Әліпби әлі өзгере ме?

    Әліпби әлі өзгере ме?

    Әліпби өзгерту шынымен де ел болып қаралған мәселе болды деп айтуға болады. Енді халықтың жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне, тіл, дін, жер, сайлау, әділ басқаруға байланысты мәселелер де осылай шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді...

    Zakon.kz сайтының Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып: "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпанында "ҚР Президентінің 2017 жылдың 26 қазанындағы "Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы" №569 Жарлығына өзгеріс енгізу жөніндегі жаңа №637 жарлыққа қол қойды" деп хабарлағанына да біраз уақыт өтті. Осы тақырып бойынша қаламыздағы фонетист-ғалым Нұрбол Садуақасқа хабарластық. Ол өзіне тікелей қатысы бар мәселемен танысып, әліпбидің жаңа нұсқасына байланысты өзіндік тұжырымын да жасап қойған екен.

    Әлі де жетілдіре түсу қажет
    - Әліпбидің бұрынғы нұсқасын талқылау барысында, оның жетілдіре түсер тұсы ретінде, мүмкін болғанша, апос-троф санын қысқартып, қазақтың төл дыбыстарын, шама келгенше, дәйекшесіз берілетін әріптермен таңбалауға назар аударған жөн деген ой білдірген едік. Себебі, жазуымыздың өткен тарихында дәйекші ұтымды жол болса, қазіргі жаһандану заманында, көптілділік бәсекесінде, адамның тез жазуға сұранысы өскен қазіргі кезеңде, апострофтың тиімсіз тұстары да болады. Сондықтан дәйекшімен берілетін әріптерді әлі де қарап, жетілдіре түсуге уақыт та, мүмкіндік те бар екенін айтқанбыз,- дейді ол.
    Өзгеріс енгізілген бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Дәйекші қолдану нәтижесінде тіліміздегі барлық дыбыстарды да қалдырмай таңбалау мүмкін болған.
    - Әліпбидің бұл нұсқасында да бұрынғысынша 32 әріп алынған. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч), және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh - [х], [h] және I-[и], [й] – барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Әліпбидегі 6 дыбыс апостроф арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) және екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч], Sh [Ш]). Бұл жолы алдыңғы бекітілген әліпбиден екі дыбыстың әріптері өзгертіліп, диграфпен таңбаланған (Ch/ch - [Ч] және Sh/sh- [Ш] ). Кезінде профессор Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде «Ш» дыбысын таңбалау үшін латынның «С» әрпін қолданған еді. Әліпбидің бұрынғы нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы апострофсыз таңбаланған екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і» және «и, й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай жазуда қиындық келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, ең алғашқы талқылауларда сынға алынған диграф тағы да екі
    дыбысты таңбалау үшін қайта алынып тұр. Бұл жағдай жазуымызды қиындата түсетіні жасырын емес. Албір әріппен екі түрлі дыбысты таңбалауға алынған Hh - [х], [h] және I - [и], [й] әріптерімен қалай жазу керектігі де болашақта жазу емлесінде анықталуы тиіс. Сондықтан бұл әліпбиді де жетілдіре түсу қажет деп ойлаймыз, - деді ғалым.

    “Үйреніп кетерміз”
    «Орыс әріптерімен жазылған бұрынғы кітаптардың жайы не болмақ?» деген оймен С.Бәйішов атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына барғанымызда, библиограф Дидар Рахимова мынадай пікірін білдірді.
    - Баспасөз материалдарынан оқып отырмыз. Елбасы көтерген бұл мәселенің толық жүзеге асуын өз басым қолдаймын. Енді кітап мәселесіне келсек. Орыс әліпбиімен жазылған кітаптар қорда сақталады. Ал оларды латын әрпіне қайта көшіру, менің ойымша, көп уақытты талап ететін сияқты. Ал оларды латын әрпіне көшіру жұмысын еліміздің кітапханалары істей ме, жоқ па – онысын білмедім.Өзім латын әліпбиімен жазылған смс хабарламаларды жобалап оқимын. Алайда, түсінбей қасымдағы жастарға оқытып алып жататын кездерім жиі болады. Демек, латынмен жазылған көлемді шығармаларды оқи алмайтын шығармын (күліп). Үйреніп кетерміз. Орта жастағылар мен үлкендер үшін қиын болатын шығар, бірақ жастарға қиындық тудырмайтынына сенімдімін. Өйткені кішкентай балаға дейін қазір тез қағып алады ғой,- дейді ол.

    ІТ саласында мәселе туындауы мүмкін
    90-жылдары қазаққа ғана тән әріптерімізді компьютерден таба алмай, мамандарына жүгінгенімізді, төл таңбаларымыз енгізілген арнайы әліппе папкасын компьютер жүйесіне жүктеуге мәжбүр болған кездерімізді еске түсірдік. «Тағы да осындай болмас па екен?» деп, информатика пәнінің мұғалімі Айболат Назаровтан сұрадық.
    - Әріпті бөлек, апострофты бөлек саламыз ба, әлде компьютердегі символ ішіндегі таңбалар пернетақтаға енгізіле ме? Ол кодировкаға байланысты. Үстінде дайын нүктесі бар әріптер – спецификалық таңбалар. Ол юникодтың ішіне кіреді. Түркітілдес елдер алфавитінің ішінен тауып алып пайдаланбаса, пернетақтаға енгізу үшін әріптердің орналасуын өзгерту керек болады. Менің ойымша, ол кішкене қиындық тудыратын сияқты. Негізі, жеке әріп ретінде қосу қиындау болады. Себебі компьютерге кириллицадағы қазақтың өзіне тән әріптерді қосудың өзі біраз қиындық тудырды. Әріптерді беру жүйесінің ішінде ол өзіндік бір реттік нөмірмен белгіленеді. Сонда қазақы әріптердің бәрін бір жерге салып жіберген, сол себепті басқа бағдарламаларды пайдаланып ашқан кезде олар қисайып, өзгеріп, дұрыс көрінбей қалады. Мұнда да сондай мәселе болуы мүмкін. Сондықтан қиындықты азайту үшін әріпті бір түймемен, нүктесін екінші түймемен салу керек болады. Кириллицаны латынға ауыстырғанмен мәселе шешілмейді. Спецификалық символдарды дайын әріп ретінде қосу үшін белгілі бір тілдің негізінде жасалу керек. Қысқасы, операциялық жүйелердің барлығын жаңғырту қажет болады. Ал қала орталығынан алыс, ауылдық жерлердегі компьютерлердің жағдайы белгілі. Олар ескі күйінде бірнеше жыл тұрады,- дейді маман.
    Қандай өзгерістер болса да, барлығының алдымен психологияға әсер ететіні анық. Және адамның жас шамасына, білімі мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай ықпалы да әртүрлі. Психологтардың барлығы дерлік жастар мен балалардың тез үйреніп кететінін алға тартады.
    -Қиындықтар жеке бас ерекшеліктеріне қарай туындауы мүмкін. Айтарлықтай қиындық орта жастағылар мен одан үлкендер арасында көптеп кездесуі мүмкін. Ең бастысы – психологиялық кедергіні жеңу керек. Алайда бұл – ұзақ процесс. Сондықтан да орта буын өкілдеріне дағдылануға уақыт қажет. Кез келген мәселені шешуде уақыт керектігі белгілі, бұл да уақытша қиындық келтіреді. Барлық буын өкілдерінің жас ерекшеліктері ескеріле отырып, түсіндіру жұмыстары тиімді түрде жасалуы тиіс,- дейді психолог мамандар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кештеу еленген еңбек немесе ештен кеш жақсы
  • Сауалнама қорытындысы: Ақтөбеліктердің 80 пайызы латынға көшуді қолдайды
  • “Керек.info” латын алфавитіне эксперимент жасады
  • Латын әрпіне көшу бізге не береді?
  • Чаттардағы “сәнді” тіл
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге