Ақтөбеде “орамал дауына” қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті

    Ақтөбе қалалық сотында қала тұрғыны Қайрат Жармағанбеттің №10 мектеп басшылығына қарсы шағымы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Белгілі болғандай, мектеп директоры Гүлайым Иманова мектептің ішкі жарғысы мен Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сүйеніп, шағымданушының жоғары сыныпта оқитын қыздарын сабаққа кіргізбей отыр.

    Қала тұрғыны соттан мектеп директорының бұл әрекетін заңсыз деп тануды талап етіп отыр. Өйткені білім мекемесінің 8,9 сыныптарында оқитын екі оқушы үшінші тоқсаннан бері оқуға қатыса алмай жүр.
    - Мектеп директоры 8-қаңтардан бастап орамал тағатын қыздарымды “мектеп формасына діни элемент қосты” деп айыптап, сабаққа кіргізбеді. Осы әрекеті арқылы ол балаларымды Конституция кепілдік берген міндетті, орта білім алу құқығынан айырып отыр. Менің қыздарым сабақты жақсы оқиды. Мектеп формасын сақтайды, оған ешқандай діни элементтерді қосқан жоқ. Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығында “Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды”делінген. Орта білім беру ұйымында хиджаб, никаб, бурка, паранжа секілді діни киімдерді киюге тыйым салынған. Алайда онда “қазақтың орамалы-діни элемент, сондықтан оны тағып келуге болмайды” деп жазылмаған, -дейді шағымданушы.
    Қайрат Жармағанбеттің сөзінше, оқушыларды сабаққа кіргізбеу арқылы мектеп директоры өз қызметін асыра пайдаланып отыр. Сондықтан ол бұл шектеуді заңсыз деп танып, қыздарын сабаққа кіргізуді сұрап отыр. Айтуынша, қызы мектеп формасына қоса қазақтың ұлттық бас киімі - кимешек киеді. Ал мектеп директоры Гүлайым Иманова өз талаптарының мектептің ішкі жарғысы мен Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығына сай екенін айтады.

    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы мектеп формасына қатысты № 26 бұйрығына сол жылы сәуір айында қайтадан өзгеріс енгізілді.Онда “Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды” делінген. Бұдан бөлек мектептің ішкі жарғысы бар. Оған сәйкес,мектеп оқушылары ішкі тәртіп ережелерін сақтау керек. №10 мектепке үш оқушы орамал тағып келеді. Біз олардың ата-аналарына осыған дейін үш рет ескерту жасап, хабарлама бердік. Бұған дейін түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.Қамқоршылық кеңесте қарадық. Мектеп формасында бас киімнің жоқтығын айтып, орамалды шешулерін сұрадық. Әр мекеменің өзінің ішкі талабы бар. Кез –келген адам мемлекеттік мекемеге кірерде ұялы телефонын қалдырады. Ауруханаға барса, сырт киімін шешуі тиіс. Сондықтан мен заң аясында әрекет еттім деп ойлаймын,-дейді мектеп директоры.
    Сотқа сарапшы ретінде қалалық білім бөлімі мен облыстық білім сапасын бақылау департаментінің өкілдері де қатысты.
    - ҚР Білім туралы заңының 49 бабы, 2-тармағының 3,6,7 тармақшаларында кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері білім беру ұйымының жарғысында айқындалған мектеп формасына қатысты талаптарды сақтауға міндетті. Заңға сәйкес, мектеп формасын сақтамаған ата-аналарға әкімшілік жаза да қолданылады. Ақтөбе қаласының білім бөлімі №10 мектеп директорының әрекетін ҚР заңнамаларына қарама-қайшы әрекет деп танымайды. Ата-ана баланың заңды өкілі ретінде мектептің ішкі тәртібіне бағынуы тиіс, -дейді қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиева.
    Өзін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы ретінде таныстырған Гүлназ Мырзағалиева қазақ дәстүрінде тұрмысқа шыққан әйелдердің ғана кимешек кигенін айтты. Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда мемлекеттік орган мектеп формасына қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатыр.
    Бұл шағым бойынша негізгі сот процесі 15 ақпанға белгіленді.Айта кетелік, шағымданушы тарап сот процестерін жабық өткізуді және журналистерді оған қатыстырмауды сұраған еді. Алайда судья Айна Абдраева бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

    Ақтөбе облысының бас имамы: Орамал мәселесін ушықтыру дұрыс емес
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан орамалға қатысты мәлімдеме жасады. Ол мұсылман жамағатын мәселені ушықтырмай, бейбіт жолмен шешуге шақырды.
    - Осыдан 100 жыл бұрын ата-бабаларымыз Патша үкіметінің
    отарлау саясатының небір озбырлығын бастан кешірді. Жаназасын жасырын оқып, оразасын тығылып тұтты. Бірақ, сонда да діннен қол үзіп қалған жоқ. Өзі аш бола тұра, өзге ұлтты бауырына басты. Барымен бөлісті. Сол ниетіне сай, Құдай сансыз нығметтерге бөледі. Ал бүгінде бейбіт заманға бой үйреткен біздің қоғам осының барлығы өздігінен бола қалғандай, кешегі күнін ұмытты. Барлығы бірден бола қалса дейді. Сабақты ине сәтімен деген. Тыныштық болса, бәрі де болады. Тәңірден тыныштық тілейік,-дейді ол.
    Төлеби Оспан балиғат жасына толмаған кішкентай қызға орамал тағудың міндет еместігін айтады. Оның айтуынша, қыздың балиғатқа толу жасы 9 жаспен шектелмейді.
    -Дін басқармасы өз мәлімдемесінде орамалдың үкімі парыз екендігін көрсетті. Бірақ, балиғат жасына толмаған, санасы толық қалыптаспаған, орамал тағудың түпкі мәнісін түсінбейтін кішкентай қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршінді жаулық жабуға мәжбүрлеу дұрыс емес. Әуелі білім мен тәрбиеге мән берген абзал. Бұл – ата-ананың бас-
    ты міндеті. Ал қыздың балиғатқа толу жасы 9 жаспен шектелмейді. Мұсылман ғалымдары, қыздың физиологиялық ерекшеліктеріне сай, көпшіліктің жағдайын назарға ала отырып, Ханафи, Шафиғи, Ханбали мәзхабтарында 15 жаспен шектеген. Біз мұсылман жамағаты мен ата-аналарды мектептің формаға қатысты талаптарына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес,- дейді дін өкілі.
    Қазір жергілікті имамдар ата-аналарға исламдағы балиғат жасы мен парыз ұғымын түсіндіріп, заңға бағыну міндет екендігін айтып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Діндарлар қоғамнан тыс өмір сүрмейді”
  • Ақтөбедегі “орамал дауы” енді сотта қаралмақ
  • Оқушылар ата-анасының қарсылығына қарамай, орамалын шешуде

  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге