Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ

    Ақтөбе тұрғыны мектеп директорын сотқа берді. Ол қыздарын сабаққа кіргізбей қойған басшының әрекетін заңсыз деп тануды сұрап отыр.

    Өңірде мектеп формасына қатысты азаматтық іс енді сотта қаралмақ. Ақтөбелік ата-ана № 10 мектептің әкімшілігін сотқа берді. Айтуларынша, білім мекемесінің 8,9 сыныптарында оқитын екі қызы үшінші тоқсаннан бері сабаққа кіре алмай жүр. Өйткені директор оларды “мектеп формасын сақтамады” деп оқуға жібермей қойған. Сондықтан ол мектеп директоры мен әкімшілігінің қыздарын сабаққа кіргізбеуін заңсыз деп тануды талап етуде.
    -Мектеп директоры қолымызға “Балаңыз 8 қаңтардан бастап мектеп формасын сақтамаса, мектепке кіргізілмейді” деген хабарлама берді. Оған қол қойып, мөр басылған. Осы арқылы мектеп директоры сот билігіне өз бетінше иелік етіп отыр.Заң бойынша,ол ата-аналарға мектепте оқу тәртібін жазбаша түсіндіре отырып, бағынбаған жағдайда мектепте оқытпау жөнінде талап-арызбен сотқа жүгінуі қажет еді. Ал сот шешімі күшіне енгеннен кейін балаларды мектепке кіргізбеуге рұқсат беріледі. Онда да бұл әрекетті директор емес, сот орындаушысы орындауы керек. Сондықтан олардың оқушыларды білім алу үшін мектепке кіргізбеген әрекеттерін соттың заңсыз деп тануын сұраймын,-делінген арыз-шағымда.
    Аталған іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Судья Айна Абдраева журналистің қатысуына рұқсат еткен жоқ. Ал мектеп директоры Гүлайым Иманова қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Сот тыңдалымына куә ретінде қатысқан Бауыржан Құрманқұлов жиен немерелерінің орта білім алуға деген құқығы бұзылып отырғанын айтады.
    -Ата-ана ретінде Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығына еш қарсылығым жоқ. Онда бәрі дұрыс жазылған. Никаб,хиджаб дегендер шынында да мектеп формасына кіргізілмеуі керек. Алайда қазақтың орамалы, кимешегі ешқандай діни атрибутқа жатпайды. Заңда да орамал тағып келуге болмайды деп жазылмаған. Бұл жерде мектеп директоры өз қызметін асыра пайдаланып отыр. Жалпы осы орамалға тыйым салу біздің елдің тыныштығына төніп тұрған қатер деуге болады. Бұл - әріден жасалған құйтырқы саясат па деп ойлаймын. Себебі дін жолында жүргенмен, балаларын осылай мектепке кіргізбей жатқанда, кейбір теріс жолда жүрген ата-аналар мұндай қысымнан кейін заңсыз әрекетке баруы мүмкін. Сондықтан мектеп директорлары да осыған себепші болмауы керек. Менің немерелерім сабақтарын өте жақсы оқиды, тәрбиелері де жақсы. Әке-шешелері де мемлекеттің заңына қарсы шықпайды. Тәрбиелері солай. Бұл жерде немерелерімнің орта білім алуға деген құқығы бұзылып отыр,-дейді зейнеткер. Басты сот талқылауы 22 қаңтарға белгіленді. Ал арызданушы тарап сот шешімі шыққанша, оқушыларды сабаққа қатыстыру жөнінде талап арыз түсірді. Бұған дейін ата-аналар балаларын сабаққа кіргізбегені үшін №19 мектепті сотқа берген. Алайда кейін талап-арыздарын қайтып алған еді. Айта кетелік, 2016 жылы шыққан Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектеп киімі үлгісіне түрлі конфессиялардың діни киім үлгісінің элементтерін қосуға жол берілмейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Оқушылар ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешуде
  • Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ
  • Ақтөбеде орамал дауы қайта ушықты
  • Ақтөбеде орамал таққан оқушыны сабаққа кіргізбей қойды
  • Әріптестеріне ерегескен ауыл тұрғыны үш баласын сабаққа жібермей қойды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге