Білім саласының басшыларына Ашық хат

    (немесе орамал мәселесі туралы)

    Білім саласының басшыларына Ашық хат

    Ешкімге құпия емес, соңғы төрт-бес жылда Ақтөбе облысындағы кейбір мектептерде жыл сайын оқу жылы басталар кезінде екі-үш ай бойы орамалға байланысты дау-дамай туындап жатады. Дау екі жақты түсіністікпен шешілмеген кезде, құқығы бұзылған жақ бұл мәселені сот арқылы шешуге мәжбүр болады. Мектеп басшыларына “түйедей болып көрінетін түймедей мәселенің” ішкі сырына үңіліп көрейікші...

    Орамал тағудың пайдасы
    Мектеп басшылары үрке қарайтын, оқушы қыздар киіп жүрген хижаб – кәдімгі қазақша орамал. Дәлірек айтқанда – кимешек. Хижаб жөнінде Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова былай дейді:
    – “Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры” демекші, дауға айналған хижаб – баяғы қазақ әйелдерінің кимешегі. Қазақ әйелдері күнделікті от басында ыңғайлы әрі қарапайым етіп тігілген кимешектерді киген. Міне, осындай кимешек киген қазақ әйелдерінің не маңдай шашы, не самай шашы көрінбейді әрі алқым-мойын, кеудесі түгел жабық болған. Көшіп-қонып жүретін тіршілігіне қарамай, қазақ әйелдерінде қазіргі заманда жиі кездесетін төс (мастопатия), бүйрек, құлақ аурулары өте сирек болыпты. Кимешектің алды кеудені кіндікке дейін жауып тұрса, арты бүйрек пен белді түгел жауып, үшбұрыштанып етекке қарай түседі. Осылайша, қазақ әйелдері әрі жабық, әрі әсем кимешек киген. Еш уақытта ашық-шашық жүрмеген,- дейді.

    “Орамал тағу – мұсылман қыз-келіншектерге сын” мақаласының авторы, белгілі дінтанушы ғалым Мұхиддин Исаұлы былай дейді:
    – Бұл күні елдің аузында жүрген «хиджаб» деген не? Әуелі, соның мәні мен мағынасын біліп алайық. “Хижаб” – негізінде Құран сөзі.
    Әйел адамдардың бөтен еркектің көзінен бет жүзінен басқа басының барлық жерін (құлағын, тамағын, шашын) және омырауын жауып жүретін орамалды, жаулықты, бүркеншекті Құранда “хумур” деп атайды. “Хумур” – көпше түрінде «орамалдар» деген сөз. «Хижаб» – «хумур» сөзінің синонимі.
    Құранның «Нұр» сүресінде Алла Тағала: «Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе, қыздарыңа және мұсылман әйелдеріне айт! Олар үстеріне бүркеншіктерін оранып жүрсін. Бұл – әйелдердің сырт көзге ибалы көрінуі үшін, әрі арсыздардың сұқтанып қарауынан өздерін қорғауы үшін ең дұрысы».

    Олай болса, ибалы қыздың белгісі – ашық-шашық жүру емес, оранып жүру екендігі мұнда айқын әрі анық ескертілген. Демек, жабық жүру оның ар-ұятты екенін білдіреді.
    Осыдан он шақты жыл бұрын мен бір естен кетпес оқиғаның куәсі болдым. Ақтөбедегі орталық базар маңындағы аялдамада автобус күтіп тұр едім. Бір мас кісі олай-бұлай өткен ашық-шашық қыз-келіншектердің омырауларына қол салып, бұзақылық жасап тұрды. Осы кезде мұсылманша киінген бір қыз келе жатты. Мен мас жігіттен әлгі қызды қорғамақ болып алға ұмтылдым.
    Міне ғажап! Мас жігіт иіліп, әлгі қызды өткізіп жіберді де, екі қолымен «өте беріңіз» дегендей ишарат жасап, соңында келе жатқан ашық-шашық қыз-келіншектерге тиісуін жалғастыра берді. Мен сол кезде мұсылман қыз-келіншектер Құран аяттарына сай орамалмен бүркеніп жүргенде – арсыз еркектерден өздерін Алла Тағала қорғайтынына көзім жетті.
    Медицина саласының мамандары мен психологтар да орамал тағудың пайдалы екендігін айтады. Күннен келетін радияцияны, зиянды сәулелерді ең бірінші біздің шашымыз тез қабылдайды екен. «Сондықтан да ыстықтадым деп
    басты жалаңаштап, жеңіл киінгеннің орнына, қыз-келіншектер бастарына орамал тартып, жамылып оранғандары дұрыс» дейді дәрігерлер.

    Дәрігерлер теріні күн сәулесінің зиянынан қорғап, кез-келген ауа ағымы денені салқындата алатындай, табиғи таза матадан тігілген, денені тарылтпайтын кең киім таңдауға кеңес береді. Себебі, тар киім денені ысытып жібереді.
    Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук барлық әйел қауымына мұсылман әйелдерінен үлгі алуды ұсынады:
    - Ыстық күнде шешініп жүруді тіпті ойға алмаңыз, одан да, Араб Әмірлігі тұрғындарынан үлгі алуымыз қажет, киім денені толығымен жапқаны дұрыс. Сонымен бірге, әйел адам басына міндетті түрде, үшкіл орамал тағып жүруі тиіс, – дейді ол.
    Бір сөзбен айтқанда, орамал тағынып жүрудің қыз-келіншектерге тигізер пайдасы бұдан да көп.

    Орамал тағудың дауға айналуы
    Менің ойымша, оқу орындарында қыздардың орамал тағуларына деген қарсылық Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрығының 13 және 20 тармақшалаларындағы: «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды». «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді» деген сөздерден кейін көбейіп кетті.
    Министрдің осы сөздерін басшылыққа алған бірқатар облыстық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектептердің директорлары «орамалға қарсы күреске» белсене кірісіп кетті.
    Мысалы, жақында Темір аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлнәр Нұртазина осы ауданға қарасты Кеңқияқ орта мектебіне келіп шұғыл түрде жиналыс ашып, мектептің Жарғысына өздеріне ыңғайлы өзгерістер енгізіп, мектепке қазақы ұлттық дәстүрге сай орамал (хижаб емес!) тағып келетін 10 оқушы қыз бен үш мұғалімге: «Мектепке орамал тағып келмейсіңдер. Орамалдарыңды шешіңдер, шешпесеңдер мұғалімдерді жұмыстан шығарамыз, оқушыларды мектепке кіргізбейміз» деп, олардың қонституциялық құқықтарын аяққа таптап, кемсітушілікке (дискриминацияға) дейін барған.

    – Жиналыста, – дейді ұстаздар Ж.Бигембетова, М.Уразалина, Г.Құрмансейітова, – Темір аудандық білім бөлімінің бастығы Гүлнар Нұртазина біздердің дінге және ұлттық дәстүрге деген көзқарасымызға, нанымымызға сай орамал таққандарымызға
    байланысты жеке бастарымызды кемсітіп, көпшіліктің көзінше талқылап, ар-намысымызға, қадір-қасиетімізге және іскерлік беделімізге нұқсан келтірді. Соның салдарынан біздер жан азабын тартып, төзіміміз таусылып, уайымға салындық, тән азабын тартып, қорланып, ызаланып, ашуланып, ыңғайсыз жағдайда болып, қан қысымымыз көтеріліп кетті. Сонда мұғалімдерге ұлттық дәстүрге сай орамал тағып, сабақ беруге болмай ма? Орамалдың сабақ беруге қандай кедергісі бар? Біз бұған дейін де орамалмен сабақ беріп, оқушыларға ұлттық тәрбие өнегесін көрсетіп жүрдік қой, –дейді ұстаздар ашынып.
    Ал, «орамалдарыңды шешпесеңдер – мектепке кіргізбейміз» деп қорқытқан 10 оқушы қыз – сабақ үлгерімдері жақсы, өте тәртіпті оқушылар екен!

    Заңгерлер не дейді?
    Мен Ақтөбедегі ең беделді «Нұрсан» заң агентігінің білікті заңгерлері Ағысбек Төлегеновпен, Мұрат Такаумовпен сөйлесіп, жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрығына және Кеңқияқ орта мектебіндегі орамалға байланысты жиналысқа заң тұрғысынан түсінік берулерін өтіндім.
    – Бұл бұйрықта, – дейді Ағысбек Тұрсынұлы, – «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды» деп айқын жазылған. «Конфессия» дегеніміз – әлемдік діндерден бөлек, түрлі «иегова куәгерлері», «адвентистер», «евангель хрис-тиан баптистері», «саентология» т.б.с.с. діни ағымдар. Ал, Ислам діні – конфессия емес, әлемдік дін. Сондықтан, бұл бұйрықтың Ислам дінін ұстанушыларға ешқандай қатысы жоқ.
    Кеңқияқ орта мектебіндегі орамалға байланысты жиналысқа келетін болсақ, бұл – адамдардың конституциялық құқықтарын шектеу. Заңның тілімен айтқанда, бұл – Ата Заңымызға (Конституцияға) қайшы әрекет, кемсітушілік (дискриминация) болып саналады.
    2005 жылы 28 қарашада 91-ІІІ Заңымен Қазақстан Республикасы ратификациялаған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің» 18-ші бабының 2-тармағында: «Ешкім де дінге сену немесе дін мен наным-сенімдерін өз қалауынша таңдап алу еркіндігін кемітетін мәжбүрлікке ұшыратылуы тиіс емес» деп айқын көрсетілген.
    Қазақстан Республикасының Ата Заңының 14-ші бабының 2-ші бөлімі бойынша: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
    Ата Заңның бұл бабы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу» деп аталатын 145-бабымен қорғалады.
    Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің осы 145-ші бабының 1-ші тармағына сай: «Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады».
    Осы Қылмыстық кодекстің 145-ші бабының 2-ші тармағына сай: «Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекет – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады».

    Медресе ұстаздары орамал туралы не дейді?
    Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресесі – Қазақстандағы діни білім беретін арнаулы орта оқу орындарының бірі. Ақтөбе облысындағы кейбір мектептердегі орамал төңірегіндегі дау-дамайларға өз пікірлерін білу үшін, осы медресенің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен мед-ресе директорының орынбасары, білікті теолог-ұстаз Бауыржан Нұрғалиевке:
    – Сіздердің қыздарыңыз мектепке хижаб киіп бара ма? – деп сұрақты төтесінен қойдым.
    – Менің қыздарым мектепке «нулевой» кластан бастап хижаб киіп барды, – дейді Ба-уыржан Достанұлы, – Мектеп басшылары мен мұғалімдері әуелі қарсы болғанымен, кейін оларға хижабтың тәрбиелік мәні туралы түсінтіріп айтқан соң, рұқсат берді. Мысалы, осы Бестамақтағы орта мектепте жиырмадан астам қыз бала хижаб киіп барады. Мектеп мұғалімдерінің айтуларына қарағанда, хижаб киген қыздар өте тәртіпті, сабақтарын жақсы оқиды, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады.
    – Шындығында, – дейді Бауыржан ұстаз, – хижаб киген қыздар мектеп ішінде басқа балалар мен қыздар сияқты алысып-жұлыспайды, сабақта да тыныш отырып, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, басқа оқушыларға үлгі-өнеге болады. Ал, хижаб, жапқыш орамал қыздардың білім алуына ешқандай кедергі келтірмейді. Өйткені, оқушы қыз бала сабақты шашымен, тамағымен тыңдамайды ғой. Ал, «орамалдың кесірінен сабақты тыңдай алмадым» деп бірді-бір қыз бала ата-анасына шағым айтқан жоқ.
    – «Хижаб» дегеніміз – қазақша «орамал», «кимешек» қой,- дейді Әбдімүтәлі Қайназарұлы. – Менің де қыздарым мектепке хижаб киіп барады, әлі де солай оқып жүр. Олар да өте тәртіпті, сабақтарын жақсы оқиды. Мәселе хижабта емес. Мәселе мектеп басшылары мен ұстаздарына, білім саласының мамандарына хижабтың қыз бала тәрбиесіндегі жақсы ықпалын түсіндіре білуде. Егер дұрыстап түсіндіре білсеңіз, олар да мұсылман ғой, хижабқа қарсы болмайды...
    Дін мамандары осылай дейді. Зерттеп қарасам, облыстағы, тіпті республикадағы барлық дін қызметкерлерінің қыздары мектепке хижаб киіп барады екен. Оларға рұқсат етіледі. Ал, қарапайым адамдардың қыздарын мектепке кіргізбей жатыр. Бұл – Ата Заңымызға қарсы әрекет, нағыз кемсітушілік емес пе?!
    Сонда қалай, егер мен дін қызметкері болмасам, менің қызым мектепке хижаб киіп барса, мектепке кіргізбейді ме? Мен мектеп басшыларына дін қызметкерлері сияқты хижабтың білім алуға зияны тимейтінін түсіндіре алмаймын ғой. Сонда не істеуім керек? Сотқа жүгінуім керек пе? Бұған не айтасыздар, Білім және ғылым министрі, ҚМБД төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы, білім саласының басшылары мен құрметті ұстаздар?

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге