Бейімдеу орталығында 18 жастағы қыз жатыр

    Ақтөбенің әлеуметтік бейімдеу орталығында түрлі тағдырлар тоғысқан. Өмірдің сан соқпақтарында жолдан адасып, тұйыққа тірелген жандар мекені бұл. Жақында бұл жерге 18 жастағы өрімдей қыз түсті. Белгілі мекен-жайы жоқ жандар арасында қаршадай қыз не істеп жүр? “Керек.info” газетінің тілшісі мән-жайды біліп қайтты.

    18 жастағы Виктория Хромтау ауданының тумасы. Жастайынан жетім өскен қыздың шешесінен хабар жоқ. Үйінен қонаққа барамын деп шығып кеткеннен, ұшты-күйлі жоғалған. Содан бері міне, аттай жеті жыл өтіпті. Әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры Дәулет Сабырғалидің айтуынша, Викторияны темір жол вокзалы маңынан тапқан.

    Дәулет Сабырғали, әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры:
    - Темір жол вокзал маңындағы полицейлер бір қыз баланың баратын жері жоқ екенін айтып хабар берді. Содан вокзалға әлеуметтік патрульдерді жібердік. Виктория сау күйінде келді. Ол ішімдік ішпейтінін, шылым шекпейтінін айтты. Баратын жері болмай вокзал маңында жүрген екен. Қыздың айтуынша мамасы ішімдікке әуес болған. 2010 жылы қонаққа кеткен. Сол кеткеннен оралмаған. Сөйтіп, Виктория 11 жасында жалғыз қалған. Ата-әжесі Викторияны қолына алып бағады. 2011 атасы қайтыс болады. 2012 жылы әжесі қайтыс болғанда Виктория 7 сыныпта оқыған. Кәмелет жасқа толмаған қыздың қасына онымен бірге тұру үшін қамқорлық көрсету орталығынан бір адам жібереді. Әкесі туралы ешқандай дерек білмейді. Туғалы көрмеген. Әкесі қазақ, шешесі орыс. Ешқандай туыстары жоқ,- дейді бейімдеу орталығының директоры.
    Орталық басшысының айтуынша, Викторияның ешқандай құжаттары жоқ. Қазіргі уақытта медициналық тексеруден өтіп жатыр екен. Сараптамалар тапсырып, өкпесін дәрігерлер тексеріп жатқан көрінеді.
    - Біздің әлеуметтік бейімдеу орталығына жас жеткіншектер көп түспейді. 15-20 пайыз ғана жастар кездеседі. Көбіне орта буын жастағы адамдар. Түрмеден шыққан, ішімдікке салынған адамдар келеді. Викторияның құжаттарын дайындау үшін жұмыстар жүріп жатыр. Бір айдың көлемінде құжаттары дайын болады. Содан ары қарай жұмыс қараймыз. Курстарға оқытамыз. Жәйдан жәй жібермейміз. Жұмыс тауып беруіміз керек,- дейді орталық мамандары.
    Қыздың айтуы бойынша үйін кілттеп кеткен. Баспанасы шешесінің атында екен. Оны өз атына аударуға құжаттары жоқ. Баспанасы Хромтау қаласында. Викторияның өзі құжаттарын қалаға келіп жоғалтып алғанын айтады.
    - 1999 жылы 23 қаңтарда дүниеге келдім. Хромтаудан Ақтөбеге жұмыс іздеп келгенмін. 18 жасқа дейін жалғыз тұрдым. Хромтау қаласында Болашақ 2 көшесінде үйім бар. Хромтау қаласындағы №5 мектепте оқыдым. 9 сыныпты бітірген соң ауылдан жұмыс іздеп, таба алмадым. Аспазшы, тәрбиеші болғым келеді. Ауылдағы үйімде одан әрі тұру мүмкін болмады. Жалғыз тұруға қорқамын. Сондықтан үйді кілттеп Ақтөбеге келдім. Қалаға келіп вокзал маңында жұмыс іздедім. Қолымда сөмкем, құжаттарым болды. Шөлдеп су ішуге кеткенде, сөмкемді стол үстіне қойып кеттім. Келсем сөмкем жоқ. Біреулер алып кеткен. Осы орталықта менің құжаттарымды дайындап берсе, жұмыс жасағым келеді. Хромтауға қайтқым келмейді,- дейді 18 жастағы бойжеткен.
    Орталық мамандарының айтуынша, бұл жерге тек қана құжатсыз адамдар келмейді.
    - Қазіргі уақытта бейімдеу орталығында 59 адам бар. Біздің іштегі жасы үлкен адамдарды қарттар үйіне жібереміз. Жақында екі адам кеткен болатын қарттар үйіне. Екеуі де мүгедек, аяқтары жоқ. Ол жақта көп болмады. Ішімдік ішкендері үшін шығарып жіберді. Сол себепті өзімізге қайтып келді. Ол адамдар наркологиялық есепте тұрғандар. 2011 жылы бейімдеу орталығына бес ресейлік азамат түсті. Баратын жерлері жоқ, құжаттары жоқ. Алты жыл болды осында тұрып жатыр. Негізі көп уақыт тұруға болмайды. Тағы бір бала түсті. Оның аздап психологиялық ауытқулары бар. Жіберсек қоғамға, адамдарға зиян келтіруі мүмкін. Амалсыздан ұстап отырмыз,- дейді орталық басшысы.
    Орталықтағы адамдардың жайын білмек боп барған тілшіге басшылық проблема айтып, зарлап қоя берді.
    - Қазіргі қынжылтатын жай ғимаратымыз талапқа сәйкес келмейді. Бұрынғы химпластың конторы. Ғимарат елу жылдан асқан. Ескіріп кеткен. Іштері де талапқа сай емес. Екінші қабатқа көтерілетін арнайы пандустарды жоқ. Мүгедек адамдарды жоғарыға көтеру қиын. Ғимаратта арнайы пандустар болу керек. Жуынатын бөлме, жұмыс жасайтын бөлме бәрі бөлек болу керек,- дейді директор.
    Бейімдеу орталығында жатқан адамдар осы жердің жұмыстарын жасайды. Аула сыпырады, жөндеу жұмыстарын жасайды. Бос жатпайды. Орталықта жүріп үйленгендер де бар. Директордың айтуынша, өзі жұмыс жасаған бес жылдың ішінде төрт жұп бас қосқан.
    - Мен жұмыс істеген бес жылдың ішінде төрт жұп шаңырақ көтерді. Бірақ олардың жұптары көпке бармайды. Жарты жыл ғана бірге тұрады. Орталықтан шығып жұмыс жасап, жалдамалы пәтерде шамалы уақыт тұрғаннан кейін ажырасып кетіп жатады. Үйленген жұптардың біреуі ғана қазір бірге тұрып жатыр. Олардың жасы жетпістен асқан зейнеткерлер. Интернатта тұрады. Бейімдеу орталығында елу төрт адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде әлеуметтік қызметшілер, аспаздар, медбикелер, врачтар, әкімшілік жұмысшылар. Біздің мәселеміз ғимарат болып тұр. Ғимарат мәселесін айтып келе жатқаныма бес жыл болды. Әлі нәтиже болмай тұр,- дейді орталық басшысы.

    Райса Әбілтаева, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман:
    - Бейімдеу орталығында бүгінде елу тоғыз адам бар. Оның ішінде қырық тоғыз ер адам. Он әйел адам. Ең кішісі Маханова Виктория 18 жаста. Отыз жасқа дейінгі жастар жоқ. Мүгедек 3 адам бар. Бес зейнеткер бар. Бір палата алты адамға арналған. Түрмеден жазасын өтеп шыққан адамдарды да қабылдаймыз. Олардың баратын жері болмағандықтан осында келеді. Ақтөбе облысының азаматтары келеді. Басқа облыстың азаматтары келсе, бір ай тұруға болады. Одан артық тұруға қаражат қарастырылмаған. Бір айдан соң келген жақтарына қайтуға тура келеді. Әлеуметтік орталыққа келген адамдарды бес күн бойы тексереміз. Ол адам неге мұқтаж, неге бейім екенін анықтаймыз. Қаламыздағы №5 қалалық емханамен келісім-шартқа отырдық. Орталықтағы адамдарды сол жерден тексерістен өткіземіз. Орталыққа келген адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, медициналық, еңбек қызметі, психологиялық , экономикалық қызмет түрлері көрсетіледі. Орталыққа келген адамдар бір жылға дейін тұра алады. Бір жылдан кейін жібереміз. Егер орталықтың ішкі тәртібін бұзбаса баратын жерлері болмай жатса, орталыққа қайтып келеді. Ішкі тәртіпті бұзған жағдайда бір жылға дейін орталыққа ала алмаймыз,- дейді.

    Орталыққа ғайыптан тайып келіп қалған Виктория алғашында кеткісі келіпті.
    - Виктория “маған ешнәрсе керек емес, мен кетемін” деген. Енді бес күн өткен соң ойы өзгерген. Жұмыс жасағым келеді деп отыр,- дейді орталық қызметкерлері.
    Бейімдеу орталығының жанынан 2014 жылы ашылған түнгі бөлім бар. Түнгі бөлім жиырма адамға арналған. Мұнда адамдар келіп қонып кетеді. Жатын бөлме қарастырылған. Кешкілік алтыдан ертеңгі тоғыздар аралығында келеді. Тамақ берілмейді.
    - Әлеуметтік патруль орталықтарды көшелерді аралап, көшедегі кезбе жандарды орталыққа жеткізеді. Егер олар адамдар орталықтан бас тартса, түнгі бөлімде түнеп кетеді. Түнгі бөлімді біздің орталықтың жер төлесінен ашқан. Түнгі бөлімге келетін адамдар мен біздің қызметкерлердің есіктері бір. Бір есіктен кіріп –шығамыз. Сол жері қиындау. Себебі, түнгі бөлімге келетін адамдарды қандай екенін білмейміз. Ешқандай медициналық тексеруден өтпеген. Бойында қандай ауру бар екенін де білмейміз,- дейді орталық мамандары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қарттар үйінен қосағын тапқандар
  • Айгүл КЕНЖЕБАЕВА: Ата-анамыз қасымызда болғанға не жетсін?!
  • Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
  • Көше кезбелеріне жылы киім керек
  • Көше кезбелерін қадағалайтын арнайы топ жұмыс істей бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге