күресуіміз керек, - деді ол.

    "Үкімет ұйықтап отырған жоқ"
    Ал аудан орталығы Шұбарқұдыққа барған соң Бердібек Сапарбаев "Қызылжар" мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй мен автокөлік тас жолын тексерді. Кейін облыс әкімі жақында ашылған "Ардақ" супермаркетіне барып, азық-түлік бағасымен танысты.
    Артынша Шұбарқұдық тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың басты мәселелеріне тоқталды. Дәлірек айтқанда, теріс ағымда жүргендермен күресті күшейту керегін айтты. Сондай-ақ, Шұбарқұдықта 310 бала екпе алмаған. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу керегін мәлім етті. Одан бөлек, бүгінгі таңда ауылда құрт ауруы мен онкологиялық аурулардың көрсеткіші ұлғайып кеткен.
    Кездесу барысында жергілікті тұрғындардың бірі билікті сынға алып, "үкімет ұйықтап отыр" деп айыптады. Бірақ аймақ басшысы мұндай сынның орынсыз екенін айтты.

    - Ешкім ерігіп жүрген жоқ. Сынау, арыз айту оп-оңай. "Үкімет ұйықтап отыр" деу дұрыс емес. Егер ұйықтап отырса, Сапарбаев қазір қолына телефонын алып, "бәрі жақсы" деп өз кабинетінде отырар еді. Отырған жоқ қой. Үкімет ұйықтайтын болса, біз мынадай жетістікке жетпес едік. Мұның бәрі үкімет жүргізген жұмыстың арқасында. Осыдан 25 жыл бұрын қалай өмір сүрдік, қазір қалай өмір сүреміз? - деді Бердібек Сапарбаев.
    Оның айтуынша, нашар өмір сүретін жалқаулар мен арыз жазғыштар ғана. Себебі олар мемлекет берген жұмыстың жалақысы 30-50 мың теңге ғана деп, бас тартады екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сапарбаев қара киім тұмшалап алған оқушылар жайында пікір білдірді
  • Бердібек Сапарбаев әкімдерге туыстарын жұмысқа алмауды ескертті
  • Темір ауданында қылмыс көбейген
  • Бердібек Сапарбаев: Бұл – түгі жоқ Ырғыз, Шалқар емес, бұл – Хромтау!
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге