Ақтөбеде ерекше орман тәлімбағы ашылмақ

    Ақтөбеде ерекше орман тәлімбағы ашылмақ

    Ақтөбеде қылқан жапырақты көшеттер өсірілетін тәлімбақ ашылмақ. Енді Ресей мен Латвияның қылқан жапырақты ағаштары өзімізде өсірілетін болады.

    Украинка ауданы маңында, Тау демалыс орталығынан алыс емес жерде тәлімбақ құрылысы жүріп жатыр. Тәлімбақтың мерекелік ашылуы қыркүйек айына жоспарлануда. Алайда, Ақтөбе облысының орман шаруашылығының өкілдері бұл нысанға келіп, тәжірибелерімен бөлісті. Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты Марат Итеғұловтың айтуынша, орман тәлімбағында 500дей тұқым бойынша жеті мыңнан аса өсімдіктің түрлері бар.
    - Көптеген ағаштың атаулары латын тілінде. Оның ішінде Батыс Қазақстан аумағында кездеспейтін, өзім көрмеген ерекше ағаш түрі бар екен. Ағаш түрлерінің көпшілігін Латвия, Ресей елдерінен әкелінді. Майқарағай өсімдігіне зер салып қарасаңыз, моншада суға түскенде, буға кіргенде пайдаланған өте күшті, әрі пайдалы. Қылқанды ағаш жапырағынан асатын, сыпыртқы таба алмайсын. Жапырақтары жұмсақ, жұпар иісті болады. Сонымен қатар, бізде тау қарағайы өсіріледі. Әдемі өсімдік түрі. Безендіруге пайдалануға болады.Орман тәлімбағы Қарғалы тарихи алқабында. Бұл жер 10 мың жыл бұрын суға толы болды. Жері жақсы, құнарлы. “Эльмира” деп аталатын орман тәлімбағының аумағы 20 гектар жерді алып жатыр,-дейді алқаптың басшысы.
    Тәлімбақ иесінің айтуынша, Ақтөбедегі саябақтарға шетелден қонақ әкелуге ұялады екен. Қырық жыл бойы өсіп тұрған ескі қарағаштар Ақтөбенің келбетіне нұқсан келтіреді деп есептейді ол.
    - Тұңғыш Президент атындағы саябақ деп әлдеқандай етеміз! Бірақ, ішіне адам апаруға ұят. Шетелден қонақтар, достарымыз келсе, қаламыздың басты саябағы деп апаруға ұяламын. Өйткені, ішінде бір дені дұрыс тал жоқ. Баяғы сидаңдаған қара ағаштар. Қаламыздың сиқын бұзып тұр,- дейді ол.
    Тәлімбақ иесі мемлекеттік орман шаруашылығына қылқан жапырақты ағаштар егу идеясын айтып-айтып шаршағанын жеткізді.
    - Ақша жоқ деген сылтау ғана. Біз Ақтөбенің көркін еселендіруге ат салысуымыз керек. Талай жерде айтып-айтып шаршадым. Сосын қолымды бір сілтеп, осы шаруамен өзім айналысып кеттім,- дейді Марат Итеғұлов.
    Тәлімбақ иесінің айтуынша, алдағы уақытта көшеттердің санын арттырып, жер көлемін ұлғайту жоспарда тұр.
    - Жерімізді одан әрі ұлғайту ойымызда бар. Қазір көптеген өсімдіктер арнайы құмыраларда, жабық алаңдарда тұр. Бұл жабық алаңдар өсімдіктерді суаратын заманауи техникалармен жабдықталған. Ұсақ тамшылы суару тәсілі немесе қолдан жаңбыр жаудыртып суару жасалады. Өсімдіктерге күн шуағы тікелей түспейді, суарудан тұманданады. Мамандардың айтуынша, бұл жақсы әдіс. Өсімдіктердің өмір сүруіне, өсуіне барлық жағдай жасалған. Өсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігі жүз пайыз деуге болады,-дейді Марат Итеғұлов.
    Айта кетейік, Қазақстанда осындай әдісті қолданатын санаулы шаруашылықтар бар. Орман тәлімбағының құрылымын жергілікті инженерлер, құрылысшылар жасады. Еш жерге ұқсастығы жоқ. Барлық жабдықтау құрылғылары, сорғы құрылғысы, тазалау сүзгісі израилдық өнім.
    Қазіргі таңда, екі жылыжайдың, көшетхананың құрылысы жүріп жатыр. Жылыжайда өсімдіктер қыстайды.
    - Қыста далада қатты салқын болса да, жылыжайда атмосфералық жылы ауа-ны ұстап тұрады. Осының арқасында біз уақытты ұтамыз. Бұл дегеніміз біздің өсімдіктер жыл бойы өсетін болады. Көшетханада тұқым отырғызып, жерді тыңайтып, жерді тамшылата суару әдісін қолданамыз. Тамшылатып суару әдісі үлкен алқапта да жүргізіледі. Орман тәлімбағы арнайы оңтүстіктен келетін суару құбыршегін күтіп отыр. Осындай суармалы әдістің пайдасы зор,-дейді Итеғұлов.
    Енді жұмысшыларға өсімдік алқаптарына қолмен құбыршек ұстап суарып, уақытын, күшін жоғалтудың қажеті жоқ. Тек құбыршекті екі сағатқа қосып қойсаң болды, барлық алқапты суарып шығады. Үлкен үнемшілдік пен тиімді әдіс. Су қатты ағынмен ақпайды. Тамшылап, баппен ағып отырады.

    - Айта кетейік, екі су тоғанына су толады. Су ағып, жер асты суына түсіп, тазарту сүзгісінен өтеді. Оған тыңайтқыш қоспалары қосылады. Тәлімбақты кеңейту жоспарда бар. Сондықтан тағы бір су тоғаны жасалуда. Қарғалы өзенінен су алу түрлі қиындықпен келеді. Мысалы, біз басында кішкентай көшеттер отырғыздық. Көбісі өліп қалды. Енді оларды көшетханада ұстап отырмын,-дейді депутат.
    Оның айтуынша, көшеттер де бала сияқты. Күтім мен баптауды сүйеді. Сондықтан кішкентай тұқым кезінен біздің жергілікті климатқа адаптация жасалса, шығын көп болмайды екен.
    - Біздің көшеттер әлі кішкентай. Олар өскеннен кейін, алқаптарға егілетін болады. Қазір бәрі Еуропа елдерінен ағаш көшеттерін әкеліп отырғызады. Олар өліп қалады. Өте өкінішті. Сондықтан өсімдіктерге ерекше күтім қажет. Көптеген ағаш ғалымдарымен сөйлестім, түсінгенім өсімдік ерекше күтімді талап етеді екен. Топырақ құнарлы, құрамында қышқылды-сілтілік тепе-теңдік болу керек.
    Марат Серғазыұлының айтуынша, келесі жылдың көктемінде барлық көшеттер біздің климатқа үйреніп кетеді екен. Оған мүмкіндік те мол. Ал бірнеше жылдан соң, шахмат әдісі бойынша оларды алқаптан қазып алып, басқа жерге отырғызатын болады. Өйткені, адаптациясы дұрыс жүріп, топыраққа сіңіп кеткен ағаштардың тамыры бір-біріне кедергі келтіруі мүмкін.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыста 12 мың гектар қураған ағаш табылды
  • Егілген көшеттер кімнің бақылауында?
  • Гунтис Витолинс: 15 жылдан кейін бәрі де кеш болуы мүмкін
  • Пушкин атындағы саябаққа жас көшеттер отырғызылды
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге