ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК

    ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК

    “Асылзат” шаруа қожалығының құрылғанына биыл он алты жыл болады. Осы уақыт аралығында ата кәсіпті меңгерген Төлемұрат Әлипов қазір асыл тұқымды сиырларының басын көбейтуді қолға алған. Мемлекеттік бағдарламаларға да белсене қатысып, үкіметтің көмегін бір кісідей көріп отырған шаруа.

    Байғанин ауданы, Миялы ауылының тұрғыны Төлемұрат өз кәсібін дөңгелетіп отырған адам. Адал еңбегінің арқасында отбасын асырап келеді. Төрт түліктің қыр-сырын меңгеріп, бүгінде жеке қожалық ашып жұмыс жасап отыр. Қожалықтың басшысы Төлемұраттың айтуынша, отбасында мал бағу бұрыннан келе жатқан кәсіп екен.
    - Мен жастайымнан мал бағып келемін. Аталарымыз да осы қасиетті төрт түлік малын бағып, өздерінің адал астарын тапқан адамдар. Отбасымызда бағып отырған азғандай малдарымыз бар болатын. Кейін жеке қожалық ашып, мал басын көбейткіміз келді. Сөйтіп, отбасымызбен ақылдаса келе 2001 жылы “Асылзат” шаруа қожалығын аштық. Қожалықта төрт түлік мал өсіріп келеміз. Басында қожалықта сексен бас қой, елу бас сиыр, елу шақты түйе, отыз бас жылқы болды. Малдарымызды бағып, баптап жыл сайын мал санын көбейтудеміз,-дейді қожалық басшысы.
    Қожалық ашылғалы ең алғаш 2012 жылы мемлекеттік “Алтын асық” деген бағдарламаға қатысқан.
    - Бағдарламаға қатысу оңай емес екен. Қаншама құжаттар дайындау керек. Несие алу үшін несиеге қалада орналасқан үйімді кепілге қойдым. Біраз уақыт құжаттарды дайындаумен өтті. Соның арқасында несиеге мемлекеттен 15млн теңге алдым. Несие мерзімін бес жылға алдым. Несиені алған соң, келесі айдан бастап төлей бастадым. Биыл қыркүйек айында соңғы төлем жасалады. Қойларым өздерінің қарыздарын өздері жапты десем де болады. Төлем жағынан аса қатты қиналмадым. Аллаға шүкір бұл қарызымды да қайтарып құтыламын. “Алтын асық” бағдарламасы арқылы 15млн.теңге қаражатқа 500 бас қазақы қой сатып алдым. Оның ішінде 20 бас қошқар. Алыстан емес, өзіміздің Оймауыт, Миялы елді мекендерінен алдым. Қойлар күйлі, жағдайлары жақсы,-дейді Төлемұрат Әлимбетов.

    “ЖӘРМЕҢКЕЛЕРГЕ ҚАТЫСЫП ТҰРАМЫЗ”
    - Аудан аралық жәрмеңкелерде, Ақтөбе қаласында өткізіліп тұратын жәрмеңкелерге барып қатысып тұрамыз. Ет, сүт өнімдерін халыққа арзан бағамен ұсынамыз. Қожалығы бар әрбір адам халықтың жағдайын жасауға тырысады деп ойлаймын. Кішкентай болсада халқына пайдан тиіп жатса, соның өзі бір қуаныш.Ауылдан бөлек Хромтау, Хлебодарка жерінде түйелерім бар. Сол жердегі қарындастарым түйе сауып, шұбатын халыққа сатып отыр. Қала тұрғындарына таза, дәмді, құнарлы шұбат ұсынып отырмыз. Бұл да бір игі іс деп білемін. Қолымыздан келгенше халыққа пайдамызды тигізіп отырмыз. Қазіргі таңда қой өсіруді жайлап тоқтатып жатырмыз. Себебі, қойды күту, бағу қиындау болып тұр. Қойдың көп болуына байланысты қырқым уақытында адам жетіспей қиналып қаламыз. Қойды бағатын малшыларда жетіспейді. Көбісі қой баққысы келмейді. Ірі қараны асылдандырумен айналысып жүрмін. Жақында герефорд асыл тұқымынан 72 ақ бас сиыр сатып алдым. Батыс Қазақстан облысынан сатып алынды. Өз қаражатым есебінен алынған болатын. Болашақта асыл тұқымды сиыр басын көбейтсем деймін. Қойдан қарағанда ірі қара малдың пайдасы көп. Ірі қараның күтімі де жеңілдеу болады,-дейді Төлемұрат ағай.
    “Асылзат” шаруа қожалығында он шақты адам жұмыс жасайды. Жұмысшыларға ай сайын еңбек ақыларын төлеп отыр.
    - Өзімнің бір балам осы қожалықтың жұмысын қарап отыр. Жастардың көбісі мал бағудан қашады. Ол дұрыс емес. Мал бағып, ерінбей еңбек етіп, кәсібің жүріп жатса, нағыз еңбектің арқасы деп білемін. Мал өсіріп, жеке қожалығы бар адамдардың жаман болып отырғанын көрмедім. “Мал баққанға бітеді” деп атам қазақ бекер айтпаған. Мал баққаннан зиян келмесіне сенімім мол. Қазіргі жастардың көбі ауылдан қалаға қашады да тұрады. Қалада баспаналары болса, бір сәрі. Әркімнің бұрышын жағалап, пәтер жалдап күн кешіп жүргені. Мен мал шаруашылығы кәсібімен айналысқан еңбек адамдарын бағалап, мақтан етемін. Нарық кезі тұсында “Асылзат” шаруа қожалығын құрып, несібесін төрт түліктен табуға көшті. Бүгінде шаруашылықтың тірлігі тым-тәуір алға жылжып келеді. Өмір бойғы еңбектен жинақтаған тәжірибемді балаларымның қабыл алғандығы қуантады...Қайта күн көрісі көш ілгері, отбасын қамтамасыз етіп отыр. Қосымша халыққа көп көмегін тигізіп жүреді. Сондықтан мал кәсібін қолдаймын.Төрт түлік малымызға жем-шөбін өзіміз жазда дайындаймыз. Шөп шабатын жеріміз бар. Қожалықта төрт трактор, төрт косилка, камаз бар. Мұнымен шектеліп қалғымыз келмейді. Мемлекеттік бағдарламаларға тағы қатысқым келеді,- дейді қожалық басшысы.
    Бірінші несиесін төлеп бітіріп алған соң, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу ойында бар екен. Оның айтуынша, несие алған жақсы. Алайда құжаттар дайындау оңай шаруа емес екен. Оның үстіне кепілге қоятын мүлік болу керек. Біраз уақыт құжат рәсімдеуге кететінін айтты ол.
    - Менің айтарым қожалығы бар адамдар мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алудан қорықпау керек. Себебі, мал басын аман сақтап қалсаң, несиені жабуға болады. “ҚазАгроҚаржы” АҚ арқылы лизингке техникалар алдым. 2 трактор, косилка алдым. Лизингке алған техникалардың төлемін жылына бір рет төлем жасап қайтаруға болады. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына деген көптеген бағдарламалары тиімді. Қай жағынан алып қарасаңда өте ыңғайлы. Біз сияқты шаруа адамдарына үлкен көмек болып отыр. Қазіргі уақытта өз қаражатымнан жаңадан база салып жатырмыз. Ендігі жоспарым малды бордақылау алаңын ашсам деп ойлап жүрмін. Қаражат жағы аздап қысып тұр. Кәсібінен береке тауып отырған қожалық басшысы “еңбек бәрін жеңбек”,- дейді қожалықтың басшысы.
    Өмірін малсыз елестете алмаған қазақтың бүгінгі ұрпағының көбісі мал бағуды ар санайды. Шынтуайтына келгенде, мал бағу – нәпақа табудың көзі. Тепсе темір үзетін жігіт ағаларының өзі мал бағудан қашады. Екі қолды қалтаға салып алып, бос жүргені. Олардың түсініктері бойынша жұмыс жасау деген - тапсырған жұмысты орындаумен, айдың соңында еңбекақы алумен шектелсе керек. Жеке кәсіппен айналысып, табыс көзін тауып, өз бетінше әрекет ету жұмыс болып саналмағаны ма сонда?! “Азандағы мал үні, бабамыздың гимні” деп Қадыр ақын жырға қосқандай, өрістегі төрт түлік мінсе - көлік, жесе - ас, ішсе - сүт, кисе - киім бола білгендігімен бағалы. Әйтсе де қолдағы малдың қадірін білуге келгенде енжарлық танытып қалатындығымыз бар.

    “Алтын асық” бағдарламасы туралы не білесіз?

    Бағдарлама мақсаты: Етті және етті-майлы бағыттағы ұсақ мал санын ұлғайтуды қамтамасыз ету
    Нысаналы мақсаты: ұсақ мал аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін қаржыландыру
    Сомасы: 500 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін
    Несие желісінің мерзімі: 84 айға дейін
    Негізгі борышты өтеу бойынша кезең: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады
    Жобаға қойылатын негізгі талаптар: сатып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 12 айдан бастап 36 айды қоса; сатып алынатын ұсақ мал аналық басын қаржыландыру көлемі бір басы үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Сыбағаның” игілігін көрген шаруа
  • Мемлекеттің көмегі мол
  • Қазақтың кәсібі - мал
  • Ауыл көмексіз қалмайды
  • Ризығын малдан тапқан қожалық
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге