Ақтөбеде сайлауға дайындық басталды

    Ақтөбеде сайлауға дайындық басталды
    Ақтөбеліктер алдағы президент сайлауына толықтай қатысуы тиіс. Бұл үшін жергілікті әкімдіктерде “ Тікелей желі” анықтама қызметі жұмыс жасайды. Қоңырау шалушылар сайлау учаскесінің орналасқан жерін анықтап, сайлаушылардың тізімінде өзінің бар-жоқтығын тексере алады.

    Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаеваның айтуынша, ақтөбеліктердің көпшілігі 2011 жылғы президент сайлауына қатыса алмағандарын айтып шағымданған. Сол себепті биыл соңғы жылдары тұрғызылған “ Нұр Сити”, “Оңтүстік Батыс”, “Батыс” аудандарының тұрғындарын назардан тыс қалдырмауға ерекше көңіл бөлінеді. Әр азамат өзінің конституциялық құқығын қолдануы керек. Сайлаушылар тізімінен өзін таппаған адамның арыз жазуына немесе сотқа шағымдануына болады.
    Гүлнар Күнбаеваның сөзіне қарағанда, биылғы президент сайлауына Ақтөбе облысынан қатысушылар жоқ.
    - Бұдан бұрын екі рет өзін-өзі ұсынған Мейрамгүл Қожағұлова биыл да өтініш үлгісін алып кеткен. Өткен жылы ол мемлекеттік тілден емтихан тапсырудан сүрінген еді. Оған өтініш беру үшін Орталық сайлау комиссиясына баруы керектігін түсіндірдім. Содан кейін хабарласқан жоқ. Ойынан айнып қалғанға ұқсайды,-дейді Гүлнар Күнбаева
    Наурыздың 16-сындағы мәлімет бойынша, Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелуге 27 адам өтініш берген. Оның 25-і –өзін-өзі ұсынушылар. Бүгінгі күні түрлі себептермен 10 адамды тіркеуден бас тартылды. Үміткерлерді тіркеу мерзімі 26 наурызда аяқталмақ. Ал лингвисти-калық емтиханнан өткен 5 үміткер өздеріне дауыс жинау үшін қол жинау парақтарын алды.
    Ақтөбе облысы да кезектен тыс президент сайлауына қызу кірісіп кетті. Облыс бойынша барлығы 521 сайлау учаскесі бар, оның жүзден астамы қалада орналасқан. Аумақтық сайлау комиссиялары өз жұмысын бастады. Ал тікелей сайлаушылар тізімімен айналысатын учаскелік сайлау комиссиясының қызметі сәл кейінірек басталады. Сайлаудың әділ өтуін бұл жолы да ЕҚЫҰ келген бақылаушылар бақылайды. Бүгінгі күні облыс аумағында қазіргі ел президенті Н. Ә. Назарбаев пен Коммунистік халықтық партияның атынан сайлауға түсуші Тұрғын Сыздықовтың сенімді өкілдері халықтың қолын жинай бастады. Облыста президенттіктен үміткер Н.Назарбаевты қолдауға арналған қоғамдық штаб та өз жұмысын бастады. Оның басты міндеті - қашықта орналасқан елді-мекеннің әрбір сайлаушысына жету.
    Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 26 наурыздан бастап 24 сәуір күні сағат 24.00-ге дейін жүргізіледі. Алдын-ала үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
    Ақтөбенің Президент сайлауына дайындала бастағанын қала көшелерінен де аңғару қиын емес. Әбілқайыр хан даңғылындағы Оқушылар сарайының ғимаратына сайлау учаскелерінің маңдайшасы ілінген. “Алмаз” жиҺаз үйінің қасбетінде “Біз Елбасымен біргеміз” деп жазылған баннер бар. Алайда сауда үйінің қызметкерлері маңдайшаның биылғы сайлауға арнайы жасалмағанын айтады.
    -2011 жылғы сайлауда әкімдіктің міндеттеуімен жасатқан болатынбыз.Содан бері Тәуелсіздік күні,басқа да мерекелерде шығарып, іліп қоямыз.Міне, наурыз мейрамы да кеп қалды. Оның арғы жағында сайлау да жақын,-дейді өзін Гүлнұр деп таныстырған қызметкер.
    Айта кетелік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 26 сәуірде өтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Наурыз мейрамы тойланды
  • Назарбаев қостанайлық жастарды үйлену тойымен құттықтады
  • Геннадий Головкиннің жанкүйері айыппұл төлейді
  • Кісі тонаушы 2 жылдан соң сот алдына келді
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге