Ақтөбеде мұнай құбырындағы “апат” жойылды

    Ақтөбеде мұнай құбыры жарылып, бір адам зардап шекті. Авариялық -құтқару қызметінің мамандары осындай сценариймен оқу-жаттығу өткізді.

    Ақтөбедегі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі өңірдегі 20-дан астам кен орынының қауіпсіздігін бақылайды. Қазір мекемеде 120 адам жұмыс істейді. Олар кен орнындағы апаттың алдын алып, төтенше жағдайдың салдарын жояды. Жалпы, шартты апатты жою жұмыстары қызық жағдайда өтті. Құбырдан мұнай төгіліп, апат болғанын тек ойша елестетесің. От шығып, түтіндегені де байқалмайды. Құтқарушылардың қимылы да баяу. Мұны ұйымдастырушылар жаттығудың қыста өтіп жатқандығымен және арнайы құтқару әдісімен түсіндірді. Құтқарушыларға тыныс алу аппаратын тағып, арнайы ауыр киім кигендіктен, жүгіруге болмайды екен. Өйткені байқаусызда аяғы шалынып кетсе, жағдай одан са-йын қиындап кетуі мүмкін.
    - Мұндай кезде жұмыс жасау қиынға түседі. Әрі арнайы құрылғылармен жұмыс істеп, баяу қимылдауға тура келеді. Өйткені мұнай шашыраған кезде жер өте тайғақ болады. Құтқарушылардың қолынан абайсызда бірнәрсе түсіп кетсе, от ұшқындап, өрт болуы мүмкін, -1 взвод командирі Владимир Рагудский.
    Ақтөбе облысында мұндай оқиға 2016 жылдың желтоқсанында тіркеліпті. Ойыл ауданындағы Құбасай кен орнында ұңғымадан мұнай атқылаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген көрінеді. Құтқарушылар төтенше жағдайға толық дайын екендіктерін айтады.
    -Жаттығу арнайы бағдарлама бойынша, апта сайын өткізіледі.Сол себепті құтқарушылар қандай жағдайға да дайын. Сценарий бойынша, мұнай ұңғымасында апат болып, бір адам зардап шекті. Төтенше жағдайды жоюға екі звено жұмылдырылды. Олар зардап шегушіні құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті, -дейді Ақтөбедегі кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің инженері Асланбек Иманбаев.
    Мамандар төтенше жағдайлардың көбіне адами фактор мен техникалық ақаулардың салдарынан болатындығын айтып отыр. Қазір көршілес Атырау облысының Матин кен орнында да газ құбыры жарылып, апат болып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жол апатынан үш бала зардап шекті
  • Ақтөбе төтенше жағдайға дайын
  • Құтқарушылардың кәсіби мерекесі тойланды
  • Саяжайдағы жарылыс кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” слесары зардап шекті
  • Жарылыстан екі адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге