ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

    ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

    Ақтөбеде "Қазақстанның үздік тауары-2017" облыстық көрме-байқауы өтті. Жыл сайын өтетін шараға қатысатын кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер саны биыл артқан. Биыл 36 кәсіпкер өз өнімдерін келушілерге паш етті.

    Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Биекенов бастаған комиссия мүшелері баға беріп, үздіктерге "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне жолдама берді. Облыстық көрме-байқауға аймақтағы үздік кәсіпкер мен тауар өндірушілер шақыртылған. "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халыққа арналған үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары" номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Үздіктер үш номинация бойынша анықталды. “Өндірістік бағыттағы үздік тауар” номинациясы бойынша “Светоком” ЖШС алға шықты. Бұл мекеме Қазақстан бойынша бағдаршам жасайтын жалғыз өндіріс орны. Осы номинация бойынша үшінші және екінші орынға “MIAL. KZ” ЖШС мен “Сталлит” ЖШС ие болды.
    “Халық үшін ең үздік тауар” номинациясы бойынша “Стар тайм” ЖШС, “TALAN Technology” ЖШС және «Ақтөбе жиһаз компаниясы» үздік үштіктің қатарына енді. “Үздік азық-түлік тауары” номинациясы бойынша “Ваниль” сауда белгісі, сүт компаниясы “Агрофирма ТАУ” ЖШС, ет өнімдерін дайындайтын СПК “Айбек” үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздар "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында өтетін "Қазақстанның үздік тауарлары" республикалық байқауға жолдама алды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік 5 кәсіпорын республикалық байқауда үздік атанды
  • Ақтөбенің үздік өнертапқыштары анықталмақ
  • Ақтөбенің үздік тауарлары анықталды
  • Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды
  • “Үздік педагог отбасы” анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге