Ақтөбеде құрылыс бұйымдарын шығаратын жұмысшылар жұмыссыз қалды

    Ақтөбеде құрылыс бұйымдарын шығаратын цехтың жұмысшылары шу шығарды. Олар жалақыны қысқартуға наразы. Ал цех басшылығы мұны сатып алушылар тарапынан сұраныстың аздығымен түсіндіреді. Айтуларынша, маусымдық жұмыс болғандықтан, өндіріс көлемі де төмендеп кетіпті.

    Ақтөбедегі "Almix" ЖШС бір топ қызметкері жұмыссыз қалды. Құрылысқа қажетті гипс пен желім шығаратын жұмысшылар еңбекақыларының негізсіз қысқарғандарына наразы. Күнделікті өткізетін жоспардың көптігіне қарамастан, жалақылары мардымсыз көрінеді.
    -Бұған дейін 130-150 мың теңге шамасында жалақы алып келген едік. Бір күннің ішінде еңбекақымызды екі есе қысқартты. Енді қолымызға 70-80 мың теңге аламыз. Күнделікті жасайтын жұмысымызға жалақымыз мүлдем сәйкес келмейді. Ауыр жұмыс, шаң-тозаң мен шудың арасында жүреміз. Желім, штукатурка шығарамыз, цементтің ортасында жүреміз. Денсаулыққа зиян. Бұрын бір тонна өнім шығарсақ, 2363 теңге алатын едік. Енді сонша өнім шығарғанмен, бар болғаны 300 теңге аламыз. Сондағылары германиялық құрылғы қойдық дейді. Бірақ онымен жұмыс азайған жоқ.Соған қарамастан, мардымсыз жалақы аламыз. Күннен-күнге бәрі қымбаттап жатыр,-дейді Мейрамбек Қоңыратов.
    Айтуларынша, жалақыларын көтеруді талап еткендерді өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеген көрінеді.
    - Жалақының азайғандығын айтып, басшылыққа бардық. “Нұр Отанға” шағымданатындығымызды айттық. Алғашында ұжымдық арыз жазғымыз келген. Болмайды дейді. Бізге өз еркімізбен жұмыстан кету туралы арыз жаздырып алды. “Қол қойыңдар” деді. Қойдық, қайда барамыз енді?! Бес балам бар.70 мың теңге қайда жетеді?!Осы мекемеде жұмыс істегеніме 5 жыл болды. Онсыз да қыста жұмыс тоқтап қалады. Несием бар. Жігіттердің ипотекаға алған үйлері бар.Комуналдық төлемақы да күн сайын қымбаттап жатыр,-Бауыржан Елемесов.
    Ал компания басшылығы жалақының қысқаруын құрылыс бұйымдарына сұраныстың болмауымен түсіндіреді. Маусымдық жұмыс болғандықтан, қазір өндіріс көлемі азайып кеткен.

    -Бұл мәселені цех қызметкерлеріне жиналыс өткізіп, түсіндірдік. Қазіргі уақытта компания өндірістегі тарифті көтеруді қайта қарастыра алмайды. Құрылыс саласына қажетті өнімді шығару маусымдық жұмыс болғандықтан, өндіріс көлемі азайып кетті. Сатып алушылар тарапынан біздің өнімге сұраныс пен қажеттілік азайды. Цех жұмысшылары келісімді жалақымен жұмыс істейді. Яғни, шығарылған өнімнің көлемі үлкен болған сайын, олардың жалақысы да көп болады. Ал, аз болған жағдайда еңбекақы да азаяды. Компания тарапынан тариф пен еңбекақы төмендеген жоқ,-дейді "Almix" ЖШС Ақтөбедегі филиалының қызметкерлерді басқару бөлімінің жетекші маманы Оксана Панина.
    Оның айтуынша, қызметкерлерді ешкім мәжбүрлеп жұмыстан шығармаған. Жалақы көтерілмейтіндіктен, олар өз еркімен жұмыстан кетуге шешім қабылдапты. Компания басшылығы жұмысшыларға қызметтеріне қайта оралуға мүмкіндік бердік деп отыр. Алайда бүгінгі күні цехтағы 40 жұмысшының 19-ы өз еркімен жұмыстан шығыпты. Ал қалған 21 адам өндірістегі қызметін одан әрі жалғастырған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өрт сөндіретін жүргізушілер жұмыстан қуылды
  • “Қазақойл Ақтөбе” компаниясында мұнай өндіру азайған
  • “Арман-Құрылыстың” екі жүзден астам жұмысшысы қысқарып қалды
  • Сара Нұрқатова мен оның ұлы жұмыстан кетуге арыз берді
  • Мұнай компаниялары ақтөбеліктерге 26 млн теңге қарыз
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге