Ақтөбе облысында өрт күшейіп тұр

    Ақтөбе облысында өрт күшейіп тұр

    Жаз басталғалы Ақтөбе облысының Ойыл, Әйтеке би, Мұғалжар, Байғанин және Қобда аудандарында бірнеше рет дала өрті тіркелген. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті билік пен еріктілер жасағы жұмылдырылған.

    Бір ғана Байғанин ауданы аумағында 10 мың гектар алқап өртке оранған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, соңғы жылдары дәл осындай ірі дала өрті тіркелмеген. Кемерші ауылы маңында құрғақ шөп екі тәулік бойы жанған. Жалпы жаз шыққалы 3 орман өрті және 30 гектар алаңда дала өрті тіркелген. Одан бөлек 13 мың гектардан астам аумақта 132 өрт шалу оқиғасы болған. Тілсіз жаумен күреске барлығы 2 мың адам мен төрт жүзге жуық техника жұмылдырылған. Қосымша мобильді топ сақадай сай дайын тұр. Ғарыштан бақылау дала мен орман өртін алдын – ала анықтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, биылдың өзінде 12 гектар орман аумағы отқа оранып үлгерген.

    Өрттің қарқыны күшті
    Күннің ыстығы қырық градустан асса, дала мен орман өртенуінің қаупі ұлғаяды. Мамандар ондай өрт тұтас ауылдарға жайылып кетуі мүмкін екендігін ескертеді.
    - Облыс аумағында 12 гектарды құрайтын 3 орман өрті мен 30 гектарды жалмап кеткен бір дала өрті тіркелді. Салыстыра айтар болсақ, өткен жылы орман бір рет өртенді де, дала өрті болмады. Биылғы жылы аймақ бойынша 145 рет өртену фактісі тіркелді, олардың жалпы аумағы – 14 мың гектар. Солардың ішінен төртеуін төтенше жағдай деп тіркеуге алдық. Биыл өрт жиі тұтануда, былтырғыдан 4 есе көп (36 өрт – ред) аумағы 40 есе жоғары,-деді брифингте сөз алған Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар Департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Ернар Өтегенов.

    Өрттің көп бөлігін еріктілер сөндірген
    2000-дай адам мен 357 техника тілсіз жаумен күресті. Оларға ТЖД-нің 158 маманы мен 34 техникасы көмек берген.
    - Бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Өрттің 70 пайызын қарапайым адамдар сөндірген,-деді Өтегенов бір сөзінде. – Себебі ауылдық жерлерде өрт сөндіру техникасы мен мамандар жоқ. Олармен жергілікті әкімдер айналысады. Сондықтан әкімдік ерікті адамдардың басын қосып, оларға өртті дұрыс сөндірудің тәртібін үйретуге мәжбүр. Өрт болған жағдайда өздері алып барады.
    Биылғы жылы өртке қарсы іс-қимылға 25 миллион теңге қаржы бөлінген. Мамырда республикалық, сосын облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген.
    - ТЖ департаменттері барлық ауданда мобильді топтар құрды. Олардың қолында 700-дей техника бар, соның 17-сі өрт сөндіргіш көлік. 5 өртке қарсы пойыз бар. Топта 4000-дай адам бар. Өрт сөндіретін жедел топта 100 адам күні-түні сақадай сай,-деді полковник.

    Ғарыштан бақылау
    Соңғы кезде жаңа тұтанған өртті тез анықтау үшін, Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері ғарыштық мониторинг қолданатын болды.
    - Ғарыштық сигналдың арқасында біз 45 жаңа тұтанған өрттің алдын алдық. Суреті бар дабыл кезекші бөлімге кеп түскен соң, біз өрт шыққан жердің координатын лезде анықтап, ертерек сөндіріп тастадық. Соның арқасында қайғылы жағдайлардан аулақпыз,-дейді Ернар Өтегенов.

    Қостанайдан жеткен өрт
    “Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы” ММ жыл басынан бері орман шаруашылығымен айналысып келеді. Ырғыз ауданынандағы өрт біраз қиындық тудырды.

    - Біз Ырғыздың орман шаруашылықтарының бірінде басталған өртпен арпалыстық. Бұл өрт Қостанай облысынан басталып, біздің аймаққа шейін жетті. Өрт сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған 12 гектар аумақтың 1 гектарын бұталар алып жатқан болатын,- деп есіне түсірді департамент жетекшісінің орынбасары Әнуарбек Бермағанбетов.
    Айта кететін бір жайт, аймақта 7 орман шаруашылығы өрттің алдын алу шараларымен айналысады. Олар ақпараттық стенділер орнатып, халыққа табиғат аясында демалу кезінде қаупсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

    Адамдар кінәлі
    Өкінішке қарай, статистика он өрттің тоғызы адамдардың кесірінен екенін айтады. Олар автожолдардың шетіне темекі қалдығын сөндірместен лақтыра салады, табиғатта демалып, кетерде жаққан отты өшірмейді. Ал, ми қайнатқан ыстықта шоқтың алапат өртке айналуы қазір-ақ.
    - Адами фактор – барлық келеңсіздіктердің себебі,-деді Өтегенов. –Тек бір рет қана өрт найзағайдың себебінен тұтанып кеткен. Жол бойындағы жатқан темекі қалдықтары желмен ұшып тұтанады, өзен мен орманға демалуға шыққан адамдар өздерінен кейін отты сөндірмей кетеді. Сондықтан бізге полиция қызметін пайдаланып, рейд жүргізіп, айыппұл салудан басқа амал қалмайды.
    Биылғы жылдың жаз маусымында сондай 112 рейд жүргізілген. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған 65 факті тіркелген. 9 адам ескерту алып, 56-сы жалпы сомасы 807 мың теңге құрайтын әкімшілік айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған адамға 3-тен 120 МРП-ға дейін айыппұл салынады.

    Бірінен соң бірі
    2015 жыл құрғақшылық болды. Жаңбыр аз жауып, салдарынан 450 рет өрт тұтанып, 13 рет орман тілсіз жауға оранды. Былтыр жеңіл болды. Биыл тағы бірінен соң бірі өрт.
    - Ауылдағы элеваторға дейін өртенді, оны сөндіруге бүкіл күшімізді жұмсадық. Былтыр орман өрті болмады. Біздің аймақтың 47 гектарын орман алып жатыр. Жазда халыққа орман аумағында демалуға тыйым салынады,- дейді “Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы” ММ жетекшісінің орынбасары Әміржан Оразғалиев.

    Өрт тұтануының бір себебі құрғақшылықтан да болуы мүмкін.
    - Дәл қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелер құрғап қалған ағаштарды кесіп, санитарлық жұмыстар жүргізуде. Біз 516 гектарды шауып тастадық. Мақсатымыз – өртке дайын болу және орман аумағын құрғап қалған ағаштардан тазарту,-деді Оразғалиев.

    Отқа оранған аумақтың көлемі 40 есеге жуықтады. Мамандар айтқандай шілде мен тамыз нағыз өрт қауіпті кезең болып табылады. Биыл осы маусым басталғалы орман, дала алқаптарында өрттер саны артып отыр. Бас-ты себебі әдетте адамдардың салғырттығынан. Өрттің алдын алу шараларына бюджеттен 25 миллион теңге қарастырылған. 697 бірлік техника, 17 өрт сөндіру техникасы, сол сияқты 5 өрт сөндіру пойызы, 4 мыңға жуық адам жедел мобильдік топ үнемі дайын тұрады. Дала өрті көп жағдайда спутник арқылы анықталып тез арада сөндіріліп жатыр. Ғарыштық құрылғылар арқылы 45 өрт оқиғасы анықталып сөндірілді. Айтпақшы, орман мен дала өртінен ешкім жапа шеккен жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Құршасай ауылы “өртенді”
  • Ойылда екі күннен бері дала өртеніп жатыр
  • Облыста 12 мың гектар қураған ағаш табылды
  • Су қоймаларындағы су деңгейі көтеріліп жатыр
  • Ормандар мен алқаптар ғарыштан бақыланады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге