Ақтөбеде өнер орталығы ашылды

    Ақтөбеде өнер орталығы ашылды

    Ақтөбеде 1200 адамға арналған өнер орталығы қолданысқа берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қазақстандағы ең танымал өнер иелері қатысты.

    Тұңғыш президент күніне орай ашылған Өнер орталығында концерт ұйымдастырылды. Оған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева, белгілі актер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсынов, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Қарагөз Сүлейменова қатысты. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі келді.

    - Ақтөбеліктер үшін екі мереке қатар келіп отыр. Біріншісі- Тұңғыш президент күні. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің жеткен жетістіктері, ұлтымыздың дүние жүзіне танылып, өсуі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Мемлекет басшысының өнерге, мәдениетке, әдебиетке деген көңілінің қалай екенін білеміз. Осыдан бір-екі жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы «Ақтөбеге үлкен Өнер орталығын сыйлаңдар. Ақтөбе үшін Өнер орталығы рухани мешіт болсын» деп тапсырма берген болатын. Ғимаратты салуға «СНПС-Ақтөбе МұнайГаз» АҚ 1,5 млрд теңге қаражат бөлді. Бұл қызметі үшін компания басшыларына рахмет айтамыз. Бұл жерде тек концерттік іс-шаралар өткізіліп қана қоймайды. Осы уақытқа дейін әр ғимаратты жалға алып жүрген жиырмаға жуық мәдени ұйым енді осы орталықта еңбек етеді. Өнер, мәдениет саласында жүрген азаматтарға жағдай жасалады, -деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева ақтөбеліктерге өзінің ыстық ықыласын білдірді.
    - Бүгінгі Тұңғыш президент күнімен барлық ақтөбеліктерді құттықтаймын. Мерекеге орай керемет зал ашылып жатыр. Дайындық барасында залдың окустикасы жақсы екенін байқадым. Ақтөбеліктер музыкаға жақын келеді. Бұрын осы өңірде камералық оркестрдің ашылуына қатысқанмын. Ол оркестрге де он бес жыл болыпты. Бұл жер -Ахмет Жұбановтың туған жері. Мен оны музыкант ретінде бағалаймын, құрметтеймін,- деді ол.
    Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Кеш қонақтарымен қатар облыстық филармония әншілері де өнер көрсетті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғыз ауданының күндері өтеді
  • Алаштың бақ ордасы – Астана
  • Лаңкестік оқиғадан соң “Музарт” тобы ақтөбеліктерге тегін концерт ұйымдастырды
  • Ақтөбеліктер халықаралық байқауда жүлделі болды
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге