Ақтөбелік келіншекті күйеуі пышақтап тастады

    34 жастағы Айсұлу Айкиеваны күйеуі пышақтап, қолын жаралады. Балаларының көзінше жолдасынан жәбір көрген келіншек күйеуінің үстінен арыз түсірген.

    Оқиға 19 желтоқсанда, таңғы 6-лар шамасында болған. Пешпен жылытылатын саяжайда тұратын Айсұлу күйеуінің үнемі ішіп келіп, ылаң салатынын айтады. Әдеттегідей таңертең ерте тұрып, пеш жаққалы жатқан келіншекке араққа тойып алған күйеуі тиісе бастайды.
    - Сағат 8-де жұмысым бас-талады. Соған ертерек тұрып, балаларға пеш жағып кетейін деп күндегі әдетім бойынша ояндым. Үш жерде жұмыс жасаймын. Ресторанда ыдыс, мектепте еден жуамын, сосын үй тазалаушы болып та қызмет етемін. Өйткені балаларымды асырауым керек. Күйеуім қатты қызғанады,- дейді Айсұлу.

    Сол күні таңертең күйеуі ұрыс шығарып, Айсұлуға жұмысқа бармайсың деп талап қояды.
    - Сағат 8-де жұмысым бас-талады. Соған үлгеруім керек еді. Күйеуім аяғыма жармасып, үстімдегі киімімді кескілей бас-тады. Қатты қорқып кеттім. Сөйткенше болған жоқ, арғы бөлмеден пышақ алып келді де жүрек тұсыма сілтеді. Сол қолыммен көлегейлеп қалып едім, пышақ иығыма қадалды. Қан судай ақты. Балаларымыз оянып кетті. Үлкен қызым әкесіне жалынып жүр. Телефондарымызды тартып алып еді, соны сұрап “папа, жедел жәрдем шақырайықшы” деп шырылдап жүр. Ақыры дәрігер шақырттық,- дейді келіншек.

    “Элеватор-1 Весна” бау-бақша ұжымында тұратын Айсұлу Айкиева бірден аурухананың хирургия бөліміне жатқызылған. Келіншектің айтуынша, ауруханада өзіне тиесілі ем-дом жасалмапты.
    - Қансырап жаттым. Жедел жәрдем алып кетіп, теміржол ауруханасына жатқызды. Қолымның кесілген терісін тігіп, цефозолинмен ғана емдеді. Қаншама қан жоғалттым. Мұндай емді бірінші рет көріп отырмын,- дейді келіншек.
    Келіншектің айтуынша, учаскелік инспектор келіп, қан сіңген киімдерді, тағы да басқа заттарын алып кетіпті.
    - Оқиға бойынша теміржол ауруханасына Елек полиция бөлімінің қызметкерлері барды. Полиция оқиға орнына барып, жәбірленушіден арыз қабылдады және айғақ заттарды тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,- деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.
    Айсұлудың екі баласы бар. Олардың үлкені 13, кішкентайы 6 жаста. Күйеуімен 14 жыл бойы заңды некеде тұрған Айсұлу ажырасып кетуге үйінен айырылып қалам деп қорыққанын айтады.

    - Маған не көрсетпеді осы жылдар ішінде? Аяғымды күйдірді, шеге тықты. Енді міне, пышақтап тастады. Мен ешкімнен көмек сұрамаймын. Өз еңбегіммен күн көре алатын жағдайым бар. Осы жылдар ішінде ажырасып кеткім келді. Бірақ ондай жағдайда үйді бөліп, оған береді екен. Үйді өзім алдым, ай сайын несиесін де өзім төлеп отырмын. Қазір ұлым да, қызым да сабаққа бара алмай отыр. Өйткені қорқамыз. Күйеуім қазір кіріп келуі мүмкін. Оны ұстап, қамаса екен деймін. Әбден мені өлтіріп барып, сотталғаны неге керек?-деп күйінеді келіншек.

    Айсұлудың айтуынша, күйеуі әртүрлі нөмірмен қоңырау соғып, қоқан-лоққы хаттар жолдайды екен.
    - Бүгін ғана заңды түрде ажырасуға арыз бердім. Өйткені бұлай күн кешу мүмкін емес. Балаларымды жетім қалдырғым келмейді,- дейді ол.
    Әкімшілік Айсұлудың күйеуіне хаттама толтырып, үш күнге абақтыға қамалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Күйеуі абақтыға қамалған келіншек әділдік сұрайды
  • Күйеуін өлтірді деп айыпталған келіншек ақталып шықты
  • Ақтөбе облысында әйел адам несие үшін бұрынғы күйеуін пышақтап тастады
  • Ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге