Ақтөбедегі «Аналар үйінің» тұрғыны баласынан бас тартуы мүмкін

    Ақтөбедегі "Аналар үйінің" тұрғыны баласынан бас тартып отыр. Қостанайдан келген келіншектің аяғы ауыр. Құжаттары жоқ. "Аналар үйінің" үйлестірушісі Таңсұлу Лакова әйелдің жағдайына алаңдайды. Ол "жақсылық жасаймын деп жаман талқыға түстім" деп отыр. Ол өзін әбігерге салған жаңа тұрғынға наразы.

    Таңсұлу Лакова халық арасында қауесет тараған соң, ол өзіне хабарласқан түрлі тиісті орындарға барып, мәселенің мән-жайын айтып түсіндіруге мәжбүр болыпты. Ол осы тұрғынға көмектесемін деп біраз қиындықтарға тап болғанын, жоспардағы жүйелі жұмыстарының қалып қойғанын алға тартты.
    - Біліп алмай сынап, тілдеуге келгенде алдымызға жан салмаймыз. Әлеуметтік желілердегі жазбаларды оқыған адам мені құдды тасбауыр адамдай көретіні анық. Пікір айту үшін адам алдымен оқиғаны анық біліп алуы керек. Әлеуметтік желілерде айтылған пікірлер жүйкеге әсер етеді. Біріншіден, оны қуып жатқан ешкім жоқ. Шынын айтқанда, бұл келіншектің өзі біздің баспанада мүлдем тұрғысы келмейді. "Осындай жүкті әйел далада жүр" деген соң қабылдадық. Оның ешқандай құжаты жоқ. Негізі, құжатсыз қабылдамауымыз керек еді, бірақ олай істесек, адамшылығымыз қайда? Келіншектің ой-өрісі мен денсаулығында кемшілік бар деген күдігіміз де жоқ емес. Себебі ауыз жаппастан жөтеледі. Құдай сақтасын, егер ашық түрдегі құрт ауруы болса, осында жүрген барлық адамға қауіпті ғой. Емізулі балалар бар. Шамамыз келгенше, оларға тым жақындатпауға тырысамыз. Тұрғындарымыздан алыстау тұрған бос бөлмелер бар, бірақ ол жаққа орналастырайық десек, "өзіне бірдеме істеп қояр" деп тағы қорқамыз,- дейді үйлестіруші Таңсұлу Лакова.
    Оның айтуынша, «Аналар үйінің» жаңа тұрғыны қасындағы келіншекке: "Менің жағдайымды білгісі келгендердің бәрінен шаршадым. Қайткенде де бұл жерден кетем", - депті.
    - Бізге әкелгенде, өте лас болды. Жуындырып, ішкі талапқа сай жағдайын жасадық. Бірақ ол таза жерде тұра алмайтын секілді. Өзінің айтуына қарағанда, Қостанай жағында дұрыс жолмен өмір сүрмеген. Аяғы ауырлағаннан кейін осы жаққа жұмыс табамын деп келсе керек. Үсті-үстіне темекі тартады. "Сыртқа шығып кетіп, темекі тұқылдарында қалған махорканы газетке орап тартады", - дейді көргендер. Бірде сөйлессе, бірде мүлде ешкіммен сөйлеспей қояды. Баладан бас тартып отыр. Босанғаннан кейін тастап кетемін деп шешіпті. Қостанайдағы "Аналар үйімен" сөйлестім. "Бізге жіберіңіздер" деп отыр, бірақ ешбір құжатсыз оған ешкім қызмет көрсетпейді. Шамалары келгенше құжаттарын тезірек қалпына келтіретінін айтады. Келіншектің мінезі өте ауыр, сөйлесу қиын. Психолог, дәрігер, полиция қызметкерлері – ешбірімен сөйлеспейді. Біздің ішкі жұмыстарымыз жетеді. Кішкентай балаларға қарауымыз керек, бірақ мына тұрғынымыз өзіне қарауға мәжбүрлеп отыр, - деді үйлестіруші.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Аналар үйін” паналаған ақтөбелік келіншектердің жартысы күйеуге шыққан
  • “Аналар үйінде” екі сәби қырқынан шықты
  • Таңсұлу Лакова: “Қызымның қайғысын қызметімнің көмегімен көтердім”
  • Аналар үйінің тұрғындары компьютер үйренді
  • Ақтөбенің “бас құдағиы”: Бәрі жақсы болады!
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге