Кәсіпорындарда экологиялық талаптар сақталмайды

    Ақтөбе өңіріндегі ірі компаниялар мен ЖШС-лардың жұмыс барысындағы экологиялық талапқа сәйкестігі тексерілді.

    "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Каспий Мұнай ТМЕ" АҚ, "Фирма Ада Ойл" ЖШС, "Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В." ЖШС, "Ақтөбе ЖЭО" АҚ мекемелерінің жұмысына Ақтөбе облысы бо-йынша Экология Департаменті кешенді экологиялық тексеру жүргізген.
    Тексеру нәтижесі бойынша Департамент басшысы Жақсығали Иманқұлов кейбір мекемелердің көрсеткіштеріне риза еместігін білдіріп, "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС баяндамашысына ескертпе жасады.

    "Міндеттемелеріңіздің орындалуын пайызбен айта аласыз ба?" деген сұрағына "Жыл соңына дейін 50 пайыздай болады" деген жауап алған Департамент басшысы өз деректерін келтірді.
    - Бізге берілген мәліметтер бойынша қазіргі уақытта сіздер міндеттемелеріңіздің 35 пайыздан сәл астамын ғана орындағансыздар. Жылдық жоспарда табиғатты сақтау шаралары үшін қажетті қаражат мөлшері 264,03 млн. теңге деп көрсетілгенімен, оның тек 92 пайызын ғана игергенсіздер. Бұл – жақсы емес. Біз табиғатты қорғау шараларына қатты көңіл бөлінетінін басынан айтып келеміз. Сондықтан мекеме басшылығы мен құрылтайшылар, инвесторлар мұны жақсы түсініп, бақылауға алуы тиіс еді. Бірақ бұл жүзеге асырылмай отыр. Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2018 жылға арналған ұсынысымызды білдірген кезде сіздердің көздеріңізде жай ғана түсінбеушілік емес, шок болғанын көрдім. Оларды енгізу міндетті емес деп сендіруге де тырыстыңыздар. 300 млн. ш.м. газ босқа жағылып, салынуға тиісті құрылыстарыңыз да жылдан-жылға қалдырыла береді. Қазір құрылыс 2019 жылы салынады деп отырсыздар. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталуы керек. Газды босқа жағу да тоқтылуы қажет. Егер газ утилизациясы қолға алынса, Ақтөбе облысы бойынша газды тиімді тұтыну 97 пайыз болмақ, - деді Жақсығали Иманқұлов.
    Сонымен қатар ол берілген ескертулер бойынша кемшіліктердің толық жойылмайтынын қатаң сынады.

    Жоғарыда аталған мекемелерге қатысты жұмыс орындарының барлығында дерлік табиғатқа зиянды заттардың нормадан артық мөлшері шығарылатыны анықталған. Ұңғымалардың маңындағы территориялар мұнай өнімдерімен ластанып, көлік тұрақтарына қатты жол жабыны төселмеген. Қолданыстағы ұңғымаларға барар жолдар да әр жүргізушінің өз қалауы бойынша түскенге ұқсайды. Ұңғымаларды күрделі жөндеуден кейін қалатын бұрғылау құбырларын жинайтын арнайы орындар да ұйымдастырылмапты.
    Тексеру барысында анықталған талапбұзушылықтар бойынша төмендегідей айыппұлдар салынуы мүмкін:
    "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС – 9 әкімшілік құқықбұзушылығы үшін 6,03 млн., қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі 8 шағым бойынша жалпы сомасы 37,54 млн теңге; "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ға қатысты "Ақтөбеэнергонефть" басқармасына 789,09 мың теңге, ал Жаңажол мен Қандыағаш кен орындарындағы талапбұзушылығы үшін 1,2 млн. теңге;

    "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ға қатысты құрылыс басқармасына "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекске сәйкес 4 шағым бойынша 1,52 млн. теңге, ал шығын өтемақысына 1,39 млн. теңге; "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ға қатысты "Ақтөбемұнайсервис" басқармасына әкімшілік құқықбұзушылығы үшін 1,36 млн, ал қоршаған ортаға зиян өтемақысы үшін 480,17 мың теңге;
    "Каспий нефть ТМЕ" АҚ – әкімшілік айыппұл 771,46 мың, қоршаған ортаға тигізген зиян өтемақысы үшін 1,79 млн. теңге;
    "Фирма Ада Ойл" ЖШС филиалы – 1,37 млн. теңге әкімшілік айыппұл;
    "Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В." компаниясы – 9 әкімшілік айыппұл бойынша 5,29 млн, өтемақы 2,84 млн. теңге;

    "Ақтөбе ЖЭО" АҚ - 6 әкімшілік айыппұл бойынша 1,68 млн, өтемақы 276,9 мың теңге. Жиында санитарлық қорғау аймақтарына жасыл желектерді көптеп отырғызу, пайдаланылған суды, түтінді сүзу құрылғыларын міндетті түрде орнату, т.б. көптеген талаптар қойылды. "Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В." компаниясы филиалының "бәрі де "шикарно" деп көсілген қызметкерінің баяндамасы бо-йынша, өз өндіріс орындарының біріндегі санитарлық қорғау аймағына отырғызылған "шикарный" желектерді жел ұшырып кетіпті. Жел ұшырды ма, басқа ма – ол жағы өздеріне ғана аян.
    Мұндай жұмыстардың қысқа мерзімдік еместігін, өсімдік үшін жерді дайындаудың өзіне кемінде 2 жыл кететінін айтқан Жақсығали Иманқұлов жерді абаттандыру жұмыстарынан хабары барын білдіріп өтті.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбенің сасық иісіне кім кінәлі?
  • “Сағыз-Петролеум” ілеспе газды рұқсатсыз жаққан
  • Жол торабына байланысты дау “СНПС-АқтөбеМұнайГаз” АҚ пайдасына шешілді
  • Қопа ауылына мұнай қалдықтары төгілген
  • Қырылып қалған аққу-қаз үшін 22 млн теңге төленетін болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге