Назарбаев мектебіндегі төбелестің себебі анықталды

    Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім мен оқушының арасындағы жанжалдың неден туындағаны белгілі болды. Мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжің туралы оқу орны басшылығының айтқысы жоқ. Дегенмен, осы білім ордасына жақындығы бар дереккөздер біраз жайтты тарқатты.

    - Оған мектептегі махаббат оқиғасы себеп. Оқушы қыздан мұғалімі неліктен кешіге беретінін сұраса керек. Оны білген жігіті мұғалімге шүйліксе керек. Оңаша шығарып алып, сөйлеспек болады. Арты қол жұмсауға дейін барады, — деп хабарлады сенімді дереккөз.

    Келесі күні әлгі 19 жастағы 12 сыныптың оқушысының құрдасы да мұғаліммен сөзге келіп қалады. Онысы тіпті бейнекамераға жазылып қалған деседі. Бір оқушыны мұғалімдер жағы дауыс беріп, «қашықтықтан оқыту» бөлімінде қалдыру керек деп шешеді. Екінші оқушы өз еркімен арыз жазып, мектептен кетеді. Өкінішке қарай, мектеп директоры бұл жайтқа қатысты мардымды ештеңе айтпай отыр.

    - Мен ештеңе айта алмаймын. Бұл мәселе әлі шешімін таппады. Келесі апта белгілі болады. Біз филиалмыз. Интернетте шулап жатқандай, үлкен мәселе емес. Мұғалім мен оқушының арасындағы келіспеушілік сол күні-ақ шешілді. Екеуара келісімге келді. Ондай шу шығаратындай мәселе болмады, — дейді Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сабыржан Сәдуақасов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • МҰҒАЛІМ ОҚУШЫНЫҢ МИЫН ШАЙҚАП ҚОЙДЫ
  • Мұғалім оқушының миын шайқап қойды
  • Ата-ана мұғалім мен мектептен 3 млн теңге талап етіп отыр
  • Мұғалімі алып қашпақ болған оқушы қыз ҰБТ тапсырады
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге