“Бізге қашан жер бересіңдер?!”

    “Бізге қашан жер бересіңдер?!”

    Ақтөбелік Самалхан Селбаева мен Ербол Әбдіхалықов өздеріне тиесілі жер телімдерін ала алмай жүр. Тіпті, жер кезегінен белгісіз себептермен шығып қалғанын айтады. Бұл мәселеге редакция араласқан соң, ақтөбелік тұрғын өзінің аты-жөнін тізімнен қайта тапты. Тағы бір кезекте тұрған адам өзінің тізімнен алынып тасталғанын, ал жерін бөтен адамға бергенін айтты.

    “Барлығы бізден бас тартты”
    “Нұр Отан” ғимаратының жанына келген екі ақтөбелік журналистерге өздерінің проблемаларын жайып салды. Олардың айтуынша, жер телімін алуға өтініш жасап, тізімге тіркелгенмен, кейін кезекте тұрғандардың ішінен аты-жөндерін таппай қалған.

    - 2004 жылы ұлым Ерғали Әсет Амандықұлын жер телімін алушылардың кезегіне қойды. Ол жыл сайын белгіленіп отырды. Тіпті таңнан кешке шейін кезекте тұрып, сол жерде қонған кезі де болды. Сосын қаржы полициясы журналды тексереміз деп алып кетті. Біздің алдымызға жаңа журнал әкелді. Бірақ оның ішінде ұлымның фамилиясы болған жоқ. Бармаған жерім жоқ. Жер қатынастары бөліміне, прокуратураға барлығына арыз бердім. Бірақ олар маған көмек беруден бас тартты. Кезекте тұрғанымызға 10 жыл болды. Мен өзіме тиесілі жерді алғым келеді. Өтініш, талон – бәрі бар. Енді не істесем болады? - деді Самалхан Селбаева.
    Ал Ербол Әбдіхалықов өзіне тиесілі жердің басқаға берілгенін айтады.
    - 2003 жылы ағам екеуміз жер алу үшін кезекке тұрдық. 4 жылдан кейін жер қатынастары бөліміне барсақ, өтініш тіркеген нөмір бойынша фамилиям табылмады. Меніңше, нөмірді басқа адамға берді. Журналда солай жазылып тұр. Менің жерім Бақытқалиев деген біреуге берілген. Мұрағаттан жазған өтінішімді тауып беруін талап еттім. Олар өтініштердің өртелетінін, сақталмайтынын айтты. Прокуратураға арыз жаздық, онда да қолымда талон болмаған соң, көмек беруден бас тартты. Ештеңе дәлелдей алмайтынымды айтып, сотқа жүгінуіме кеңес берді,-дейді ол.

    Ерғали Әсет тізімнен табылды
    “Керек.info” газетінің журналисі жер қатынастары бөліміне хабарласты.
    - Тіркеу журналында Ерғали Әсеттің 2004 жылдың 2 маусымында жазған (кіріс хат №5073) өтініші бар. Алайда ол жер телімін алу кезегіне емес, құрылыс салуға рұқсат сұрау түрінде өтініш жолдаған. 2006 жылы “Ақтөбе қаласының қала құрылысы және архитектура бөлімі басқармасы” осыған қатысты қызметтерді өз құзырына алған соң, бөлім жеке құрылыс салу үшін жер телімін беру функциясын ғана қабылдаған, - деп түсіндірді жер қатынастары бөлімі жетекшісінің орынбасары Жомарт Сарманов.

    Неге жер алу кезегінен алып тастайды?
    Жеке тұрғын үйге жер аумағын алу тізімінен кезекте тұрғандарды төмендегі жағдайлар бойынша алып тастай алады:
    1. Өз еркімен
    2. Кезекте тұрған адам қайтыс болса
    3. Жер телімін тегін алса
    Қолыңызда кезекке тұрғаныңыз жөнінде хабарлама болса ғана, еш алаңдамай жүруге болады.
    - Сіз жер қатынастары бөліміне өтініш беру арқылы хабарламаны қайта жаңартып алуыңызға болады. Жыл сайын әкімдікке келіп, белгіленіп отырудың еш қажеті жоқ,-дейді Жомарт Сарманов.

    Сонда да редакция тарапынан ресми сұрау салынған соң, Ерғали Әсетті жер кезегінен тапты.
    - Кезекте тұрғандардың электронды базасында Ерғали Әсеттің 2008 жылы 8 мамырда жер телімін алу жөнінде жазған өтініші № 8896 нөмірімен тұр,- деді Жомарт Сарманов.
    Бұған дейін шенеуніктердің Ерғали Әсетке неліктен кезекте тұрғаны жөнінде ақпарат бермегені түсініксіз жайт.
    “Кезекте жоқсыз”
    Әбдіхалықовқа келсек, оның жағдайы әлдеқайда қиын болып шықты.
    - “Ақтөбе қаласының қала құрылысы және сәулет бөлімі басқармасының” “Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімі басқармасына” берген кезекте тұрғандардың электронды базасында және қағаз түрінде де Әбдіхалықов Е.С. 2003 жылы 15 қазанда № 9033 нөмірімен тіркелген өтініші жоқ,-деді Жомарт Сарманов. Бірақ 2003 жылдың кіріс журналында № 9033 нөмірімен Ж.Бақтыбаев деген кісінің өтініші тіркелген.
    Жер қатынастары бөлімінде Е.С.Әбдіхалықовқа сотқа арыз беру керектігін айтты.

    Жеке тұрғын үйге жер телімін алу тізімінен өзіңізді қалай іздеу керек?
    Ақтөбе қаласы әкімдігінің сайтына кіріңіз. Ол үшін akimataktobe.gov.kz теру арқылы “Халықпен жұмыс істеу” белгішесін басып, “Тізімдер”, “Жер алуға тұрған азаматтардың тізімін” басу арқылы қажетті тізімді жүктеп ала аласыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 2006 жылы кезекте тұрғандарға жер берілуде
  • 134 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр
  • Жалғызбасты әйелді тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып жіберген
  • 2003 – 2005 жылдары жер телімін алуға өтініш білдіргендер іздестірілуде
  • Тегін берген жерді алмай жүргендер көп
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге