“Бұйрық талқыланбайды...”

    “Бұйрық талқыланбайды...”

    “Керек info” газетінде “Білім саласының басшыларына Ашық хат (немесе орамал мәселесі туралы)”, “Шұбаршиден шу шықты” тақырыптарымен жарияланған мақалаларға байланысты Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Нұртазина “Неге мақала авторы осы мәселе жөнінде менімен кездесіп, сөйлеспеген?” деп наразы болыпты.

    Әр журналистің мақалаға қажетті ақпарат жинауда өзіндік әдіс-тәсілі бар. Менің осы саладағы қырық бес жылдық сыналған тәжірибемде әуелі арызданушы-наразы жақтың пікірлерін тыңдап, сұрақтар қойып нақты мән-жайды анықтаймын. Кейін наразылықтың себеп-салдарын зерттеймін, мамандардың және басшылардың пікірлерін тыңдаймын.
    Әуелі Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Орынбасарқызының «Неге мақала авторы осы мәселе жөнінде менімен кездесіп, сөйлеспеген?» деген наразылығына келетін болсам, бұл кісімен кездесіп, сөйлеспегенім рас. Оның себептері бар.
    Бірінші рет Кеңқияққа таксимен барып, мектеп директоры Әлия Әбдрахманқызымен сөйлескеннен кейін, Гүлнар Орынбасарқызының ұялы телефонының нөмірін беруін өтіндім. «Ұялы телефонының нөмірін бере алмаймын, бірақ жұмыс телефонын берейін» деп, жұмыс телефонының нөмірін берді. Газетке мақала жазар алдында, бұл нөмірге қаншама рет телефон соқсам да Гүлнар Орынбасарқызымен байланысқа шыға алмадым.
    Екінші рет заңгер Ағысбек Төлегеновтың өтінішімен, Шұбарши мен Кеңқияққа таксимен екеуміз барғанымызда, ауыл тұрғындарымен сұхбаттасқаннан кейін, біз Шұбарши орта мектебіне әдейі соғып, мектеп директорымен сөйлесіп, мән-жайды сол кісіден білгіміз келді. Өкінішке орай, мектеп директоры Шұбарқұдыққа жиналысқа кеткен екен. Сондықтан, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен кездесуге рұқсат алдық. Бірақ...
    Келген адамдардың журналист пен заңгер екенін білгеннен кейін, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары бізбен сөйлесуден, ақпарат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті аты-жөнін де айтпай, екі күзетші жігітті шақырып, оқушылардың көзінше дауыс көтеріп, бізді мектептен итермелеп шығарып жіберді! Мектеп басшысының мұндай оғаш қылығын өмірімде бірінші рет көруім!
    Біз Шұбарқұдыққа барып, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Орынбасарқызымен кездесіп, Кеңқияқтағы және Шұбаршидегі кейбір мәселелер жөнінде сөйлеспекші болып, Кеңқияқтағы таксилер тоқтайтын жерге келдік. Шұбарқұдыққа баратын такси болмады. Көп күттік. Амал жоқ, соңғы таксимен Ақтөбеге қайтуға тура келді.
    Ақтөбеге келгеннен кейін де, екінші мақаланы жазбас бұрын, Гүлнар Орынбасарқызының жұмыс телефонына неше рет қоңырау шалсам да, байланысқа шыға алмадым.
    Сондықтан, екі жағдайда да ауыл тұрғындарымен сөйлескенде – олардың сөздерінен, балапандарын қорғаған торғайдай шырылдаған аналардың көздерінен «осының бәріне білім басшылары кінәлі» деген наразылықты, олардың жанайқайларын жүрегіммен сезініп, өзімді ойша солардың орындарына қойып көрдім.
    Жоғарыда: «Бұл жолы мен тағы бір қазақи әдісті қолдандым» дедім ғой. Бұл «қазақи әдіс»: «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» деген «әдіс». Өйткені, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Нұртазина – менің жиенімнің келіні, яғни жиен келін еді. (Әрине, Гүлнар Орынбасарқызы бұл жөнінен хабарсыз болатын). Екі мақалада да Гүлнар Орынбасарқызы сыналғанмен, «Келінім, саған айтам, директорлар, сендер тыңдаңдар» дегендей, аудандағы барлық мектеп басшыларына ой салу мақсатында жазылған болатын.
    Жақында әдейі Шұбарқұдыққа заңгер Ағысбек Төлегеновпен бірге барып, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Орынбасарқызымен кабинетінде кездесіп, екі сағаттай отырып сөйлестім. Дәлірек айтқанда, негізінен ауданның бас мұғалімі сөйледі, ал мен әдейі сыр бермей, мектеп оқушысы сияқты қыбыр етпей отырып, ұстазды мұқият тыңдадым.
    – Мен, – деді Гүлнар Орынбасарқызы, – Кеңқияқ орта мектебіне басқа шаруамен бардым. Жиналысты ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі. Менің бұл жиналысқа қатысым жоқ. Мен әуелі орамал мәселесі жөнінде екі оқушы қыздың анасы Нұргүл Дәулешовамен сөйлестім. Ол екі қызын Ақтөбенің авиақалашық аумағындағы пансионатқа жатқызып, №40 мектепте оқытқысы келген. Бірақ, қыздарын мектепке орамалмен қабылдата алмаған екен. Мен оған «Неге маған ертерек айтпадың? Қыздарыңды №40 мектепке қабылдануына көмектесе аламын» дедім. Оған заңға өзгерістер енгізілгелі жатқанын айтып: «Болашақта бәрібір орамал шешіледі» дедім.
    Одан кейін орамал мәселесі жөнінде Кеңқияқ орта мектебінің үш мұғаліммен: Жанар Бигембетовамен, Гүлжамал Құрмансейітовамен, Мәншүк Уразалинамен жеке-жеке сөйлестім. Мен олардың орамал таққандарына байланысты жеке бастарын кемсітіп, көпшіліктің көзінше талқылап, ар-намыстарына, қадір-қасиеттеріне және іскерлік беделдеріне нұқсан келтірген жоқпын. Мен оларға да заңға өзгеріс енгізгелі жатқанын ескертіп, мектепке орамалдарын шешіп келіп, оқушыларға үлгі көрсетулерін өтіндім. Газетке мақала шыққаннан кейін, Кеңқияққа барып, мектепте Ж. Бигембетовадан мен Г. Құрмансейітовадан және мектеп директорынан түсініктеме жаздыртып алдым. Олар солай деп жазып берді.
    Міне, мынау екі мұғалім мен мектеп директорының түсініктемесі. Осы түсініктемеде мектеп директоры өзі осы үш мұғаліммен және он оқушы қыздың аналарымен сөйлескенін, Білім және ғылым министрінің № 26 бұйрығына сәйкес, мектеп жарғысына өзгерістер енгізілетінін, сондықтан мектепке алдағы уақытта орамал тағып кіруге болмайтындығын айтып ескерткенін жазған, – деп алыстан қағаздарды көрсетті. Оқып, танысуға берген жоқ. Сендік. Мұғалім өтірік айтпайтын шығар?
    – Мен сізден, журналистен интервью алайыншы, – деді бір кезде Гүлнар Орынбасарқызы маған қарап, – Айтыңызшы, осы екі мақаланы жазғандағы мақсатыңыз қандай?
    – Біздің ата-бабаларымыз, – деп бастадым мен, – о шеті мен бұ шетіне ұшқан құс пен жүгірген аң тоқтамай, дем алмай жете алмайтын қазақтың ұлан-байтақ жерін аттың үстінде жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен жаудан қорғап, бір сүйем де жерін жатқа бермеген.
    Атақты этнограф-ғалым Василий Васильевич Радлов қазақ халқын көп зерттеп: «Қазақ халқы – ақын халық, батыр халық. Кез келген қазақ аяқ астынан ең кемі үш-төрт шумақ өлең шығара алады. Жау келіп қалса, кез келген қазақ керегеде ілулі тұрған қару-жарағын асынып, атына қарғып мініп, «Жау қайда?!» деп шыға келеді!» деп таң қалған.
    Кеңес дәуіріне дейін қазақ отбасы балаларын кішкентай сәби кезінен бастап ұлттық салт-дәстүрлерге сай имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеп, оларды жерін, елін қорғайтын батыр болуға баулыған. Әр ауылдың байлары мешіт салып, медресе ашып, балаларды оқытып, ұлттық педагогика бағытында тәрбиелеген.
    Менің түсінігімше, әрбір ата-ана отбасында, ал мектептерде қай пәннің мұғалімі болса да, мейлі ол тарихшы болсын, әдебиетші болсын, физика, химия, биология, тіпті дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болсын, ұстаздар оқушыларға ұлттық педагогика негізінде ұлттық тәрбие беріп, оларды патриоттыққа, имандылыққа баулуы керек. Ал, орамал – имандылықтың, ұлттық тәрбиенің бір белгісі.
    Атақты педагог Макаренкоға бір әйел алты айлық баласын әкеліп көрсетіп:
    – Менің мына балам әлі сөйлей де, жүре де білмейді. Тек қана еңбектейді. Бірақ мен оған кубиктер арқылы әріптерді үйреттім. Қай әріпті әкел десем, ол сол әріпті қателеспей әкеледі. Айтыңызшы, мен тәрбиені өте ерте бастап жатқан жоқпын ба? – деп сұрапты.
    Сонда Макаренко:
    – Сіз алты айға кешігіп қалыпсыз. Тәрбиені бала дүниеге келген күннен бастау керек еді, – деген екен.
    Егерде біз де балаларымызға отбасында, мектепте ұлттық тәрбие беріп, жүректеріне олардың қазақ екендігін, мұсылман екендігін мақтан тұтатындай асқақ сезімді сіңіре білсек, Қазақ Елінің болашағын ойлайтын нағыз пат-риоттарды, жерін қорғайтын батырларды тәрбиелейміз. Егерде олардың жүрегіндегі жаңа тұтанып келе жатқан: «Мен – қазақпын, мен – мұсылманмын!» деген асқақ ұлттық мақтаныш сезімін өшіріп алсақ – ұлттың болашағын ойламайтын топас, өзінің қарақан қара басын ғана ойлайтын жалтақ, қоянжүректі қорқақтарды тәрбиелейміз, – деп, мысалдар келтірдім.

    Әңгімеміз аяқталып, қоштасар сәтте мен Гүлнар Орынбасарқызына қысқа үш сұрақ қойып, үш қысқа жауап алдым:
    – Білім және ғылым министрі оқу және тәрбиеге байланысты бұйрықтарын облыстардағы білім департаменттерінің басшыларына жіберіп, олардың орындалуын қадағалайды ма?
    – Иә.
    – Облыстық білім департаментінің басшысы аудандардағы білім бөлімінің басшыларына Білім және ғылым министірінің бұйрықтарын жолдап, олардың орындалуын қадағалайды ма?
    – Иә.
    – Сіздер, аудандық білім бөлімінің басшылары, сол бұйрықты мектеп директорларына жолдап, олардың орындалуын қадағалайсыздар ма?
    – Иә.
    Айтпаса да түсінікті. Әскердегідей. Бұйрық талқыланбайды, бұйрық орындалады...

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шұбаршиден шу шықты
  • Білім саласының басшыларына Ашық хат
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Орамал таққаны үшін жұмысқа алынбады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге