Ақтөбеде көз ауруларын емдейтін орталық ашылды

    Енді облыс тұрғындары көру қабілеттерін қалпына келтіру үшін шетел аспайтын болды. Жаңадан ашылған "Дару жарығы" орталығында күрделі оталар жасалып, көздің түрлі ақаулары емделеді.

    Орталық америкалық, жапондық, германиялық заманауи техникалармен жабдықталған. Дәрігерлер де шетелдік курстардан өтіп, жабдықтарды пайдалануды толық меңгерген. Жаңа орталықтың басшысы Ғалымжан Елеуовтің айтуынша, мұнда мемлекеттік портал арқылы тегін емделуге болады, өйткені аурухана мемлекет пен жеке меншік ұжымдардың әріптестігі бағдарламасы аясында салынған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетіледі. Онда қалада бұрын болмаған көз торламасының артқы бөлігінің отасы, хрусталик алмастыру секілді күрделі ота түрлері жасалады. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыс тізіміне енбейтін қызметтер де көрсетіледі. Олар ақылы негізде болмақ.
    - Бұл – шынымен де, үлкен қуаныш. Біздің мақсатымыз – жергілікті мамандарымызды үйретіп, біліктілігін көтеру. Олардың шеберлігі шетелдік мамандардан кем емес, тек осындай жабдықтары мен орталығы болмады. Жабдықтарды алмастан бұрын дәрігерлеріміз олардың пайдаланылу мүмкіндігі туралы оқып қайтты. Енді Европа мен Америкада жасалатын барлық ота түрлері бізде де жасалатын болады. Тұрғындар Орынбор, Мәскеу, Башқұртстанға барып артық шығын шығармайтын болды, - дейді Ғалымжан Елеуов.
    Австриялық жобалаушылармен бірігіп салынған орталықтың ауруханасында 60 керуеттік орын болса, ал емханасы 2 ауысыммен 500 адамды қабылдай алады. Аурухана жобасына инвесторлар 3,8 млрд теңге қаражат салыпты. Жаңа нысан қаңтар айында жұмысын бастаған кезде 150-дей қызметкері болады деп жоспарланған.
    Әлемдік стандарттарға сай Франция, Германия, Швейцария, Америка елдерінен шыққан аппараттармен таныстырған офтальмологиялық бөлім меңгерушісі Гүлнар Назарбаева офтальмологиялық лазер кабинетін көрсетті:
    - Мұнда көп жылдық тәжірибесі бар мамандар жұмыс жасайтын болады. Яғни қаламыздағы көз бөлімінің негізгі бөлігі осында көшіп келеді. Осы жабдықтарды жасаған елдердің мамандары келіп, бізге шебер-кластар көрсетеді. Бірлескен оталар жасалады. Көз патологиясы бар адамдар саны жыл сайын өсіп келеді. Экологияның бұзылуына, т.б. жағдайларға байланысты болар. Балалардың көру қабілеттерінің төмендеу жағдайы мен кәрілікке байланысты катаракта, глаукома секілділер жиілеп кетті. Диабет те жыл сайын өсіп келеді. Диабет кесірінен көруі нашарлағандар бізде енді толық емделе алады. Бұрынғы диагностикалық аппараттарымыз Жапонияда, ал оталық жабдықтарымыз Германияда жасалған еді. Техникалар жыл сайын дамып отырады ғой, қазіргі жабдықтар соңғы үлгіде жасалған. Мұндайлар бұрын облысымызда болған жоқ. Көзілдірік таққысы келмейтін жастар бұрын шетелге кетуге мәжбүр еді, енді ондай лазерлік оталар осында істелетін болады. Балалардың барлық көз ауруларын тегін емдеу мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Катаракта мен глаукома, көз торламасының ауруы тегін емдеу тізіміне енгізілген, - дейді бөлім меңгерушісі.
    Ақтөбеде қазіргі уақытқа дейін жыл сайын 2000-дай ота жасалса, Қазақстан бойынша бір млн. адам көз дәрігерінің көмегіне жүгінеді екен.Орталықтың салтанатты түрде ашылу рәсімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиынға қатысқан кәсіпкерлерді осындай орталықтың ашылуына атсалысып, дәрігерлері үшін қасынан үй салып беруді көздеген Ғалымжан Елеуовты үлгі тұтуға шақырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында аллергиямен ауыратындар көбейген
  • Ақтөбеде он сегіз әлеуметтік нысан салынады
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жаңа ғимараты ашылды
  • Ақтөбеде күрделі операциялар жасала бастады
  • Мүгедектердің массаж орталығы ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге