Қала әкімі жартыжылдықты қорытындылады

    Қала әкімі жартыжылдықты қорытындылады

    Ақтөбеде биыл 14 балабақша ашылады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына 1045 бала қабылданбақ. Жыл соңына дейін ұзындығы 11 шақырымға жуық автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткізіледі. Әзірге жоспарланған 14 нысанның біреуінде жұмыс толықтай аяқталған.

    Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығын қорытындылады. Кеңейтілген жиынға қала әкімінің орынбасарлары, маслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлік субъектілердің, басқарушы компаниялардың басшылары қатысты. Жиын барысында атқарылған жұмыстар талқыланып, алға қойылған мақсат-міндеттер айқындалды. Қала әкімінің айтуынша, Ақтөбеде қазір 350-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Жыл басынан бері 253,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында үш жобаны іске асыру жоспарланған еді. Оның алғашқысы-металл бұйымдары мен кірпіш шығаратын Ұлан компаниясы ЖШС сәуір айында іске қосылған. Қалған екі жоба жыл аяғына дейін қолданысқа берілмек. Бұл 160 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің жұмсалуы жөнінде баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.
    - Ақтөбеде 43,6 мың шағын және орта бизнес субъекті тіркелген. Оның 32,8 мыңы жұмыс істеп тұр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, “Бизнестің жол картасы — 2020” бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектісінің 75 жобасы қолдауға ие болды. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ретінде берілген қаржының жалпы құны 3 509,9 миллион теңгені құрайды,— деді ол.
    Рузия Айдашеваның айтуынша, қалада супермаркеттер мен мейрамхана желілері ашылуда. Қазір “KFС” халықаралық желісіндегі мейрамхананың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ инвесторлар Батыс-2, Батыс-3 және Нұр Ақтөбе аудандарында заманауи сауда орындарын салуға ниет білдіруде.
    Қала әкімі жиын барысында бюджет қаржысын уақытылы игере алмай отырған Новый ауылдық округінің әкімі Бақыткелді Мыңжасардың атына сын айтты.
    -Облыс әкімінің Новый ауылдық округінің болашағына қатысты жоспары үлкен. Ол жерде 6 ғимаратты біріктіріп, медициналық кластер құрылуда. Туберкулез ауруханасы салынып жатыр. Бірақ ауылда әлі күнге дейін саябақ жоқ. Жоба жасар кезде, комиссиядан рұқсат алу керек еді. Сол себепті жер әлі күнге берілмей отыр. Бұл-ауыл әкімінің кемшілігі, - деді әкім.
    Жиында қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров та есеп берді. Ол аграрлық саланың дамуы, қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров баяндады.
    — Биыл Ақтөбе қаласында 49 шаруашылық 27,1 мың гектар алқапқа егін салды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6 мың гектарға артық. Күздік дақылдарды егу жұмыстары басталды. Әр гектарынан 8 центр өнім алынады деп күтілуде. Ал мал шаруашылығы былтырғымен салыстырғанда ет өндіру 3128,3 тоннаға, сүт өндіру 10133,6 тоннаға , сондай-ақ жұмыртқа өндіру 60474 тоннаға өсті, — деді Нағымжан Алдияров.
    Оның айтуынша, биыл асыл тұқымды 170 ірі қара, 200 қой мен 50 жылқы сатып алынуы қажет.
    - Бүгінгі күні Ақтөбе қаласындағы шаруашылықтар 112 асылтұқымды ірі қара мал сатып алды. Басым бөлігі Ресей Федерациясынан әкелінді. “Айқар” шаруа қожалығы Батыс Қазақстан облысынан асылтұқымды 20 қошқар сатып алынды. Қазір 200 аналық қой сатып алуға несие алу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал алу үшін 2,3 млн теңге субсидия берілді, — деді қала әкімінің орынбасары.
    Дегенмен ол несие пайызының жоғарылауына байланысты “Алтын асық”, “Құлан”, “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламалары орындалмай отырғанын атап өтті.Өйткені биыл мемекеттен берілетін 7 пайыздық субсидия берілмей қалған. Сондай-ақ ол қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Қаланың орталық көшелеріне жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдасты 950 ағаш егілген. Қазір мердігер компаниялар оларды суарып, баптап-күту жұмыстарымен айналысуда. Қала аумағындағы 621 шақырымдық автокөлік жолының 34 пайызы жарамсыз. Биыл 14 нысан күрделі жөндеуден өтпек. Әзірге оның біреуі-Қурайлы ауылындағы Жеңіс көшесінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.Кездесу барысында білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер де айтылды. Биыл 14 балабақша ашылып, 5 мектеп қолданысқа беріледі. Бұл 4 мектептегі үш ауысымдылық жүйені жоюға мүмкіндік бермек. Қала әкімі барлық мемлекеттік мекемелерді бірлесе жұмыс істеп, жауапкершілік танытуға шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе қаласы он есе артық салық түсірді
  • Әйтеке би ауданы: Жақсылық пен жаңалық
  • Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бұзылуы мүмкін
  • Ақтөбеде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
  • Нағымжан Алдияров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге