Ақтөбе облысы өзгелерге үлгі етілді

    Ақтөбе облысы өзгелерге үлгі етілді

    Үкімет басшысының бірінші орынбасары Қазақстандағы барлық облыс әкімдерінің орынбасарларын өзімен бірге ертіп алып, Ақтөбедегі пилоттық жобалармен танысты, деп хабарлайды Kerek-info тілшісі.

    Ақтөбенің хоккейі қалпына келтірілуде
    10 тамыз күні Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Оған Ақтөбедегі әуежайдың ұшып-қону жолағының бұрылыс жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, мейман қонақ “Олимп” хоккей модулінде болды. Айта кету керек, бұл тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрін дамытатын алғашқы спорт ғимараты.
    Хоккей федерациясының президенті лауазымын қатар алып жүрген Асқар Мамин хоккей модуліне жоғары баға берді. Мұздың сапасын тексеру үшін ол алаңға коньки кимей-ақ, туфлимен шықты. Оның айтуынша, бұрын хоккейден Ақтөбенің командасы ешкімге дес бермеген.
    — Соны қалпына келтіру үшін мұз айдынын салдық. Ақтөбеде соңғы 27 жылда мұз айдыны болмаған. Қазір хоккей командасын құрдық. Келесі жылы команданы бірінші лигаға шығарамыз, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев вице-премьер Асқар Маминге.
    Бұдан кейін Асқар Мамин клюшканы қолға алып, шайбаны хоккей бортына қарай сермеп жіберді. Облыс әкімі сол шайбаны Асқар Маминннің өзіне сыйға тартты.

    Ақтөбе —медицина саласында көшбасшы
    Сондай-ақ, вице-премьердің назарына «Көз жарығы» офтольмологиялық орталығы ұсынылды. Мұның құрылысы мен заманауи құрал-жабдықтармен жарақтануына 3,2 млрд теңге инвестицияланған.
    Бердібек Сапарбаев Асқар Маминге Ақтөбеде жуырда “Aktobe Medical Center” атты жеке медициналық кластер құрылатынын айтты. Бұдан бөлек, келер жылы өңірдің кез келген елдімекенінде медициналық нысан болатыны туралы баяндалды. Осының бәрі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында салынады екен.
    Бұны естіген Асқар Мамин Ақтөбеде атқарылып жатқан жұмыстарды өзге өңірлерге үлгі етті.

    Ақтөбеде 1200 орындық сахна салынып жатыр
    Басты назар мәдениет пен жастар саясатын дамытуға аударылуда. Жуырда құны 1,5 млрд теңге болатын жастар сарайы өз жұмысын бастамақ. Жоба “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылуда.
    — Ақтөбеде ең үлкен сахна — 500 орындық. Сондықтан үлкен концерт өткізе алмаймыз. Ал жастар сарайының концерттік залы 1200 көрерменді сыйдыра алады. Қазір қаланың әр жерінде ғимаратты жалдап жүрген 15 мәдени орталықтар жастар сарайында шоғырланады, — деді Бердібек Сапарбаев.
    Бірінші вице-премьер жаңа оқу жылында ауылдан келген дарынды балаларға арнап интернат ашатын “Сымбат” жекеменшік мектебін қарап шықты.

    Асқар Маминнің мәрттігі
    Жоғары шенді қонақ кетерде мектептің директоры сөз сөйледі. Ол өңірдегі білім саласына зор мән беріліп жатқанын айтып, хоккей ойынын мақтай бастады.
    - Кейін спорт алаңында хоккей кортын жасаймыз. “Қорқақтар емес, нағыз ерлер хоккей ойнайды” деп босқа айтылмаған. Менің ойымша, бұның үлкен философиялық мағынасы бар, — деді мектеп-интернатының директоры Рабиға Тасыбаева.
    Жылы сөзге риза болған хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин мектепке хоккей киімінің толық комплектін сыйламақ.
    Ал вице-премьермен бірге келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Ақтөбеге хоккей бапкерін жіберуге уәде етті.

    Жетім балалардың саны10 есе қысқарды
    Асқар Маминге жетімдерге арналған “Мейірім” үйі таныстырылды. Айта кетейік, бұл жобаның бас демеушісі — Қазақстандағы ең бай азаматтардың бірі Кеңес Рақышев пен оның жұбайы Әсел Тасмағамбетова. Олар бұл үйді салуға 1,6 млрд теңге жұмсаған.
    — Егер 10 жыл бұрын жетім балалардың саны 600-ден асса, қазір жетім балалардың саны — 90. 10 есе қысқарды, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова.
    Үйдің ішін аралаған Асқар Мамин таңғалысын жасырмады.
    — Мынау пәтер сияқты ғой, — деді ол.
    Сәуле Өмірбекованың айтуынша, бір пәтердің ауданы 41 шаршы метрді құрайды. Әрқайсысында бір адамнан тұрады. Бірақ арасында екі адам болып тұрғысы келетін жетімдер кездеседі.

    Астанадан гөрі Ақтөбеде қызанақ екі есе арзан тұрады
    Бұдан басқа А.Мамин өңірдегі ірі жылыжай кешендерінің бірі “Грин Хаус Қазақстан” серіктестігінде болды. Бұл жоба облыстың жаңа піскен көкөністерге деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар, артық өнімді Ресейге экспорттауға мүмкіндік берді.
    — Астанамен салыстырғанда бізде қызанақ екі есе арзан тұрады. Жылыжайдың аумағы қосымша 40 гектарға ұлғаяды. Сол кезде жалпы аумақ 66 гектар болады. Өз өнімізбен 160 пайызға қамтыламыз. Соңғы 4 айдың ішінде 2,5 мың тонна өнім шықты. Соның 60 пайызы экспортқа жөнелтілді, — деді Бердібек Сапарбаев.
    “Грин Хаус Қазақстан” жылыжайы өзін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, пайдаланған суды дезинфекциядан өткізіп, қайта қолданады. Сондықтан мұндай жылыжайда өскен қызанақтың бағасы арзан.
    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға 15 граммнан тегін бал таратылады. Сонымен қатар, өңір басшысы облыста тарының егіс алқабы 70 мың гектарға дейін ұлғаятынын айтты.

    Нұр Ақтөбедегі “Нұрлы жер” қарқынды өсуде
    Екінші күні вице-премьер “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында тез тұрғызылатын несиелік үйлердің құрылысымен танысты.
    “Нұр Ақтөбе” тұрғын үй алабындағы шағын аудандарында 2017-2018 жылдары 423 аз қабатты жеке үйлер салынса, соның ішінде жалпы аумағы 25 мың шаршы метр болатын 194 үй 2017 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, шағын ауданда “таунхаус” типіндегі 3-4 қабатты 60 үй тұрғызылуда. Оның ішінде аумағы 53,3 мың шаршы метр болатын 22 үй осы жылы беріледі.
    — Мұнда бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірден кіріскен, алғашқы нәтижесі де көрініп тұр. Барысы, серпіні, жобаның өрістеуі, құжаттаманы дайындау, мемлекеттік органдармен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жасауы, инженерлік коммуникациялар тарту – осы сұрақтардың барлығы іс жүзінде қамтылған, жұмыстың атқарылмаған бөлігі жоқ, — деп атап өтті ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мұз айдыны ашылды
  • Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ақтөбенің өндіріс орындарын аралады
  • Ірі компания Жастар сарайының құрылысын қаржыландырмақ
  • Қаламызда жаңа ғимараттар пайда болады
  • Көлік логистикасын дамытатын жобалар талқыға түсті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге