Электронды қызмет алу тиімді

    Электронды қызмет алу тиімді

    Қазіргі таңда көбіміз мемлекеттік қызметтерді алу туралы өтінішті үйреншікті форматта, яғни, мекемелерге жеке барып, көптеген құжаттарды жинап, қағаз жүзінде бергенді дұрысырақ көресіз. Ал мемлекеттік қызметтерді “электронды түрде” алу көптеген мәселелерді шешеді. Еркежан Серік
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Сәбидің тууы – әр отбасындағы маңызды және қуанышты оқиға. Жас ата-аналарға сәбидің туылуына ғана емес, тууды тіркеу туралы өтінішті беруге де да-йын болу қажет. Баланың тууын тіркеуге өтініш берудің тез және тиімді жолы – ол “электрондық үкімет” порталы арқылы беру. Ең бастысы – ХҚКО-да бірнеше минуттарда дайын болатын электронды цифрлық қолтаңба болу. Қазіргі заманда, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) барлық кәмелет жастағы азаматтарда болған дұрыс деп есептейміз. Электрондық цифрлы қолтаңба әр түрлі ұйымдармен көрсетілетін қызметтерді қолдануға және жеке уақытты бірталай үнемдеуге мүмкіндік береді. Баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беру қызметімен некелерін 2008 жылдың 1-шілдесінен кейін тіркеген ғана Қазақстан Республикасының азаматтары қолдана алады. Отбасының жаңа мүшесін тіркеу оңай дейді «Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі» ММ басшысы Валентина Мамбетова. Ол үшін «www.egov.kz» порталы арқылы тууды тіркеуге өтініш беру үшін:

    1 қадам. «www.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Егер тіркелген болсаңыз, ЖСН мен құпия сөз немесе ЭЦҚ қолданып, авторизациядан өту қажет.
    2 қадам. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.
    3 қадам. «Бала» парағына өтіп, «Баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
    4 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышында «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
    5 қадам. Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет:

    Өтініштегі ең бірінші толтырылатын терезе – арыз берушінің тұрғылықты облысы, мысалы, «Ақтөбе облысы». Келесі – тұрғылықты жері бойынша және өтініш жіберілетін АХАТ бөлімін таңдаймыз (Ақтөбе қаласында – «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ), сосын өтініш берушінің байланыс телефонын көрсетеміз.

    Өтініштегі келесі қадам – баланың ата-анасы туралы мәліметтерді толтыру, бұнда қызыл түспен белгіленген және толтырылуға міндетті болып келетін барлық жолдарды толтырамыз. Баланың ата-анасы туралы барлық жолдарды толтырғаннан кейін, «бұдан әрі» батырмасын басу қажет. Сізді өтініштің «Бала туралы мәлімет» деген келесі кезеңіне аударып жібереді.

    Бұл кезеңде автоматты түрде медициналық мекемеде толтырылған баланың туу туралы медициналық анықтамасындағы мәліметтер шығады, яғни, жынысы, туған күні, туылған мекеменің атауы. Одан кейін баланың деректерін толтырамыз: оған берілетін тегін, атын, әкесінің атын. Барлық қажетті жолдарды толтырғаннан кейін «Одан әрі» батырмасын басамыз, Сізді келесі «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.

    8 Қадам. Бұл кезеңде өтінішті өзіңіздің электрондық-цифрлі қолтаңбамен бекіту қажет.
    Осымен, Сіз онлайн-тәртіпте баланың тууын тіркеуге электронды өтініш беруді ойдағыдай аяқтадыңыз! Құттықтаймыз !

    Берілген өтініштің мәртебесін Сіз менюдың оң жаңындағы жоғары бұрышта орналасқан «қызметтер алу тарихында» қарай аласыз. Яғни, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін, ол көрсетілген АХАТ бөліміне түседі. АХАТ бөлімі, Сіздің электронды өтінішіңізді қабылдап, тіркегеннен кейін, Сізге автоматты түрде баланың туу туралы куәлігі қашан дайын болатыны, АХАТ бөлімінің мекен-жайымен мен телефондары көрсетілген хабарлама келіп түседі.

    Хабарламада көрсетілген күні Сіз АХАТ бөлімінен баланың дайын туу туралы куәлігін алып кете аласыз. Алуға келгенде, өзіңізбен бірге: баланың туу туралы медициналық куәлігінің түпнұсқасы және жеке куәлігіңіз болу қажет.

    Онлайн түрде өтініш берудің артықшылығы:
    1.Кез келген мемлекеттік қызметті алудың оңайлығы;
    2.Өтініш берумен дайын құжатты алуға уақытты қысқарту;
    3.Азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оны мәліметтеп отыру;
    4.Өтінішті үйден немесе жұмыстан шықпай-ақ интернет арқылы беруге болады, сонымен қатар, сайтқа өзіңізге ыңғайлы кез-келген уақытта кіруге мүмкіншілік бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаңа баспанаға ие бол!
  • 54 пәтерге электронды нұсқада құжат қабылданды
  • Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді
  • Қазақстан банктері клиентке несие беру үшін құжаттарды өздері жинақтайтын болды
  • Арзан пәтерге өтініш қабылдана бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге