Ақтөбеліктер жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алады

    Келер жылдан бастап ақтөбеліктерге атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ақсұлу Жұбаназарова айтты.

    Заңдағы өзгеріс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылмақ. Бұдан былай жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.

    -Шартсыз ақшалай көмек зейнеткерлерден, мүгедектер мен 3 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты аналардан тұратын отбасыларға беріледі. Оларға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыспен қамту шараларына қатысу шарт емес. Ал шартты ақшалай көмек алатындардың отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен болуы тиіс. Әлеуметтік көмек бұл санаттағы адамдар үшін 6 айға бекітіледі. Осы уақыт аралығында отбасының еңбекке жарамды мүшесі жұмысқа тартылады. Мемлекеттік орган ұсынған қызметтен бас тартқан жағдайда ол ақшалай әлеуметтік көмектен қағылады, -дейді Ақсұлу Балсейітқызы.
    Келер жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің көлемі де артады. Бұған дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құраған. Енді ол кедейшілік шегінен 50 пайызға дейін көтерілмек. Ақсұлу Жұбаназарованың айтуынша, әлеуметтік көмек үшін берілген ақшаға қарызды өтеуге, жылжымайтын мүлік алуға және сауда-саттыққа пайдалануға болмайды. Тек жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, қосалқы шаруашылықты дамытуға ғана рұқсат. Айта кетелік, биыл Ақтөбе қаласы бойынша 38 отбасы әлеуметтік көмек алған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кітабы су астында қалған оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді
  • Көмек алып, жұмысқа орналасыңыз
  • Ақтөбеде әлеуметтік көмек мөлшері ұлғайып келеді
  • Табысы аз азаматтарға ақшалай көмек көрсетіледі
  • Жоқ-жітік адамдарға 2121 теңгеден беріле бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге