Студенттері жиі заң бұзатын ақтөбелік оқу орны анықталды

    Студенттер арасындағы құқық бұзушылық әлі күнге толастамай келеді. Дегенмен жатақханада тұратын студенттер тәртіпті тұрақты түрде сақтайды екен. «Керек.info» тілшісі ювеналдық полиция инспекторларымен бірге рейдтік тексеруге шықты.

    Қалада "Студент" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Полиция инспекторлары бір аптаның ішінде жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерді түгел аралап, колледж студенттерінің тұрмысымен танысып шықты. Осындай рейд Ломоносов көшесінде өтті. Ломоносов көшесіндегі пәтерлердің бірін "Болашақ" колледжінде оқитын студент қыз жалдайды. Инспекторлар бүгін оның кіммен, қалай тұратынын білу үшін есігін қақты. Жансая Есенгелдина бұл пәтерді апасымен бірге жалдайды екен. Ата-анасы Шұбарда. Үйге апта сайын барып тұрамын дейді бойжеткен. Колледждің екінші курсында оқитын қыз баланың сабақ үлгерімі жақсы, өзі спортпен айналысады. Елек полиция бөлімінің аға инспекторы Ботакөз Жалекешова Жансаямен әңгімелесті. "Студент" жедел алдын-алу шарасы Ақтөбеде ақпанның 20-нан бері жүріп жатыр. Ертең соңғы күн. Инспекторлар қаладағы барлық жатақханалар мен студенттер жалдайтын пәтерлерді қарап шыққан. Қалада колледждерде оқитын 21182 студент бар. 1972 студент жатақханада тұрады. 2060-ы пәтер жалдайды. Бұл жастар инспекторлардың бақылауында.
    Іс-шараның мақсаты – студенттер тұратын жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерді қадағалау. Тұрғын – үй тұрмыстық шарттарын тексеру. Сондай-ақ сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру. Ювеналдық полиция инспекторлары оқытушылармен бірге жалдамалы пәтер мен жатақханада тұратын колледж оқушыларының жағдайларын тексеру кезінде оқу орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    - Осындай жедел тексерулер үнемі келіп тұрады. Студенттердің тәртіптерін қадағалап, құқық бұзушылыққа жол бермеудің алдын алудамыз. Қазақ гуманитарлық – заң колледж жатақханасында 80 студентке арналған орын бар. Бірақ аудандардан және өзге де облыстардан келген 52 студент осында тұрып жатыр. Құқық бұзылушылық жатақханада ұлдар арасында да, қыздар арасында да болған емес. Себебі іште үнемі бақылауда меңгерушіміз, тәрбиешіміз болады. Кешкі 22:00-де жатақхана есігі жабылады. Астында күзетшіміз барлығын бақылауда ұстайды. Жеке меншік оқу орны болса да барлығы тәртіппен жүргізіледі. Студенттерге барлық жағдай жасалған,-дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болат Ерғазиев.
    Студенттердің айтуы бо-йынша да барлық ережелерді сақтайтындарын айтуда. Ювеналдық полиция инспекторы тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрады екен. Жатақхана жағдайы студенттердің көңілінен шыққанымен, электр қуаттағыштардың істен шыққандығы ұнамайды екен.
    - Әзірге студенттер арасында ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ. Ақтөбе гуманитарлық және заң колледжінің студенттерін үнемі бақылауда ұстаймын. Үнемі осы оқу орындарына келіп, студенттерге құқықтық тексеру шараларын жүргіземін. Өткен жылы бір-екі рет түнгі уақытта жүрген студенттер ұсталғаны бар,-дейді қазақ гуманитарлық – заң колледжінің инспекторы Азамат Мырзакелиев.
    Көп жағдайларда студенттер кешкі уақыттарда ұсталып жатады. Кәмелет жасқа толмағандарға ата-анасынсыз немесе заңды өкілінсіз көшеде жүруге тиым салынған. Бірақ, осы тұрғыда ұсталатын жастар жетерлік.
    - Әсіресе жастар көп жиналатын ойын – сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстары кезінде ұсталады. Осыған дейін «түнгі қаладағы балалар», «демалыс», «жасөспірім қауіпсіздігі» сияқты жедел алдын алу шаралары жүргізілді. Ең көп құқық бұзушылық орта оқу орындарының ішінде Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студентері арасында болып тұрады,-дейді ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Нұргүл Жолдыбаева.
    Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшысы Ботагөз Бисенова тексеру барысында барлық студенттен жеке-жеке жауап алды. Ақтөбе политехникалық колледж жатақханасының студенттері өздерінің инспекторы Марғұлан Елданазаровтың үнемі тексеру жүргізетіндігіне қуанады. Сол себепті де студенттер арасында тәртіп бұзушылық әлі күнге дейін болмағанына риза.
    Айта кетейік, бір ғана 14 ақпан күні 86 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған болатын. Түнгі қалада жүрген балаларға жедел алдын алу шарасы барысында 14 кәмелетке толмаған жасөспірімдер тіркелді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік 14 ата-ана баласына қарамағаны үшін жауапқа тартылды
  • Ақтөбеліктер саяжайларда тіркеу құжатынсыз тұрып жатыр
  • Ақтөбелік студенттер тәртіпті қадағалайтын болады
  • Намаз оқитын оқушылар есепке алына ма?
  • Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейген
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге