Қарғалыда құмай егіледі

    Қарғалыда құмай егіледі

    Қарғалы ауданында биыл бірінші рет құмай дәнді дақылы егілмек. Бұл Ақтөбе облысында алғаш рет егілетін дәнді дақыл. Мамандардың айтуынша, бұл астық тұқымын малға жем ретінде ғана емес, денсаулыққа пайдалы емдік ас ретінде де пайдалануға болады екен.

    Қарғалы ауданында облыс шаруалары бас қосты. Жиынның басты мақсаты – өзара тәжірибе алмасу. Бұл жиын егістік күні қарсаңына орайластырды.
    Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ он бес автокөлікпен шаруашылықтардың жерін аралай бастады. Ең алдымен, Велиховка ауылының маңындағы “Дилэнд” ЖШС-ның егістік алқабына барды. Бұл жерде серіктестіктің жұмыс жасап тұрған техникаларымен танысып, егістік алқабын аралады.
    “Дилэнд” ЖШС-ның директоры Қайрат Байтүліктің айтуынша, 2009 жылы егін шаруалығын бастаған. Бастапқыда 500 гектар жерге ғана егін еккен екен.
    - Егін шаруашылығын 2009 жылы бастадық. Алғашында бес жүз гектар жерге егін егілді. Биыл сегіз мың гектар егістік алқапқа егін егілді. Егетін дәнді-дақылдарымыз арпа, бидай, зығыр. Бастапқыда үш адам жұмыс жасаса, қазір он сегіз адам егіс алқабында жұмыс жасайды. Егістен жақсы нәтиже алу үшін, техникамыз, технологиямыз жақсы болу керек. 2009-2010 жылдары шаруамыз жүрмей, біз үшін қиын жылдар болды. 2014 жылы Канадалық мамандардың тәжірибесіне жүгінген болатынбыз. Солардың тәжірибелері арқылы шаруамыз оңалды. Бүгінгі күнге жеткеніміз мемлекеттің қолдауының арқасында. Мемлекеттен субсидия алып, шаруашылығымызды жүргізіп отырмыз. Мемлекеттік субсидия арқылы шетелдік заманауи техникаларды сатып алдық. Қазір жиырмаға жуық түрлі техникаларымыз бар,-дейді Қайрат Байтүлік.
    Бұдан әрі, Қарғалы ауданы орталығы — Петропавловка ауылындағы “Интер Агро” ЖШС-ның алқабын араладық. Облыс әкімінің орынбасары серіктестіктің техникаларын қарап, тұқымдарының сапасымен, алқапта өсіп тұрған дақылдардың технологиясымен танысты.
    Қайрат Байтүліктің айтуынша, жаңа заманауи техникалардың арқасында бүгінгі күні мол өнім алып отыр. Ауа-райының құбылмалы өзгерістеріне қарамастан, құрғақшылықта да өнім алуға болады екен.
    - Біз шаруашылық адамдары бір-бірімен көп кездесе бермейміз. Осындай семинарлар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілегіміз бар. Білмегенімізді сұрап, білген тәжірибемізбен бөлісіп тұратын едік. Сол себепті семинарға Канададағы “Bourgault” фирмасының экспорт жөніндегі директоры Джон Батюкті шақырттық. Ол канадалық техникалар мен жабдықтар егіс алқабына, тұқым себу, басқа да жұмыстарына өте тиімді, қолайлы, жарамды жақтарын айтып, түсіндірді,-деді серіктестік директоры.
    “Bourgault” фирмасының директоры Джон Батюктің
    айтуынша Канадалық техникалар Қазақстанның климатына, құрылымдарына, егістік алқаптарына сәйкес келеді.
    - Канадалық климат пен Қазақстанның климаты бір-біріне ұқсас. Сондықтан техникалар егістік алқаптарға тез үйренеді. Бізде соңғы заманауи техникамен жабдықталған агротехникаларымыз бар. Жаңа индустрияда ауыл шаруашылықтарына арналған техникалар кеңінен дамыған. Зауыт техникаларды қолжетімді етіп барлық жағдай жасап жатыр. Техникаларды басқару құрылғылары орыс тілінде, болашақта қазақ тілінде болып қалар. Инженерлер мен операторлар жұмысқа деген ынтасы болу керек екендігін айтты. Ешқандай техникалардың қиындығы болған жоқ. 2004 жылдан бері Қазақстандық мамандармен жұмыс жасап келеміз. Толығырақ біздің техникаларымыз туралы сайттан көре аласыздар. Қостанайда тренинг орталығымыз бар. Диллерлерді, персоналдарды үйретеміз. Қыс мезгілдерінде мамандарға семинар тренинг өткіземіз. Қатысушыларға есігіміз ашық,-деді эксперт директор Джон Батюк.
    Алдаберген Нұғмановтың
    айтуынша, биыл құмайдың тұқымын арнайы Франциядан алдыртып, алты сортын егістік алқапқа еккен.
    - Бұрын тек күздік дақылдарды егетін едік. Қазір құмайдың сортын Франциядан арнайы алдырттым. Алты келі құмай дақылы егілді. Бұдан алынатын өнім жиырма, алпыс центнер гектарына өнім алады. Төрт түлік мал жақсы жейді. Дәмі ащы емес. Тәтті де болмайды. Құмай дақылының жемі көп болса, ауыл шаруашылығының мамандарына тиімді болар еді. Қаражат жағынан да қатты қымбат емес. Қол жетімді. Құмай дақылынан ботқа жасауға болады. Бұл дақылды жесе, адамға өте пайдалы. Рак ауруына ем болады. Ноқат дақылы топырақты тыңайтқыштармен көбейтеді. Топырақтың құнарлылығын арттырады. Ыстықты, құрғақшылықты өте жақсы көтереді. Біздің жерімізге, климатымызға өте тиімді. Тоғыз гектар алқапқа ақ бидай, құмай, күнбағыс, ноқат, жүгері дақылдарын шаштық. Бидайдың бір масағында жиырма-отыз дән болса, құмайдың бір масағында бес жүз дән болады. Енді ойланып қараңыз. Бір тұқым төрт масақ береді. Сонда бір тұқымнан екі мың дән шығады. Осыдан құмайдың өнімділігінің күшті екенін көруге болады.Тұзды жер , құнарлығы нашар жер болса да барлығын көтереді. Ақтөбеде құмай, ноқат дақылдары алғашқы рет егіліп жатыр. Біз нәтижесін ерте көрсетіп жатырмыз. Тамыз айында көрсетуіміз керек еді. Ол кезде бұдан да үш, төрт есеге өсіп тұратын еді,-дейді диқаншы.
    Шаруаның айтуынша, шаруа қожалықтары нәтижесін көріп, өздері шешеді. Керек болса, өздеріне қабылдайды. “Керек болмаса біз қинамаймыз” дейді ол.
    - Қазіргі таңда техника емес, сонымен қатар технология да жоғары деңгейде болу керек. Мақсатымыз шаруа қожалықтарымен тәжірибе бөлісу. Тек ақ бидайды өсіріп отырмауымыз керек. Баяғы қалыппен жүре беруге болмайды,-деді агро технолог.
    Шаруашылық басшысы Берік Оянғалиевтің айтуынша, бүгінгі күні серіктестік меншігінде 7 мың гектар жер бар. Оның 5,5 мың гектарына көктемде тұқым себілген.
    - Биыл 5 мың гектардан астам жерге бидай, сондай-ақ күнбағыс, жүгері, арпа, ноқат, құмай сияқты дақылдар ектік. “Дилэнд” серіктестігімен бірге өткен жылы алған өнімімізді белгілі компанияларға тапсырдық. Өткен жылы жақсы өнім алдық. Биыл да осы мақсатта тынбай жұмыс жасап жатырмыз. Қазір шаруашылықта 27 адам жұмыс жасайды. Бәрі Петропавловка ауылының тұрғындары. Жұмысшыларыма ризамыз, барлығы тынбай еңбек етіп жатыр, — дейді Берік Оянғалиев.
    “ИнтерАгро” ЖШС директоры Берік Оянғалиевтің айтуы бойынша Қайрат досының көп көмегі тиген.
    - Егін шаруашылығын 2014 жылы бастадық. Бастапқы егістік алқабымыз 700 гектар болатын. Астық өнімдерін егу маған қызық болды. “Дилэнд” ЖШС-ның директоры Қайрат Байтүлік жақын досым. Досымның маған көмегі көп тиді. 2015 жылы екі мың гектар егіс алқабына астық ектік. Ол жылы қуаңшылық, құрғақшылық жылы болды. Жаңбыр да көп жаумады. Соған қарамастан заманауи техниканың, технологияның арқасында жақсы өнім алдық. Биыл 6800 гектар жердің, 5,5 мың гектарына көктемде тұқым егілді. Егілген астық тұқымдары күнбағыс, жүгері, арпа, ноқат, құмай. Қазір шаруашылқта жиырма жеті адам жұмыс жасайды. Барлығына келісілген еңбек ақылары төленеді. Орта есеппен 130-150 мың теңге көлемінде жалақы алады. “ҚазАгро” АҚ арқылы заманауи техникаларды лизинг арқылы алдық. Америка, Канада, Ресей елдерінің үздік техникаларын қолданамыз. Мемлекеттік субсидияның көмегі көп болды. Қазір барлығы жақсы жүріп жатыр. Келесі жылы тағы үлкен егістік алқапта астық өнімдерін егіп, мол астық аламыз деген мақсатымыз бар,-дейді компания басшысы.
    Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің айтуынша, шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек көп.
    - Елбасымыз айтқандай, ауыл шаруашылығы экономикамыздың драйвері болуы керек. Мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Өткен жылы өсімдік шаруашылығына 3 млрд.теңге қаражат бөлінді. Биыл 4 млрд.теңге қаражат бөлініп отыр. Бөлінген қаражат субсидия ретінде шаруашылықтардың басым бөлігіне төленді. Үкімет біздің шаруа қожалықтарымызды құр қалдырып жатқан жоқ. Бүгінгі күнде жалғыз өсімдік шаруашылығы емес, сонымен қатар мал шаруашылығына да көп көңіл бөлініп жатыр. Өндірілген өнімге Ақтөбе облысына ғана қаражат бөлініп жатқан жоқ, басқа да облыстардың шаруашылықтарына бөлініп жатыр. Үкіметке барлығы оңай түсіп жатқан жоқ. Бірақ, үкімет ауыл шаруашылығын дымсыз қалдырмай, көмек берейік деген мақсатпен бөлініп жатқан қаражат.Біз үкіметке ризашылығымызды білдіруіміз керек. Үкіметке қарап, бос отыруға тағы болмайды. Бізге берілген жоспарды артығымен орындап шықтық. Атқарылған жұмыстар ауыл шаруашылығының арқасы,-дейді облыс әкімнің орынбасары Мавр Абдуллин.
    Семинар соңында Мавр Абдуллин келген агро саласының мамандарына, жеке серіктестіктің басшыларына алғысын білдірді.
    - Орал қаласынан келіп отырған біздің бауырымызға көп рахмет. Әр ауданда ірі шаруашылықпен байланысып, жаңа технологияларды пайдаланып жаңа өнім түрін алуды жоспарлап отырмыз. Әр өңірден ғылымды қолдаймын деген азаматтар болса, ғалымдармен жұмыс жасап, жаңа өсімдіктердің түрлеріне зерттеу жасап бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Жылдан-жылға тұқымды жаңарту керек.Үкіметтің бүгінгі күнгі бетбұрысы егілген өнім емес, одан шығатын өнімділікке бетбұрыс жасау. Сол себепті біз шығыны аз, өнімі, сапасы мол өнімді алуымыз керек. Жақсы нәтижеге жетуіміз керек. Мемлекеттен беріліп жатқан көмекті толық пайдалануымз керек,-дейді облыс әкімінің орынбасары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Темірліктер алда келеді
  • Ақтөбе облысында алғаш рет нут асбұршағы егіледі
  • Мал өсірсең – қой өсір
  • Ақтөбелік диқандар биыл 443 мың тонна астық жинады
  • Облыс басшысы Мәртөкке жиі келетіндігін ескертті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге