Қазақ қыздары хиджап киген бе?

    Қазақ қыздары хиджап киген бе?

    Білім алушылардың мектеп формасын сақтауы туралы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы мектеп пен діндар ата-аналар арасында дау туғызды. Мамандар мұндай мәселенің туындауына қазақтың ұлттық киімдерінің жеткілікті дәрежеде насихатталмай отырғаны себеп болып отыр дейді. Сарапшылар хиджабтың саяси мәселенің біріне айналып кеткенін айтады. Оны шешудің жолы – ұлттық киімді қайта қалпына келтіру дейді.

    Қазақтың ұлттық киімдерін зерттеумен айналысып жүрген этнограф Халиолла Ахметжан қазақ – өзінің ұлттық киімдерін кию дәстүрін жоғалтқан халықтың бірі дейді. Ол ұлттық киімдердің дер кезінде зерттеліп, замануи үлгіде халыққа ұсынылмағандығының кесірінен дін жолына түскен қыздарымыз арабтың киімін киюге мәжбүр болып жүр деген пікірде.
    - Қазақ – мұсылман халықтардың бірі болғандықтан, ежелден әйел заты етек жеңін жинап, жауып жүрген. Дәл бүгінгідей ашық-шашық киім киген емес. Алайда дәл қазақ халқы секілді ұлттық мәдениетін жоғалтқан халық жоқ. Қазақтың бойына біткен еліктегіш қасиет ұлттық құндылықтарға, ұлттық киімге деген қызығушылықты жойып жіберді десе болады. Мысалы, өзбек, түрікмен ағайындарды алсақ, ұлттық киімге деген құрметтерін жоғары сақтаған. Ал қазақтың өзінің ұлттық киімі қолға алынбай, ұмыт қалғандығынан діндар отбасындағы қыз-келіншектер етек-жеңін жабу үшін арабтың киіміне қол созды. Оның нәтижесі бүгінгі шиеленіске әкеп соқты, – дейді Халиолла Ахметжан.

    Ұлттық киімді дұрыс қолдана білу керек
    Сонымен қатар Халиолла Ахметжан қазір Еуропа мәдениетіне бой алдырған жастардың санасына ұлттық киім туралы түсінікті, құрметті, мақтанышты сіңіру үшін көп жыл керек дейді.
    - Жалпы хиджаб пен қазақтың ұлттық киімінің атқаратын қызметі бір. Бірақ хиджаб – арабтың киімі. Ал қазақтың өзіне жарасымды киімдері жеткілікті. Тек оны дұрыс қолдана білу керек. Ал қыз-келіншектеріміз арабтың киімін киіп, адаспаулары үшін, өзіміздің ұлттық киімдерді ұсынуымыз қажет. Олардың әуретті жерін жа-уып жүргендері дұрыс. Шынымды айтсам, көшеде ашық-шашық жүрген қыздардан өзім ұяламын,- дейді ол.
    Қазақ әйелдері ешқашан шаштарын жайып, жалаңбас жүрмеген. Егер шашын жайса, үйінде бір қайғылы оқиға болған деп түсінген. Олар үшін шашты жинап, орамал тағу – тазалықтың белгісіндей қабылданған.
    - Бізде ұлттық киімді әлеуметтік статусына қарай киген. Сол киімдердің түр-түсіне, оған салынған ою мен кестелеріне қарап, қай жақтың тумасы, қай рудың адамы екені ажырататын болған. Ал жаулыққа қарап, әйелдің жасын білген. Кимешектің кестесіне қарап, бала санын білген. Ал ер адамдарды бас киіміне қарап ажырататын болған. Қай заман болмасын адамның сырт киімі – үйге ұсталған перде секілді. Оны адам тоңғаннан немесе сәндік үшін ғана кимеу керек. Киім адамды сырттағы зұлым күштерден, тіл-көзден сақтайды. Қазақ неге жаңа түскен келіннің бетін орамалмен бүркейді? Өйткені сұқтанған көзден, артық ауыз сөзден сақтау үшін жасалатын ырым, – дейді этнограф.

    Ұлттық киім кино арқылы насихатталады
    Қазақтың ұлттық киімін насихаттайтын ең күшті құралдың бірі – телеарна. Қазақ жастары телеарналардан кәріс киносын көріп, сол жақтың жастары секілді шаштарын қысқартса, енді бірі олардың киім үлгісін сәнге айналдырды. Халиолла Ахметжан қазақтың тарихи киноларында ұлттық киімді жарқыратып көрсете алмайтындарын айтады.
    - Тарихи киноларды түсірерде алдымен ұлттық киімді жан–жақты зерттеу керек. Ол – ұлттық киімді насихаттаудың құралы. Кино түсірушілер ешқашан этнографтармен кеңескен емес. Ондағы киім түсінің өзі адамның еңсесін басып тұрады. Мысалы, "Жаужүрек мың бала" фильмінде бас киім, шапан түстері де дұрыс таңдалмаған. Тек қазақ хандығы жайлы түсірілген фильмде ұлттық киімді өте ұтымды қолданғанын көрдім. Мен тіпті премьерасына әдейі бардым. Сондай көңілім толып қайтты. Қазақтың бай тарихын көрсеткен.

    Қазақ әйелдері жалаңбас жүрмеген
    – Қазақ қыздары жастайынан жалаңбас жүрмеген. Кішкене кезінен оларға жай тақия кигізсе, одан кейін үкілі тақия киген. Қазақтар үкіні қасиетті құс санайды. Оның қауырсынын тіл-көзден сақтану үшін қолданған. Тіпті ұзатылып бара жатқан қыздың басындағы сәукелеге, шымылдығына таққан. Қыз өз жұртына келін болып түскен соң, өзінің жолын берсін деген ниетпен басындағы үкісін өз сіңлісіне берген. Бір айта кетерлігі, үкіні тек қыздар ғана емес, сал-серілер де бөркіне таққан. Соған қарап, сері екені аңғартатын болған. Бірақ қазір әртістердің өзі басына 40 см болатын үкі тағып, сахнаға шығады. Ал үкі – кішкентай құс. Оның ең бойшаңының тұрқы 10 сантиметрдей ғана болады. Ал қыздар келін болып түскен соң, бастарынан орамалын тастамаған. Біріншіден, орамал оның босаға аттап, келін болғанын аңғартса, екіншіден, тазалықтың белгісі. Өйткені пісірген асы адал болады, – дейді этнограф.

    Қазақша киімнің үлгілері көп
    Әйелдер киетін ұлттық киімдердің нұсқаларын әр ру өзінің орналасқан жеріне қарай әр түрлі етіп тіккен. Сондықтан олардың киімінің үлгілерін бір-бірінен ажырату оңай болған. Яғни қыздардың киімі: ашық түсті матадан тігілген, көйлегінің белі бүрмелі болған, етек-жеңіне екі-үш қатар желбіршектер салынған, қос етек болған, камзол етегіне, өңіріне оқа не әшекейлі кестені тігіліп, басына үкілі тақияны, аяғына биік өкшелі етікті киіп, қапсырмалы белдікпен буынатын болған. Ал қыздар бойжеткенге дейін бастарына күміс шытыра тағып, үкілі тақия киіп жүрген. Тақияның дөңгелек, шашақ төбе, найзағай сияқты бірнеше түрлері бар. Қыздар қос етек көйлек киіп, барқыттан тіккен кеудеше, мойындарына қызыл маржан таққан.

    Діни басқарма берген кеңес
    Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы шариғат бойынша қыз балалардың балиғат жасына 9 жаста емес, 15 жаста толатынын мәлімдеген болатын. Сол себепті дін жолында жүрген адамдарға мектеп жасындағы қыздарына орамал таққызбауға кеңес беріп отыр. Ал Білім Министрлігі ресми түрде мектепте орамал тағуға шектеу қойғандықтан, мектеп тәртібіне түсіністікпен қарауын сұраған еді. Сонымен қатар Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбев "хиджаб киетін оқушылар ата-аналарының бірігіп мектеп ашып алуына құқы бар" деп мәлімдеді.

    Хиджаб мәселесін Діни басқарма шеше алады
    Алайда философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай хиджаб кию мәселесін билік өкілдері саясиландырып жіберді дейді. Оның айтуынша, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы Білім министрлігімен тығыз жұмыс жасаса, оның шешімін табуға болатын еді.
    - Менің ойымша, Діни басқарма орамал тағудың, ұлттық киімді киюдің өзіндік бір тәртібін енгізіп, ұсынса оны билік те қолдайтын еді. Демек ұлттық құндылықтар тұрғысынан шешуге болады. Дін жолын ұстанған адамдармен де, білім министрлігімен де діни басқарма арасында ешқандай байланыс жоқ. Бұл – жан-жақты шешілетін мәселе. Дін жолында жүрген адамдар қыздарын хиджаб кигізіп, мектепте болып жатқан неше түрлі зорлық-зомбылықтан, жаман нәрседен сақтану үшін ұрпақтарын қорғаудың бір жолы ретінде қарастырып отыр. Демек діни фобияға айналып кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта екі ортада балалар зардап шегіп отыр,- дейді этнограф.

    Дін мен дәстүр шатасып кетті
    - Хиджаб – арабтардың киімі болғанмен, өздерінің табиғатына лайық киім. Олар климаты суық жаққа барғанда өздерінің киімдерін кие алмайды ғой. Біздің ұлттық киімдерімізді енгізу арқылы бұл мәселені шешуге болады. Әрі балаларды қоғамдағы жаман нәрседен сақтау үшін діннің құндылықтарын мектепте үйрету керек. Сондықтан бұл мәселені құқықтық жағынан да қарастыру керек. Өйткені мектеп– баланың азамат болып қалыптасуында ең үлкен рөл атқаратын мекеме. Олар білім алып қана қоймай, физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қалыптасатын уақыттары мектепте өтеді. Ал жеке мектеп ашу туралы ұсыныс – дұрыс шешім емес. Онда дінге сенетіндер мен сенбейтіндер деп бөліп тастау деген сөз. Сондықтан ұлттық киімді енгізу арқылы бұл мәселені оңай шешуге болады, – дейді Досай Кенжетай.

    Әйел бас киімінің ғұмырнамасы:
    3 жас (нәресте, сәби) – ит тақия, сырма, кепеш тақия;
    5 жастан шыт тақия – сырға тағар ("қыздың сүндеті");
    7-13 жас – үкілі тақия, тепеш, жұрынды бөрік (төрт сай, шошақ төбелі) топы, көз тәті, үлбірлі үкілеген жаннат бөрік;
    13-тен кейін (бір мүшел) отау иесі – сораба, жанатпен жиектелген қауырсын қадаған дәрежелі қарқара бөрік;
    25 жас (екінші мүшел) – сәт құндызды салтанатты тәж сәукеле, зерленген шашақты қасаба;
    37 жас (үшінші мүшел) – кимешек. Кимешекке қосымша бөлшектердің атаулары: шылауыш, бұрмаша жаулық, сәлде, күндік, құндық бөрік, шыт байлама, желек, салы (шәлі);
    49 жаста (төртінші мүшел) сән – салтанаты биязылау кимешекке қатысты қосымшалардың бәрін қолдануға болады;
    61-73 жас аралықтары кейуана деңгейіне жатады. Бұл кезеңде баскиімнің жеңілдеу жалаң кимешек, иекше, байлауыш түрлерін киген лайық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “орамал дауына” қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті
  • Министр: Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы
  • Білім саласының басшыларына Ашық хат
  • Ақтөбелік студенттер бір ай бойы ұлттық киім киеді
  • Ләззат Оразбаева: оқушылар орамал таққанмен, хиджаб кимейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге