Оқушылар ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешуде

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында 15 жастағы оқушы орамалын шешіп, мектеп формасына көшті. Оның анасы балиғат жасына толған қызының білім алуына кедергі бола алмайтындығын айтып отыр.

    Өңірде мектеп формасына қатысты түсіндіру жұмыстары күшейді. Теологтар мен имамдар дін жолында жүрген ата-аналарға білім алудың парыз екенін айтып жатыр.
    - Өңірде орамал мәселесі Ақтөбе, Алға, Мұғалжар мен Темір аудандарында бар. Мұғалжар ауданында 15 жастағы оқушы мектеп формасына көшті. Анасы: “ Исламда білім алу- қырық парыздың бірі. Қызым балиғат жасына толды. Бірақ мен оның білім алуына кедергі келтіре алмаймын” деді. Новый орта мектебінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген едік. 3-сынып оқушысы мектепте оқығысы келетіндігін айтты. Ата-анасының қарсылығына қарамастан, қазір сабаққа келіп жүр. Ал 6 сыныпта оқитын апасы мектеп формасын сақтамағаны үшін сабаққа қатысқан жоқ.Кейбір ата-аналар “орамалды мүлдем шешсін” деген талап қойып отыр деп түсінеді.Балалар мектеп ауласына дейін тағып келсін.Ал ғимараттың ішінде мектеп формасын сақтауы қажет,-дейді Жандос Қалмағанбетов.
    Айта кетелік, оқу жылының басында 394 оқушы орамалмен сабаққа барған еді. Сол уақыттан бері 153 оқушы мектеп формасын сақтауға көшкен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ
  • Ақтөбеде даярлық сыныбында оқитын бүлдіршіндер орамал тағып жүр
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбелік оқушылар орамалдарын шеше бастады
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге