Биылғы қарыздар үшін айыппұл салынбайды

    Биылғы қарыздар үшін айыппұл салынбайды

    Өткен аптада "салық төлемегендерге айыппұл салынады" деп тараған хабарлама ақтөбеліктерді біраз әбігерге салды.

    “Жаңа енгізілім. Биылғы және өткен жылдардағы барлық қарыз салықтар (көлік, мүлік салықтары) 31 желтоқсанға дейін төленіп болуы тиіс. Олай болмаса, азаматтар өсімақымен бірге 8 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Ол, шамамен – 20 000 теңге деген сөз. Қарыз салықтың мөлшері қанша болса да, айыппұл көлемі бәріне бірдей – 20 АЕК болады. Қарызыңыз 300 теңге немесе 30 000 теңге болса да, көрсетілген мөлшерде айыппұл төленеді”.
    "WhatsApp" қызметі бойынша бірнеше күн ел айналған осындай мәтіндегі хабарлама биылғы салықтарын төлемеген көптеген ақтөбеліктерді дүрліктірген болатын. Бірақ мемлекеттік табыстардың салық басқармасында бұл ақпараттың шындығы расталмады. Дегенмен биылғы көлік салығы 2017 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей, ал мүлік және жер салықтары 2018 жылдың 1 қазанына дейін төленуі тиіс.
    - Қазіргі уақытта біз тек қарыз бойынша жұмыс жасап жатырмыз, - дейді жеке тұлғаларды қабылдау және ақпарат өңдеу орталығының бөлім басшысы Гүлбану Абдулина. – Мысалы, салықты төлеудің соңғы мерзімі 2016 жылдың 1 қазанында өтіп кеткен, тағы сол сияқты қарыздары бар азаматтарға біз өткен жылдар үшін төлемеген салықтарын өтеу туралы хабарлама жібереміз. Салық төлеуші хабарламаны алғаннан кейінгі 30 жұмыс күні ішінде қарыз сомасын төлеп болуы керек. Талап орындалмаған жағдайда, ол азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады.
    ҚР ӘҚК-ның 288-бабында мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған салық төлеушілерге 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылған. Сонымен қатар борышкерлерге мөлшері шектелмеген өсімақы төлеу міндеті жүктелуі мүмкін. Өсімақы қарыз төленбей өтіп жатқан әр күн үшін қосылады. Әрі өсімақының ең жоғарғы шегі де жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көлік салығын төлемеген ақтөбеліктер қамалып жатыр
  • Ақтөбеде кешкі уақытта арақ сатылмайды
  • Ақтөбеліктер салықшыларға 9 млрд теңге қарыз
  • Қазақстан мұсылмандар одағы жыныстық қатынас үшін салық салуды ұсынады
  • Парақор тергеуші 1,5 миллион теңге айыппұл төлейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге