Ақтөбелік қария өзінде жоқ көлік үшін салық төлеп отыр

    Ақтөбелік зейнеткер Әміржан Қарасаев өзі өмірі көрмеген көлік үшін үкіметке салық төлеп отырғанын айтады. Сыртынан біреулер көлікті зейнеткердің атынан тіркеп, кейін сатып жіберген. Қазір қария аз зейнетақысының жартысын сол көлікті “пайдаланғаны” үшін салық ретінде үкіметке төлеп отыр. Әділдік іздеп бірнеше рет сотқа да жүгінгенін айтады. Бірақ, шешім өзгеріссіз қалыпты.

    Әміржан Қарасаев 90-шы жылдары Арал қаласынан Қандыағашқа қоныс аударады. Көп ұзамай еңбек биржасының бағыттауымен “АНГС–база 2” компаниясына жұмысқа орналасады. Біраз уақыт ақсақал базада “К-700” арнайы техникасында алаңсыз қызметін істеп жүре береді. “Көресінді басшылық ауысқанда көрдім”,-дейді қария өткенін еске алғысы келмей. Компания тізгінін қолына алған су жаңа басшы мекемеге тиесілі мүліктердің бәрін сатып, қызметкерлерін біртіндеп жұмыстан шығара бастайды.
    - Мен ғана қысқартуға ұшырамадым, себебі биржамен жұмысқа тұрғандықтан, оның пәрмені жетпеді,-дейді Әміржан Қарасаев.
    Сататын ештеңе болмаған соң, директордың өзі де жұмыстан кетіп, қарияны бос тұрған базаға күзетші етіп қояды. 1997 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін жұмыс істеп, амалы таусылған Қарасаев өзі де опа таппаған қызметінен кетеді. 2011 жылы Әміржан Қарасаев зейнет демалысына шығып, оған ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалады (46 000 теңге – авт.). Сол жылы Мұғалжар ауданынының салық комитетінен “КАВЗ 3271” нөмірлі автобус көлігі үшін зейнетақысының 50%-ы мемлекет қазынасына түсіп отырғаны жөнінде қағаз келеді.
    - Хатта маған көліктің салығы төленсін делінген. Қандай көлік? Ең қызығы, онда автобус менің атыма тіркелгені, менің жеке төлқұжатымның нөмірі көрсетілгені жазылған. Дереу істі қолыма алып, мән-жайды тексере бастадым. Айтқандай төлқұжат нөмірі мен берілген күні, туған жылы, күні,айы менің құжатыма сай емес. Содан құқық қорғау органдарына хабарласып, арыз түсірдім. Олар да істі тексере келе жаңағы хатта көрсетілген құжаттың Болат.Е есімді азаматқа тиесілі екенін анықтады. Бұл фактіні ХҚКО да растаған анықтама бар. Неде болса әділеттілікке қол жеткізейін деп, өткен жылдың қазан айында полицияға қайтадан шағым түсірдім. «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу ісі басталды. Күдікті ретінде саналған бұрынғы басшыларым «өзің саттың, өзіңнің проблемаң» деуден танбады. Ақыры қылмыстық құрам толық емес деген желеумен іс жабылды. Нәтижесінде автобус менікі, салықтан жалтарған мен болып шығамын, - дейді қария күрсініп.
    Қырсықтың артынан қырсық жамалып, Мұғалжар ауданына қарасты ІІБ бастығы Шотанов қол қойған қызметтік тексеріс нәтижесінде көліктің нөмірінен қате жіберген аға меминспектор, майор қызметкері Бағлан.Б 2008 жылы зейнетке шығып кеткені белгілі болады.
    - Мұны түсіндірме хатта Айжан Т. да растап отыр. Майордың қате жібергенін дәлелдеу, жазаға тарту мүмкін болмады. Бұл оқиғалардың барлығы жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. Мұғалжар аудандық соты 163 000 мың көлеміндегі көлік салығы мен 5000 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын мойныма іліп отыр. Өмірі көрмеген, мінбеген автобусты қалай сатып жіберуім мүмкін?! Маған ешкімнің сенгісі жоқ! Құжатта менің дұрыстығымды растайтын фактілер көп». Соттың шешімінен кейін Қарасаев президент әкімшілігіне хат жазады, бірақ хаты өзіне қайтарылады. Тамыз айының соңында жәбірленушінің адвокаты сотқа арыз-шағым түсіреді. “Соттан жауап жоқ. Қартайғанда көрер қызығым осы ма еді? Қалай өмір сүрерімді білмеймін. Алты жыл бұрын әйелім өмірден өтті. Екі жыл бұрын тұңғыш қызым қайтты. Менің бұрынғы директорым бүкіл техниканы сатып, ауданның ең бай адамына айналып отыр. Қоқыс полигонынан бастап бәрі соның атында. Әділетсіздікке қарным ашады. Бір-ақ жыл жұмыс істеп, бүкіл өміріме күйе жағылады деп кім ойлаған?!-дейді тауы шағылған қария.
    Бүгінде Әміржан Қарасаевтың зейнетақысы 24 000 мың теңгені құрайды. Ол әділдікке жетіп, қартайғанда алатын аз ғана зейнетақысын толықтай қайтарғысы келеді.
    - Өзімнің атымнан сатылған көліктің техникалық құжаттарын тауып, тіркеуден алып таста-уым керек. Әйтпесе, жыл сайын салықтың өсімі өсіп, мен қарызға бата беремін. Қазіргі төлеп жатқаным тек қана 2015 жылдың қарызы,- дейді ол күрсініп.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде клиентінің қымбат көлігін сатқан жігіт сотқа келді
  • Автобус жүргізушілері Бердібек Сапарбаевтан араша сұрады
  • Қарттар үйіндегі қақтығыс
  • Ақтөбелік ардагер ҰОС қатысқанын дәлелдей алмай жүр
  • Танымал көлік салонының жауапкершіліктен қашқаны анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге