Ескі қойма өртеніп кетті

    Ескі қойма  өртеніп кетті

    Мамырдың 20-сы күні бұрынғы “Сельмаш” зауытының қоймасы түгі қалмай, өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тап осы сәрсенбі күні Ақтөбеге суық су беру шектелгендіктен Сазды су қоймасынан уақытша бекет ашуға мәжбүр болған. Бұл туралы “Керек.info” тілшісіне өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары Талғат Ысқақов хабарлады.

    “Сельмаш” зауытының қоймасы өртеніп жатқандығы жөніндегі хабар өрт сөндіру бекетіне сағат 11:27 -де түскен. Тілсіз жау 1000 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында №4 және №2 өрт сөндіру қызметкерлері, 2 автоцестирна және 30- дан астам адам екі сағат бойы қызыл жалынмен алысты.

    -Біздің бұл жерде тұрып жатқанымызға бірнеше жыл болды. Қойманың жан-жағының барлығы дуал. Бізге ештеңе көрінбейді. Мен қойманың өртеніп жатқанын 11:30 –дар шамасында көрдім-дейді оқиға куәгерлерінің бірі Әсел Ким.

    20 мамыр күні “Ақбұлақ” АҚ қоғамы Тамдыдағы су қоймасының жөнделуіне орай Ақтөбе қаласына суық су беруді шектеген болатын. Суық судың тоқтатылуы өрт сөндірушілердің жұмысына қиындық келтірді. Олар су жетіспегендіктен Сазды су қоймасынан уақытша бекет ашуға мәжбүр болды.
    Өрт сөндіру барысындағы тағы бір қиындық - өрттің қараусыз қалған аймақтан шығуы. Иесіз қалған қойманың маңы күл қоқысқа толы. Өрт сөндіретін машиналардың оқиға орнына жетуіне де кедергі келтірген осы жайт болды.

    Өрт сөндіру қызметі жетекшісінің орынбасары, майор Талғат Ысқақовтың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
    - Өрт сөн-дірушілер келген кезде қойманың төбесі опырылып ішіне түскен. Жалындап жанып жатты. Біз ең алдымен өрттің жайылып кетпеуінің алдын алдық.

    “Керек.info” тілшісі оқиға орнында сәрсенбі күні сағат 12:50 -де болды. Ол кезде өрттің беті қайта бастаған. Ескі қоймадағы өрт сағат 13:34 –те өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде ертең салқын су болмайды
  • үш адам өзін өзі өлтірмек болды
  • Алматыдағы “Адем” СҮ өртеніп кетті
  • Қурайлыда жол опырылып, көлік түсіп кетті
  • Жүргенов атындағы өнер академиясының ғимаратынан өрт шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге