Ақтөбеде балалар арасында көз аурулары көбейген

    Дәрігерлер дабыл қағуда. Балалар арасында көз аурулары көбейіп барады. Бүлдіршіндердің бұл дертіне не себеп екенін анықтау үшін “Керек.info” газетінің тілшісі дәрігерлермен сөйлесті.

    Балалар арасында туа бітті катаракта ауруы көп
    Ақтөбедегі №3 емханасының көз дәрігері Майра Тастыбаева балалар арасындағы көз ауруларының дені – аналарының жүкті кезінде дұрыс күтінбеуінен болатынын айтады.
    - Біз алты айдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Егер туғаннан бастап баланың көзінде ақау болса, ата-анасы алты айға жетпей де баласын әкеліп тексертуіне болады. Қазірде туа бітті «катаракта» көз аурулары жие-леп кетті. Бұның бірден бір себебі әйелдің жүктілік кезінде түрлі жұқпалы аурулармен ауруынан болады. Тұқымқуалаушылықпен де келеді. Экологияның әсерінен де болуы мүмкін. Туа бітті көз ауруының себептері өте көп,- дейді ол.

    Туа біткен катаракта бойынша биыл 3 балаға ота жасалды
    Биыл Ақтөбеде 3 жасқа дейінгі үш баланың көзіне катаракта бо-йынша ота жасалған.
    - Біз квотамен Алматыға балаларды туа бітті катарактаға ота жасауға жібереміз. Биыл туа бітті катарактамен ауыратын 3 балаға ота жасалды. Олардың жастары 3 айдан 3 жасқа дейінгі балалар. Олардың көздеріндегі шыңылтыр қатпарын алып тастады. Қазір балалар көзілдірік тағып жүр. Жайлап бала өскеннен кейін, жасанды қатпар салуға болады. Егер кішкентай балалардың көзіндегі қатпарын уақытында алып тас-тамаса, көздің қарашығына ешқандай сәуле, жарық түспеген соң жұмыс жасауы нашарлайды. Балалардың көз ауруын неғұрлым ерте анықтап, емдеткен дұрыс. Көзге ота жасалғаннан соң, 3 ай сайын баланы тексеруден өткізіп тұрамыз. Оған берілетін емдік процедуралар тегін болады. Біздің бақылауымызда болады,- дейді дәрігер.
    Бүгінде №3 қалалық емханада түрлі көз ауруларымен 153 бала есепте тұр. Оның ішінде миопия, яғни алыстан көре алмаушылық ауруымен тұрған бүлдіршіндер де бар.
    - Есепте тұрған балалар тегін ем алады. Емханада есепте тұрған балалар негізі бұдан да көп. Оларды тексерістен толық өткізіп алған соң, есепке ала аламыз. Тексерістен өтуге уақытында балалар келмей жатады. Соның салдарынан аурулары асқынып кетеді,- дейді дәрігер.

    Баланың кішкентай кезінен көзінің көрмеуіне ата-анасы кінәлі
    Дәрігердің айтуынша, кішкентай балалардың көздерінің дертке ұшырауына ата-аналар тікелей кінәлі екен. Маман балаларға ұялы телефон, планшет ұстатуға қарсы.
    - Балалардың ерте жастан бастап көздерінің көрмеуіне ата-аналар кінәлі. Үйде баланың қолына ұялы телефон, планшет, компьютер беріп қоямыз. Оған қоса балалар теледидарды жақыннан отырып қарайды. Бірнеше сағат бойы теледидардан көз алмайды. Ата-ана үшін баласы тыныш отырса болды. Қалғанын ойламайды. Соның салдарынан жүре пайда болған көз ауруларына әкеліп соқтырады. Баланың көзі көруі нашарлай бастайды,- дейді ол.

    “Емдеуге болады”
    Егер бала кішкентай болса, көз ауруын емдеп жазуға болады екен. Әсіресе жақыннан көрмеушілік тез емделеді.
    - Жақыннан көре алмаушылықты емдеп жазуға болады. Ол үшін бала дәрігердің айтқанын орындап, уақытылы ем жасау отыру қажет. Үйде көзге жасайтын жаттығуларды уақытылы жасап, көзді демалтып отыру қажет. Көзге емдік тамшыларды тамызып, көзді таза ұстаған жөн. Компьютерді 5-7 жасқа дейінгі балалар 30 минутқа дейін қарап, көзге үзіліс жасау керек. 8-11 жас аралығындағы балалар 45 минут, 12-13 жас 60 минут, 14-15 жас 90 минут, 16 жастан жоғары 100 минут сайын көзге үзіліс жасау керек. Теледидар, компьютер, ұялы телефон көп қарайтын балалар бізге келгенде көздері -0,5; -0,75 болады. Спазмды алты айдай уақыт ішінде емдеуге болады. Сондықтан ата-аналар балаларының көздерін уақытылы тексерістен өткізіп тұрған жөн,- дейді маман.

    Қыста конъюктивит асқынады
    Қазіргі уақытта конъюктивит балалар арасында, үлкендер арасында көп кездеседі. Конъюктивиттің бірнеше түрі бар. Олар іріңді, вирустық, аллергиялық және жұқпалы болып бірнеше түрге бөлінеді.
    - Қыс уақыты күн салқында вирустық конъюктивит кең таралатын маусым. Вирустық конъюктивитпен кез-келген адам ауыруы мүмкін. Өйткені ауа арқылы вирус тез таралады. Конъюктивитпен ауырған баланы ешқайда шығаруға болмайды. Салқын, жел тигізуге болмайды. Конъюктивитке жеңіл қарау дұрыс емес. Дұрыс ем алмасаң, көздің көруінің нашарлауына әкеледі. Қайталап ауыруы мүмкін. Емханаға күніне конъюктивитпен ауырып кем дегенде 5 адам келіп қаралады,- дейді маман.

    Балабақшаға баратын балалар арасында көзілдірік киетіндер көбейген
    Осыдан 6-7 жыл бұрын балабақшаға баратын балаларда көз аурулары кездеспейтін еді. Қазір балабақшадағы балалардың бәрінде дерлік көз ауруы тіркелген. Көбісі көзілдірік киеді.
    - Қазіргі таңда балабақшаға баратын сәбилердің көздері ауырады. Оларға көзілдірік тағып жүруге кеңес береміз. Кейбір ата-аналар балаларының көзілдірік кигеніне қарсы болады. Содан уақыт өткізіп алып, ауруды асқындырып жатады. Сондықтан уақытылы көз дәрігеріне қаралып, дәрігердің нұсқауы бойынша ем алған жөн,-дейді көз дәрігері Майра Тастыбаева.

    Ақтөбе облысында мектеп жасындағы балалар көз аурулары бойынша 2-орында тұр. Облыс бойынша 5466 бала түрлі көз ауруларымен есепке алынған. Оның ішінде көз көруінің қабілеттілігі төмендеген 5314 бала анықталды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік әйелдердің арасында жатыр жарасы көбейген
  • Ақтөбеде екі сәби терезеден құлап кетті
  • 15 мың балаға бір невропатолог немесе бір айлық нәресте тексеруден өту үшін орталыққа келу керек
  • Ақтөбеде балалар арасында зоб ауруы көбейді
  • Балалардың 70 пайызының көзі нашар көреді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге