Ақтөбеде шашсыз қалған оқушылар мектепке орамалсыз баратын болды

    Ақтөбеде орамалын шешпей жүрген мектеп оқушыларының шаштары биттеп кеткен. Сондықтан олар бастарын тақырлатып алып тастауға мәжбүр болыпты. Осыған дейін мектептің талабына бағынбай келген 4 қыздың әкесі енді балаларының сабаққа орамалсыз келетіндігін айтты.

    “Нұр Ақтөбе” ауданындағы №60 орта мектепте орамалға қатысты дау ушығып тұр. Мектеп формасын сақтауға қатысты заң талабына қарамастан, әзірге тек 11 оқушының үшеуі ғана орамалын шешкен. Басқаларына 1 қарашаға дейін уақыт беріліпті. Дегенмен дін жолында жүрген ата-аналар өз айтқандарынан қайтпай отыр. Мәселені шешу үшін мектеп директоры Абзал Тәжімішев заң талабына бағынбай отырғандардың басын қосып, жиын өткізді. Алайда құқықтық кеңеске дін жолында жүрген ата-аналардың барлығы бірдей қатысқан жоқ. Олардың бірі бұл мәселені әлі де ойланатындығын айтқан. Ал қалған екеуі сынып жетекшілері арқылы балаларының басынан орамалдарын мүлдем шешпейтіндіктерін айтып жіберіпті.
    - 1 сыныпта оқитын Айшаның әкесі жұмыста, анасы кішкентай баламен үйде отыр. Оларға 2 рет жазбаша ескерту беріледі. Жиналыс туралы да айтылды. Бірақ келген жоқ. Үйде барлығын әкесі шешеді. Ол қызының басынан орамалды шешуден бас тартып отыр,- дейді сынып жетекшісі Алмагүл Жанаева.
    Ата-аналардың бірі Жәмила Сахиева бұдан былай қызының мектеп ішінде орамалды шешетіндігін айтты. Оның айтуынша, оқушы тек көшеге шыққаннан кейін ғана діни киіммен жүреді. Ал төрт бірдей қызының шашын тақырлатып алып тастаған Марат Садуовқа жаңа жылға дейін уақыт берілді. Бұған дейін ол отбасы балаларының басына жара шыққандықтан, орамалдарын шешпей жүргенін айтқан еді. Бірақ мұны дәрігерлер жоққа шығарған.

    -Балалардың басы биттеп кетті. Сондықтан 4 қыздың шашын сәуір айында тақырлатып алып тастадық. Биттеп кеткенін айтуға ұялып, бастарына “жара шықты” дедік. Жаздай шашы өсті. Олар сабаққа орамалсыз келеді. Бар мәселе біржапырақ орамалда тұрса, шешеміз. Қажет болса, гамажын да шешеміз. Бірақ ертең “шашы жоқ, бантик тақпайды” деген әңгіме болмасын,- дейді қыздардың әкесі.
    Ашуланған әкені сабырға шақырған мектеп директоры оған балалардың шашы толықтай өскенше бірінші қаңтарға дейін уақыт берді.
    -Қыз балаларға орамалын шешіп, қысқа шашпен жүру психологиялық қысым болуы мүмкін. Сіз қыздардың шашын алып тастағаныңызды алдын ала ескерткен жоқсыз. Сондықтан сізге 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт беріледі. Балалардың шашы өссін. Ал балалардың құқығы қаншалықты бұзылғанын құқық қорғау органы анықтайды. Барлық мәліметтерді жауапты органдарға жібереміз, -деді мектеп директоры.
    Балалардың әкесі журналистерді қызының орамалын шешкізетінін айтып, үйіне ертіп барды. 4 бірдей қызын есік алдына кезек-кезек шығарған ол бастарынан орамалдарын шешуін талап етті. Тіпті олардың “әке,кешірші” деген сөздеріне құлақ аспастан, орамалдарын шешіп тастады. Ал көршісі Ақмарал Жылқайдарованың сөзінше, шаштары өспеген қыздарды мектеп оқушылары мазаққа айналдыруы мүмкін.Сондықтан әке-шешесі оларды 2-3 айдан кейін сабаққа орамалсыз жіберуге шешім қабылдапты. Бұл отбасы қазір 8 бала тәрбиелеп отыр. Олармен бір жылдай көрші тұрған әйел ешқандай жат қылықтарын байқамағанын айтады.

    Айта кетелік, “Нұр Ақтөбе” ауданында балаларына екпе салдырмаған ата –аналардың саны да көп. Дәрігерлердің айтуынша, биыл 155 бала екпе алмаған. Оның 98-і діни себептерге байланысты бас тартып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тентек оқушыдан шаршаған ата-аналар шу шығарды
  • Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге