“Аналар үйінде” екі сәби қырқынан шықты

    “Аналар үйінде” екі сәби қырқынан шықты

    Ақтөбеде “Аналар үйі” екі сәбиін қырқынан шығарды. Аналары жетімдер үйінен шыққан қос сәбидің алғашқы қуаныштарына Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Испанов пен қалалық маслихаттың депутаты Сұлупан Шынтасова және облыстық мәслихаттың депутаты Дмитрий Довматенко, "Нұр Отан" партиясының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Ассоциациясы" бастауыш партия ұйымы қатысты. Қазақтың ежелгі салты бойынша “Қырық қасық” деп аталатын дәстүріне сай, жаңа туған сәбилерді қырқынан шығарды.

    Қазір «Аналар үйінде» 12 келіншек жатыр. Олардың барлығы да тағдыр жазуымен осында жиналғандар. «Аналар үйі» ашылғалы 113 қыз осы жерді паналапты. Кеше «Аналар үйінің» тұрғындары қос Надя ұлдарын қырқынан шығарды. Жетімдер үйінен шыққан аналарға қалалық әкімнің және “Қамқоршылық-Забота” қайырымдылық қорының директоры ақ жол тілеп, сыйлықтар ұсынды.

    - Баланы қырқынан шығарудың өзі жайдан-жай шыққан нәрсе емес. Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болады екен. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тіл тиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Қырқынан шықпаған бала әлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару – ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет. Біз де бүгін өзіміздің шаңырағымыздағы үлкен мерекеге қала әкімі мен депутаттарды шақырып, балалардың үлкен өмірге қадам басуына осындай дәрежелі, абыройлы кісілерді арнайы күтіп отырмыз,- дейді «Аналар үйінің» директоры Таңсұлу Лакова.

    Елнұр мен Ярослав есімді кішкентай қос сәбидің аналары жетімдер үйінің түлектері. Тағдыр жазуымен «Аналар үйіне» келген қос қыздың бірі мүгедек. 24 жастағы Надежда Юрьева мұнда бірнеше ай бұрын келген. Тамды және Жайсан интернатының түлегі, үшінші топтағы мүгедек Надяның тағдыры оқырмандардың да есінде болар. Өзі сенген жігіті Надяны алты айлық сәбиімен тастап кетіпті.

    - Менің жүкті екенімді білгенде жігітім менен бас тартты. Жұмыс орным да қысқартып тастады. Өмірде жақсы адамдар бар ғой, солар маған көмектесіп «Аналар үйіне» келдім. Бұл жерде мені туған қызындай қарсы алған Таңсұлу апаға ыстық ықыласымды білдіремін,- дейді Надя. Желтоқсан айында өмірге Ярославты әкелген Надя қазір өзін бақытты сезінеді. Кішкентай Елнұрдың анасы Надя Исламгалиева «Аналар үйіне» өткен жылдың қазан айында келіпті. Өзінің талайы көп тағдыры туралы ешкімге ашып айтқысы келмейді. Бірақ, өзінің және кішкентай ұлы Елнұрдың тағдыры жарқын болатынына сенеді.

    - Жайсан интернатының тәрбиеленушілері туралы білеміз, олармен үнемі байланыстамыз. Баланың қырқынан шығару салты да бізге жат емес. Біз балаларға сыйлықтар әкелдік. Ана мен бала бақытты болса, біздің қоғам да алға дамиды,- деді «Қамқоршылық-Забота» қайырымдылық қорының директоры Дмитрий Довматенко. Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік болады. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез келген қуаныш тойларының әрқайсысының ізгі тілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Біз қуаныш сыйлаймыз!
  • “Жайсан” мектеп-интернатының 15 оқушысы Астананы аралады
  • Таңсұлу Лакова: “Қызымның қайғысын қызметімнің көмегімен көтердім”
  • Ақтөбенің “бас құдағиы”: Бәрі жақсы болады!
  • 40 санының қасиеті туралы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге