Зейнетақыңыз өсті ме?!

    Зейнетақыңыз өсті ме?!

    “Керек.info” газетінің хат қоржынына 84 жастағы тыл ардагері, зейнеткерден хат келді. Ақтөбелік Қорқытбай Шадин зейнетақысының көлеміне күмәнданады екен. Біз ақсақалдың өтінішін жерге тастай алмадық.

    - Менің жасым 84-те. Тыл ардагерімін. Өмір бойы елде тұрып, Ақтөбеге жақында көшіп келдік. Көздің көруі, аяқтың жүруі нашарлады. Сізден өтінерім мен пенсияға шығар уақытта себеппен құжаттарымды сәлемшіден собеске (Шалқарданмын)беріп жібергенмін. Бірақ мен берген пенсияны алып келе жатырмын. Қандай құжаттарым өтті ме, өтпегені бар ма, дұрыс алып келе жатырмын ба, жоқ па соған күмәнданамын да отырамын.Оны жүріп іздеуге шамам жоқ. Кімнен сұраймын, қайда барамын білмеймін. Пенсияны алғаным болмаса ештемесіне түсінбеймін. Әркім әртүрлі әңгімелер айтып жатады. Саңырау құлағымды тосамын, бірақ менде қалай екенін білмеймін. Сондықтан сізден өтінерім, менің кейбір көмескі түсінбей жүрген пенсия туралы сұрақтарыма құлақ асып, жауап алып беріңізші,- (хат орфографиясы сақталды - ред) делінген хатта.
    84 жастағы тыл ардагерінің өтінішін арқалап, “Әлеуметтік төлемдерді ведмоствоаралық есептеу орталығы” Ақтөбе облыстық департаментінің есігін қақтық. Департамент директорының орынбасары Бақытбек Ілиясовтың айтуынша, қарттың еңбек өтілімі жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр екен.
    - Зейнеткер Шадин Қорқытбай қарияның сұранысы бойынша құжаттарын толық қарап шықтым. 1993 жылы Шалқар ауданында зейнетке шыққан. Жұмыс жасаған кезеңдері толық жазылған. 1954 жылдан 1993 жылға дейін еңбек еткен жылдары толығымен тіркелеген. 38 жыл, 3 ай еңбек өтілімі есепке алынған. Осы бойынша зейнетақы алып отыр. 2018 жылы базалық зейнетақысы жаңа дәрежеде қайта есептелінеді. Оның өзінің есептеу көрсеткіштері, ережелері бар. Шадин қарияның еңбек өтілімі жоғарғы көрсеткіштен асып тұр. Еңбек өтілімі жеткілікті,- деді Бақытбек Ілиясов.
    Басқармадағылар хат иесі Қорқытбай Шадин қарияның үш түрлі зейнетақы алып отырғанын да алға тартты.
    - Біз төлем орталығымыз. Бірақ құжаттарды қабылдайтын халыққа қызмет көрсету орталығымыз. Құжаттар келесі кезекте төлем орталығына келіп түседі. Біз есебін жасап, “Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек департаментіне жөнелтеміз. Одан әрі департамент тексеріп шешімін бекітеді. Департамент бекіткен соң, төлемді біздер төлейміз. Кез келген азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша келіп, ақпарат алуға болады. Шадин қарияның тағы бір сұрағы бойынша айта кетейін, биыл жеңіс күнінде тыл ардагерлеріне жетпіс мың теңге қаражат берілгені рас. Бірақ, бұл жергілікті төлемнен беріледі. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалармен қамту бөлімі төлейді. 9 мамыр қарсаңында біздің мекеме тыл ардагерлерінің тізімін бердік. Шадин қария тізімде болды. Одан әрі төлемге сол мекеме жауапты. Қазіргі таңда Шадин зейнеткер үш түрлі төлем алып отыр. Жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы, арнаулы жәрдемақы,- деді Бақытбек Ілиясов.

    Ақтөбе облысында жасына байланысты зейнетақы алатын 89 979 адам бар. Базалық зейнетақы алатындар саны 89 923. Биыл шілде айында зейнетақы төлемі біраз өзгерістерге ұшыраған болатын.
    - Президенттің жолдауы бойынша 2017 жылы 1 қаңтарда зейнетақы өсті. Жасына байланысты зейнетақы тоғыз пайызға өсті. Базалық зейнетақы зейнет жасына жеткен ешқандай еңбек өтіліміне қарамайтын, үкімет бекіткен зейнетақы. Базалық зейнетақы жеті пайызға өсті. Көптеген жәрдемақылар да өскенін айтсақ артық етпес. 2017 жылдың шілдесінде жасына байланысты зейнетақы он бір пайызға, базалық зейнетақы он үш пайызға өсірілді. Екеуін қосып қарасаңыз жиырма пайызды құрайды. Жәрдемақылар өсірілмеді. Салыстырып айтқанда базалық зейнетақы жеті пайызға өскенде 12 802 теңге болды, ал он үш пайызға өскенде 14 466 теңгені құрады. Жасына байланысты зейнетақы еңбек өтіліміне байланысты әртүрлі шығады. Шілдеден бастап бала туылған кезде берілетін бір жолғы жәрдемақы жиырма пайызға өсті. Бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы 86 222 теңге болды. Ал, төртінші одан да көп туылған балаларға берілетін бір жолғы жәрдемақы 142 947 теңге болды,-дейді департамент директорының орынбасары.
    Ең төменгі зейнетақыны алу үшін ер адамда жиырма бес жыл, әйел адамда жиырма жыл еңбек өтілімі болуы керек. Жасына байланысты зейнетақы 1998 жылға дейінгі жұмыс жасаған жылдары алынады. Бұл заң 1998 жылы күшіне енді. 2013 жылы қайта қаралды. Көптеген адамдардың еңбек өтілімдері жиырма жылға жетпей жатады. Сондықтан жұмыс жасаған жылдарын есептейды. Ең төменгі шегі кемінде алты ай жұмыс жасау керек.

    Мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақы төлемдері мүгедектің топтарына байланысты болады. Мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақы екі төлемде беріледі. І топ мүгедектеріне екі төлем қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 43 538 теңге. Мүгедектігіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 3381теңге.
    ІІ топ мүгедектеріне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 33 999 теңге. Мүгедектігіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 3381 теңге. ІІІ топ мүгедектеріне берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 23 973 теңге. Мүгедектігіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 1453 теңге алады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кімдер зейнетке ерте шыға алады?
  • Зейнетақы өседі
  • БЖЗҚ қайтыс болған туыстардың жеке зейнетақы шотының болуын не болмауын тексеруді өтінеді
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жаңа ғимараты ашылды
  • Зейнетақы төлеу орталығының мекен жайы өзгерді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге