Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 280 адамға пәтер берілді

    Ақтөбедегі "Нұр Ақтөбе" ауданынан тағы да пәтер кілттері табысталды. Оларды беруге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Сәния Қалдығұлова, Ілияс Испанов келді.

    - Елбасының берген тапсырмасын орындау мақсатында 2 мемлекеттік бағдарлама негізінде бөлінген қаржыға осы жерден үйлер салынып жатыр. Мұнда болашақта 100 мыңға жуық тұрғын тұрады деп есептелген. Оларға қажетті су, жылу, жарық тартылып, жол салынып жатыр. Келесі жылы мектеп, балабақша, сауда үйлері мен халыққа керек ғимараттар құрылысы басталады. Бүгін 2-3 қабатты үйлерден 280 адамға пәтер береміз. Пәтерлерді тезірек беру үшін құрылысшылар аязға қарамастан жұмыс жасап жатыр. Олар басында ақшасыз жұмыс істеді. Біздің ойымызша, сапасы мен талаптары стандартқа сәйкес келеді. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіден қазір 80 мыңға жуық адам есепшот ашып, кезекте тұр. Жеке үй құрылысы бойынша – 140 адам. Оларға тезірек пәтер беруіміз керек. Ақтөбе қаласының өзінен 23 мың адам кезекке тіркелген. Өздеріңіз білесіздер: мына жерде былтыр түк те болған жоқ. Кеңес үкіметі кезінде мұндай үйлер 3-4 жыл салынатын, қазір 1 жыл ішінде салынады. Осы аудан халқының жаз мезгіліндегі демалысы үшін Песчанка өзеніне Ақтөбе су қоймасынан 6 шақырымдық канал қазылады. Осындай игі іс-шаралар көп болсын. Пәтерлеріңіз құтты болсын, - деді облыс әкімі.

    Қуаныштан күлімдеп, сәбиін көтеріп тұрған жас жігітке жақындап, тұрғын үй мәселесі бойынша қойған сұрақтарымызға мынадай жауап алдық.
    - Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне кезекке тұрып 3 жылдай жинадым. Сөйтіп жүргенде отбасылы болдым, баспана керек болды. Бұл бағдарламаның шарттары жас отбасылар үшін жақсы, ыңғайлы. Жағдайыма сәйкес келеді. Бұрын да бағдарламаларды қарап жүретін едім. Бір бөлмелі пәтер алайын деп жатырмын. Әзірге бір балам бар. Алла қаласа, осы банкке ақша жинап, болашақта үлкен пәтер алу керек деген жоспарымыз бар. Пәтер ұнады, - дейді "Қазпошта" қызметкері Нұрсұлтан Оразбаев.

    Жеке үй сомасының 30 пайызын төлеп, 3 жыл күтпей, бірден баспаналы болу қарастырылған "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша коттедж кілтін алып шаттанған тұрғын қуанышын БАҚ өкілдерімен күлімдей бөлісті.
    - Биыл ғана жер кезегіне тұрып едік. Банктен "осындай бағдарлама бар" деген ұсыныс түсті. Шарттарымен танысып, бізге ұнағандықтан, келістік. 2 жыл ақша жинадық, енді бір жыл жинау керек деп жүр едік. Мына бағдарлама жақсы болды. Ризамыз. Жаңа кілтін алдық, қуанып тұрмыз. Отбасымыз үлкен емес, 4 адамбыз. Ипотекалық несиеге алып отырмыз. Есептегенде, 9 жыл бойы айына 120 мыңнан төлейді екенбіз, - дейді Светлана Зеленая.

    Бағдарламаның шарты көңілінен шыққанын Мұқағали да ынталана бөлісті.
    - Менің ақша жинағаныма 3 жыл болды. Бағдарлама туралы естіп, шарттарына келістік. Көп күтпей-ақ арманымыз орындалып жатыр. Ыңғайлы бағдарлама үшін Елбасына, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтамын. Коттедж ұнады. 15 жылға айына 90 мың төлейтін боламын, - дейді Мұқағали Мәмбет.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Нұр Ақтөбеде” жыл соңына дейін 12 көппәтерлі үй беріледі
  • “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша алғашқы баспаналар берілуде
  • Ақтөбеде “Нұрлы жер” бойынша арзан үйлер сатылып жатыр
  • "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша ақтөбеліктер баспаналы болады
  • 17 наурызда 17 ақтөбелік баспаналы болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге