Ақтөбеде жаңадан 40 автобус іске қосылды

    Қаладағы қоғамдық көліктердің қатары толықты. 40 автобус алуға бюджет қаражатынан 1,2 млрд. теңге бөлінген.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жаңа автобус пен “AktobeBUS” мобильді қосымшасы таныстырылды.
    - Ақтөбе құтты мекен болу керек. Ақтөбенің тұрғындарына, қонақтарына барлық жағдайды жасауымыз керек. Ақтөбе тұрғындарының наразылығы көбіне автобустардың кешігіп келуін айтып жатады. Қалаған жеріне қалаған уақытында жете алмайтындығын айтады. Сол үшін биыл Ақтөбе қалалық әкімшілігі жиырма бес автобус алдыртса, бүгін қосымша қырық автобус алынып отыр. Біздің мақсатымыз - жаңа заман талабына сай автобус қала тұрғындарына, қонақтарына сапалы қызмет ету. Мемлекет басшысы Назарбаевтің тапсырмасына сәйкес, рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша автобустарға батыр-бабаларымыздың есімдері жазылған. Автобустағы жүргізушілер жолаушыларға айтып, мәлімет береді. Біздің мақтанышымыз “Ақтөбе” футбол клубының эмблемасы бейнеленген. Жаңадан баскетбол құрамасы құрылды. Жастарды спортқа тарту қажет,-деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
    Қала әкімі Ильяс Испанов жүргізушілерге автобус кілттерін табыстады. Ақтөбе жолаушылар тасымалы кәсіпорынның директоры Азамат Тайтақовтың айтуынша, мобильді қосымшаның тиімді жақтары көп екен.
    - “AktobeBUS” мобильді қосымшасы таныстырылды. Мобильді қосымша қала тұрғындарына, қала қонақтарына онлайн режимінде жұмыс жасайтын болады. Яғни, үйде отырып қалаған автобустарымыздың қай жерде, қандай бағыттармен келе жатқанын көре аламыз. А нүктесінен Б нүктесіне дейінгі маршрут салу функциясы бар. Енді адамдар автобустардың қанша уақыттан кейін келетінін көріп отыратын болады. “AktobeBUS” мобильді қосымшасы Ақтөбе қаласының әкімдігімен қаңтар айынан бастап қолға алынған болатын. Мобильді қосымшаға шағымдар мен ұсыныстар қалдыруға болады. “AktobeBUS” мобильді қосымшасын “AppStore” және “PlayMarket” қызметтерінде қол жетімді. Тегін жазып алуға болады. Мобильді қосымша Астана, Алматы қалаларында бар болатын. Енді Ақтөбе тұрғындары да осы қызмет түрін пайдаланатын болады,- дейді Азамат Тайтақов.
    Жаңадан іске қосылған автобустардың интервал уақыты 5-7 минут. Жол ақысы қымбаттамайды. Алдағы уақытта Қазақстанның Даму Банкімен бірлесіп 100 автобус алу жоспарлануда.
    - Бізге облыс және қала әкімінің қолдауымен жаңадан қырық автобус беріліп жатыр. Халықтың көптеген мәселелерін шешетін болады. Жол жүру бағыттары да толықтырылып жатыр. Әуеқалашығы, Юнис Сити тұрғын үй кешені, “Болашақ” тұрғындарына жақсы болды. Енді ол жерлермен автобустар тез жүретін болады,- дейді бас инженер.

    Жүргізуші Әлібек Шукеновтың жұмыс жасағанына бес жыл болыпты.
    - Мен жүргізуші болғаныма бес жылдан асты. Жұмысыма үйреніп қалыппын. Бір апта жұмыс істеп, екі күн демаламыз. Таңғы бестен кешкі тоғызға дейін жұмыста жүреміз. Қасымда кондуктор болып жолдасым шықты. Бұрын ескі автобуста жұмыс істедім. Енді жаңа автобустың тізгінін алғалы отырмын. Жаңа көлік болған жақсы ғой,-дейді автобус жүргізушісі.

    Автобустың кондукторы Жайна да өз өзінің жұмысына адалмын дейді.
    - 2008 жылдан бері кондуктор болып жұмыс жасап келемін. Тұрмыстамын, балаларым бар. Жолдасым да жұмыс жасауыма қарсы болған емес. Бұрын 19 автобуста жұмыс істедім. Енді міне жаңа 8 автобусқа ауысып жатырмын. Бұнда жаңа автобус, іші бәрі ыңғайлы. Суреттеріміз ілініп тұрады. Арнайы киімдер киеміз. Жаңа автобусқа ауысқаныма қуанып тұрмын,-дейді Жайна.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Бердібек Сапарбаев: “Жол ақысы қымбаттамайды!”
  • Автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
  • Ақтөбеде газбен жүретін автобус паркі ашылмақ
  • Жаңадан ашылған ХҚКО-на автобус қатынай бастады
  • Бау-бақшаға автобус қатынай бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге