Бекқұлбаба ауылында көше жарығы теріс орнатылған

    Ауыл тұрғындарының айтуынша, көшелердің орнына бос қалған жер жарықтандырылған. Айдалаға жарық түсіп тұрса да, бұл ауылдың тұрғындары қараңғы көшемен жүруге мәжбүр.

    Бекқұлбаба ауылы Благодар селолық округіне қарайды. Бұл ауылдың тұрғындары неше жылдан бері қараңғы көшеде өмір сүріп келеді. Жарық жоқ емес. Бірақ, ол айдаланы жарықтандырып тұр. Осыған ренжіген ауыл тұрғындары редакцияға хабарласқан болатын.

    - Осы бос қалған жерге жарық шамдарын осыдан екі жыл бұрын қондырыпты. Шамдарға электр көзі тартылған ,уақытылы жарық беріп тұрады.Бір ескеретіні бұл алаңқайда ештеңе өспейді,жарық шамдарын бұл жерге не себепті орнатқандары белгісіз. Ал осы уақытта ауылдың жаңадан салынған аймағындағы көшелерде жарық көзі жоқ.Балалар мектептен оралғанда қараңғы көшелермен өтеді. Біздің жолдарымызды көрсеңіздер,көктемде де, күзде де саз балшық. Ең болмаса жолдарды ұсақ тастармен жауып берсе,- дейді тұрғындар.

    Басқа жерде қондырылған
    Благодар селолық округі әкімі Бақұзақ Дариннің айтуы бойынша, бос жатқан жердің жарықтандырылуы кездейсоқ жағдай.
    - Шыны керек,құрылыс бөлімі жобаны қате дайындаған. Жобалық-сметалық құжатты ауылдың ескі аймағына жасаған. Ал ауылдың жаңа бөлігі ол кезде жаңадан қаланып жатқан болатын. Ескі бөлігі жеке жүйе ретінде “Энергосистемаға” жатады. Сондықтан бюджет қаражатын (ауылдың ескі бөлігіне –авт.) жұмсауға болмайтын. Ақыр соңында қаражатты жаңадан салынып жатқан жерге ауыстырған. Ал сол уақытқа дейін үйлер басқа жерде салынған,-дейді әкім.

    Тығырықтан шығар жолды өздері іздеп жатыр
    Әкімнің айтуынша, Бекқұлбаба ауылының барлық аймақтарын жарықтандыруға қаражат жетпеген. Сол себепті ауылдағы жарық шамдары “шахмат тәртібінде” қондырылған.
    -Біздің мамандар кеше ол жерге барып қайтты. Ол жақтағы үйлердің жарығы шалыс істеп тұр. Және бүгін сағат 5-те мамандарымыз барады,-деп әкім бұл мәселені өз жауапкершілігіне алды.
    - Мамандарымыз бос алаңқайдың не себепті жарықтандырылып тұрғанын қарайды, анықтайды. Электриктерге айтып, босқа тұрған лампаларды алып тастаймыз,- деді ол.

    Тас жол салынады
    Ауыл тұрғындарының тағы бір мәселесі – жолдың жамандығы болатын. Бұл мәселені де әкім өз қарауына алатынын жеткізді. Ауылдың жаңа көшелерінде тас жол салынатын болады.
    - Бізде селолық округте 11 аймақ бар және барлық жерде жөндеуге тырысамыз. Өткен жылы сметаны 27 көшеге дайындадық.Тек қана Бекқұлбаба ауылы ғана емес, сонымен қатар Қызылжар бар. Жоба бойынша Бекқұлбабада 3-4 көше жөнделуі тиіс,-дейді Бақұзақ Дарин.

    Бекқұлбаба - Ақтөбе облысындағы ауыл, Ақтөбе қалалық әкімшілігінің қарамағына қарайды. 2011 жылға дейін Красносель аталып келді. Ауылда 1000- ға жуық адам тұрады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шеңбертал ауылының көшесін түлкі аралап жүр
  • Ауыл тұрғындары мәдениет үйі үшін уайымдайды
  • Бекбол Сағын халық алдында есеп беруді бастады
  • Ақтөбеде жер қанша тұрады?
  • Талдысайлықтар жайылымның жоқтығына наразы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге